Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (14) Мақал-мәтелдер (158) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (1)

Өзің не істесең, алдыңа сол келер.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Әзіз тірлік - білімдіде.

Ілмектер: тірлік, білім Жүсіп Баласағұни

Тірлік кешкен адамның сол тірліктен алып кетері – жат тізені кеудесіне шығармау.

Ілмектер: тірлік, адам, нақыл сөздер Асқар Сүлейменов

Менің тірлігім – үмітімде. Үмітім өз қолымда емес.

Ілмектер: үміт, тірлік Ғабит Мүсірепов

Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады.

Ілмектер: ақыл, адам, жалғыздық, ұнату, даңғаза, тірлік, ақымақ Артур Шопенгауэр

Бірлік бар жерде тірлік бар,
Ру бар жерде бұру бар.

Ілмектер: бірлік, тірлік, ру, жер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Балпық би Балпық би

Көпшiлiгiмiздiң тiрлiгiмiз тарақандiкi сияқты, яғни өмiр бойы жылы жерде отырып, мұртшаларын қимылдату, нан жеп, кiшкене тарақаншаларды қаптату.

Ілмектер: тірлік, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.

Ілмектер: арман, жұлдыз, бағдар, тірлік Лев Толстой

Қу тірліктің бағасын білгің келсе,
Көз қырыңды салып қой қорымдарға!

Ілмектер: тірлік, нақыл, афоризм, қорым, қанатты сөздер Серік Томанов

Тірлікте болғаның — өмір сүргенің,
Бірлікте болғаның — бақытты өмір сүргенің.

Ілмектер: тірлік, бақыт, өмір, бірлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Не батыр, не əулие ғана болуға болады: ортасында даналық емес, күйбең тірлік жатыр.

Ілмектер: батыр, әулие, даналық, тірлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер