Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (21)

Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.

Ілмектер: нәпсі, мінез, тіл Абай Құнанбайұлы

Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.

Ілмектер: нәпсі, өзімшілдік, мақтаншақтық, әдет, жаман Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,
Нәпсі ұнаса болғаны - бәрі бітпек.
Тәуекел деп ат қойып ықтималға,
Байлауы жоқ нәрседен пайда күткен.

Ілмектер: адамгершілік, қазақ, нәпсі, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Нәпсіне ерген адам адасады. Енді жатса да, тұрса да оның жолдасы шайтан болады.

Ілмектер: нәпсі, шайтан, нақыл, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи

Жүрек сұлтан нәпсіге.

Ілмектер: жүрек, нәпсі, сұлтан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Тоқтау — сабыр лайық нәпсі тиып.

Ілмектер: тоқтау, сабыр, нәпсі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Нәпсі — дария.

Ілмектер: нәпсі, дария, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Күнделікті өмірде кездесетін мағынасыз дөрекілік пен зіл тұншығыс және нәпсінің қайталанбалы ажырғысы адамды көркемөнер мен философияға талпындырады.

Ілмектер: өмір, дөрекілік, нәпсі, көркемөнер, философия Артур Шопенгауэр

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Ілмектер: ар, мал, дүние, нәпсі, Қулық, сұмдық, ұрлық, маза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы, Абай, ұлы абай Абай Құнанбайұлы

Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын,
Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.

Ілмектер: Адам, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі, дұшпан, өсиет Асан қайғы

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Ілмектер: Ғашықтық, құмарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі Абай Құнанбайұлы

Бар пәле нәпсіқұмарлықта.

Ілмектер: нәпсі, құмарлық, пәле, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Нәпсі аңсары дегеніміз нәсілге (түрге) пайдалы құндылықты өз жеке басына да пайдалы деп есептейтін алдамшы сезім. Нәсілдік мақсат орындалғанда елес құштарлық сейіледі де, жеке өзінің нәсілге алданғанын сезіп құлазиды. Нәсілдік әрекет, мысалы ұрықтандыру орындалғанда босау мен әлсіреу пайда болады, көп санды жәндіктер дереу өледі.

Ілмектер: нәпсі, сезім, құштарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды.

Ілмектер: адам, нәпсі, құл Әлихан Бөкейханов

Билік адамды азғырады, ал абсолютті билік оны абсолютті түрде азғырады.

Ілмектер: билік, адам, азғыру, Қоғам, нәпсі Джон Дальберг-Актон

Жалпы тізгінді шамадан тыс жанға не тәнге беруге болмайды. Бұл екеуі бірігіп нәпсіні құрайды. Өз қажеттіліктеріңізді ғана қанағаттандыру бұл ақиқатқа бастайтын жол емес.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тізгін, жан, тән, нәпсі, қажеттілік, қанағат, ақиқат Нарша Булгакбаев

Жұмақта нәпсімізге зияндық жоқ, бұл өмірде нәпсімізге зияндық көп.

Ілмектер: жұмақ, нәпсі, зиян, Өмір, дүние Нарша Булгакбаев

Құмарлық — нәпсі құлы.

Ілмектер: Құмарлық, нәпсі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Көңіл — арсыз, нәпсі — мешкей, жетегіне жүре берсең қатарсың сеспей.

Ілмектер: көңіл, ар, нәпсі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мешкей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Рух деп тәнінен айырылып қалған нәпсіні айтады.

Ілмектер: Рух, тән, нәпсі, жан Нарша Булгакбаев