Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (14) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы

Ілмектер: әке, шеше, жігіт, жар, сұлу, қыз Әзілхан Нұршайықов

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.

Ілмектер: ана, шеше, мінез, бала, жүрек Ғабит Мүсірепов

Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген — ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.

Ілмектер: әке, өлім, ана, шеше, аға, іні, апа, қарындас Жиренше шешен

Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы — қайғысы, азап соры.

Ілмектер: бала, жақсы, ата-ана, шеше, әке, абырой, жаман, қайғы, азап, сор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,
Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,
Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,
Итке тастау дегенiң осы емес пе?

Ілмектер: арыз, жала, өсек, шеше, ана, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сүйінбай Аронұлы

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де ,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

Ілмектер: мұғалім, ұстаз, әке, шеше, кітап, шәкірт Лев Толстой