Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (17)

Мақтаншақ кісі - менмен кісі,
Менмендік - адамның міні.

Ілмектер: мақтаншақтық, менмендік Жүсіпбек Аймауытов

Барлық мақтаншақтардың басына туар күн: ерте ме, кеш пе, әйтеуір сөзсіз арандайды.

Ілмектер: мақтаншақтық Уильям Шекспир

Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.

Ілмектер: мақтаншақтық, адам Франсуа де Ларошфуко

Өзін өзі мақтау адамды кемітеді.

Ілмектер: мақтаншақтық Мигель де Сервантес

Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.

Ілмектер: нәпсі, өзімшілдік, мақтаншақтық, әдет, жаман Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.

Ілмектер: жалқаулық, мінез, ашу, мақтаншақтық, көрсеқызар, арам, өтірік, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.

Ілмектер: ақымақ, ақымақтық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, дос Пьер де Бомарше

Өзіне-өзі масаттану мен өзін-өзі дәріптеу – бақытсыздық, ол қасиеттер адамды ақымақ жасайды.

Ілмектер: мақтаншақтық, масаттану Карл Либкнехт

Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық, ұят Николай Шелгунов

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.

Ілмектер: алтын, мақтаншақтық Пифагор

Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс.

Ілмектер: мақтаншақтық Ян Амос Коменский

Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады.

Ілмектер: өркөкірек, мақтаншақтық, нақыл сөздер, ұлағатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

Ілмектер: ғылым, мақтаншақтық, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын.

Ілмектер: мақтаншақтық, атаққұмарлық Ричард Шеридан

Адамдар біздің кісіліктерімізге сенсін дейсіз бе? Ендеше, оларды айтып мақтанбаңыз.

Ілмектер: кісілік, мақтаншақтық Блез Паскаль

Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал — қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Ілмектер: әділдік, мақтаншақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мақтаныш жете ойланбаудан әрі өзін өзі білмеуден болады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық Джозеф Аддисон