Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (74) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (27) Әзіл, анекдоттар (1)

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.

Ілмектер: өтірік, сыпайылық, сыр, тәрбиелі Антон Чехов

...сылқитып ішіп алған адам сыр да сақтамайды, уәдесін де орындамайды.

Ілмектер: уәде, адам, арақ, сыр Мигель де Сервантес

Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық.

Ілмектер: сыр, ақымақ Франсуа Вольтер

Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.

Ілмектер: дос, сыр Абай Құнанбайұлы

Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.

Ілмектер: сыр, сөз, сыр сақтау Бауыржан Момышұлы

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Ілмектер: ойын, күлкі, сыр, сымбат Абай Құнанбайұлы

Кей адам күлкісімен әбден сыр алдырып қояды, сіз табан астында оның бүкіл қатпар-қалтарыстарын біліп аласыз. Тіпті даусыз ақылды күлкі де кейде жиіркенішті болады. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Ілмектер: күлкі, адам, сыр Федор Достоевский

Пышағыңды мұқалтпа, не кеспесті біліпсің?!
Бейтанысқа сыр айтпа, не деспесті біліпсің?!

Ілмектер: сыр, пышақ Жабайұлы Тоқсан би

Махаббаттан мың түрлі сыр туады.

Ілмектер: сыр, махаббат, нақыл, афоризм Әл-Хорезми

Қасыңның қасына да сыр ашпа.

Ілмектер: дұшпан, қас, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Құтып

Ашу үстінде өзіне аманат етілген сырды айтып қойған адам төмен дәрежедегі адам болып саналады.

Ілмектер: ашу, сыр, аманат Рабия Адуия

Іштегі сыр — Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ — амал емей немене.

Ілмектер: сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.

Ілмектер: су, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазақ, дау, жолдас, сыр, тәуба Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.

Ілмектер: жаман, сыр, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жақсы жолдас сыр шашпас.

Ілмектер: жолдас, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Сыпайы сырын білдірмес.

Ілмектер: сыпайылық, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.

Ілмектер: дос, сыр, құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Іштегі сыр Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ амал емей немене.

Ілмектер: сыр, Алла, құлақ, амал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Түсiнiксiз көрiнген жақсы емес. Бiрақ сырың мәлiм болу одан да жаман.

Ілмектер: жаман, жақсы, сыр, мәлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин

Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.

Ілмектер: уәзір, хан, қақпан, сыр, аң Майқы би

Пікірлер