Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (151) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (1)

Сананы тұрмыс билейді.

Ілмектер: сана, тұрмыс Цицерон

Өзің не істесең, алдыңа сол келер.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тұрмыс деген тәңір атқан, ұйықтап жатқан айдаһар. Оят тағы, ауызынан, бақ дегенді барып ал!

Ілмектер: бақ, тұрмыс, тіршілік Бернияз Күлеев

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

Ілмектер: тұрмыс, тіл, мінез, халық, афоризм, нақыл Әлихан Бөкейханов

Тұрмыста асыра сілтеп жаратпай, үнемдеу, тұрмыс таршылығынан құтылуға себеп болады.

Ілмектер: тұрмыс, үнемдеу Ариф Ривагари

Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда шындық пен өтірікті ажырата бастадым. Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым.

Ілмектер: жүрек, қалау, өмір, жас, тұрмыс, күмән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Адамның болмысы (ішкі жағдай) болады және оның тұрмыс-тіршілігі (сыртқы жағдай) болады, бірақ біз өкінішке орай сыртқы жағдайымыздың жақсы болу керектігін білеміз, алайда ішкі болмысымыздың мінсіз БОЛУ керек екенін білмейміз. Біз үшін өмірдегі бақыт тек тұрмыс-тіршілікпен өлшенген.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болмыс, тұрмыс, тіршілік, жағдай, бақыт Нарша Булгакбаев

Ерді намыс өлтіреді деген рас сөз. Ауыр тұрмыс адамның тауын шағып, мұқатады екен.

Ілмектер: Ер, намыс, тұрмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев

Сіз ақыреттік сауапты амалдарды да, дүние тұрмыс-тіршілігін де – тек бір ғана өмірде жасай аласыз – ол "Дүние" деп аталатын осы өмір. Екі өмірді (дүние мен ақырет) біртұтас, үйлесімде екенін өз-өзіңізге дәлелдеу үшін, екеуін қатар сүйіп, ең бастысы бірі себеп екіншісі салдары екенін түсінсеңіз жетіп жатыр.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақырет, сауап, амал, дүние, тұрмыс, тіршілік, Өмір, түсінік Нарша Булгакбаев

Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де солай адастырып жатырмыз. Бізге түк қатысы жоқ, зияны көп ақпаратты қабылдау, оған құл болу – өмір сүру салтына айналды.

Шарасыздық сезімі, сəтсіздіктер мен көңіл толмаушылық, біздердің – қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді.

Адамзаттың көпшілігі өз проблемаларының шешімін өзі емес сыртқы ортаның шешіп бергенін қалайды, өзіне-өзі толық жеткілікті бола алмаған, өз-өзін еркін қамтамасыз ете алмайды, осының нәтижесінде Құлдық Санаға түсіп қалған, масыл және тәуелді адамдар қаптайды. Бұл гуманизм жолы емес!



Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, тұрмыс, тіршілік, дүние, алдау, сезім, сана, билік, бала, ақпарат, адамзат, қабылдау, өмір сүру, салт, шарасыздық, сәтсіздік, көңіл, Қоғам, тағдыр, құдай, Кінәлау, проблема, шешім, тәуелсіз, адамгершілік, ізгілік, жол, Гуманитарлық, тәуелсіздік, масыл, құлдық сана, Тарих, қоршаған орта Нарша Булгакбаев

Әдебиет — ойдан, ой — тұрмыстағы соқтығыстардан туады.

Ілмектер: Әдебиет, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тұрмыс, тұрмыс Ғабиден Мұстафин

Зат — біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыздың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.

Ілмектер: зат, уақыт, ажал, қорқыныш, тұрмыс, миф Жан Бодрийяр