Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (68) Өлеңдер (4) Жоспарлар (8) Ұлағатты сөздер (5)

Біздің жастарымыз төзімді, батыл болып өсуі керек, олар тек барлық футбол матчтарына баруға ынталанып және барлық рекордсмендердің аттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануы керек.

Ілмектер: спорт, дене шынықтыру, футбол Антон Макаренко

Спорт – оптимистік мәдениетті, сергектік мәдениетін қалыптастыру.

Ілмектер: спорт, нақыл, афоризм Анатолий Луначарский

Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.

Ілмектер: дене шынықтыру, спорт, оқу, білім, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Гимнастика адамның жастық шағын ұзартады.

Ілмектер: гимнастика, спорт, адам, жастық шақ, нақыл, афоризм Джон Локк

Спорт - бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт - үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың.

Ілмектер: Спорт, қызық, өмір, табыс, жеңіліс, қорқынышты, жеңіс, сенім, жаттығу, терлеу, лифт, баспалдақ, тәрбие, мектеп, тырысу, қиналу, қуану, қуаныш, мақтану, мақтаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев