Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (8) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (15)

Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл.

Ілмектер: мейірім, уайым Конфуций

Уайымнан ләззат алғыңыз келсе жақын досыңызбен оны бөлісіңіз.

Ілмектер: уайым, ләззат, дос Марк Твен

Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.

Ілмектер: Ой, уайым Мұхтар Әуезов

Түзу жүрсең, түңілген жаныңда еңсеңді көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың.

Ілмектер: уайым, сана, ой, түңілу Викентий Вересаев

Cары уайымшыл жастың сүмірейген сиқынан сорақы мұңлы көрініс жоқ.

Ілмектер: уайым, жас, көрініс Марк Твен

Кемшіліктеріңізді ойлап сары уайымға салынбаңыз. Ал өзгелердің кемшін тұсын мүлде ойға алмаңыз. Жақсы қасиеттерді бойыңызға сіңіруге тырысыңыз. Ал кемшіліктеріңізден, қураған жапырақтың үзіліп түсетіні сияқты, уақыты келгенде арыласыз.

Ілмектер: кемшілік, уайым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет, жапырақ Джон Рескин

Уайымсыз өтсем десеңiз,
Ғылым қамын жесеңiз.

Ілмектер: уайым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғылым Әлішер Науаи

Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

Ілмектер: уайым, салғырт, халық, дәулет, ғибрат, ақыл, ар, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Уайым жоқ — сөзің тегін кетпесе, өкініш жоқ — күнің босқа өтпесе.

Ілмектер: Уайым, сөз, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өкініш Жүсіп Баласағұни

Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады.

Ілмектер: уайым, мазасыздық, ертең, бүгін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтауы керек.

Ілмектер: уайым, адам Мұхтар Әуезов

Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ.

Ілмектер: уайым, мәселе, шешім, қайғы Далай-Лама

Адамды алдымен өзінің қажеттіліктерінің төңірегінде ғана қызығу болады, өзінің ауырған тісінің уайымы елдегі аштық пен апаттан зәрлірек.

Ілмектер: адам, қажеттілік, апат, тіс, уайым Дейл Карнеги

Уайым-қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу — антұрғандық.

Ілмектер: Уайым, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, антұрғандық Абай Құнанбайұлы

Уайым-қайғысыздық — жасартады, іспен айналысу — көркейтеді.

Ілмектер: Уайым, қайғы, жас, көркею, іс Роберт Вальзер