Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (16)

Шынын айту керек, азаттық жолы – кедiр-бұдыр, Тәуелсiздiк соқпағы – соқтықпалы. Қиындық көп. Алынар асулар да ауыр. Ынтымағымызды ыдыратпай, бiрлiгiмiздi божыратпай жұмыла бiрiксек, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.
Бұл сөздерiмдi мен ең әуелi өз халқыма – қазақтарға, қала бердi күллi қазақстандықтарға арнап отырмын.
Мен елге сенемiн. Елiм де маған сенедi деп ойлаймын… Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз – ақ.

Ілмектер: тәуелсіздік, ынтымақ, ел, азаттық Нұрсұлтан Назарбаев

Бірлік түбі - береке.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ, татулық, береке Майқы би

Атыңа батса алтын ер — атып ұр да, отқа жақ,
Ынтымақ-үлгі іздесең — қариясы басшы топқа бақ.

Ілмектер: ынтымақ, үлгі, қария Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

Ілмектер: бостандық, ынтымақ Әлихан Бөкейханов

Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.

Ілмектер: үй, қымыз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.

Ілмектер: күн, әділ, әділдік, ынтымақ Майқы би

Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды,
Тартынып шу-шулеткен кісі оңбайды.

Ілмектер: ынтымақ Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қарасаңдаршы,
Қаншама достан айырылдық...
Біріміз нағыз,
Біріміз жалған қайғырдық...
Тазалайықшы,
Ынтымақ деген айдынды.
Қалыпқа түспей тұрғанымызда маймылдық...

Ілмектер: Адамдар, ынтымақ, нақыл Мұқағали Мақатаев

Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.
Көнбейді жаман адам ынтымаққа,
Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Ілмектер: пайда, ынтымақ, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.

Ілмектер: әділдік, хан, ынтымақ Майқы би

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

— Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.
Сонда. Төле бала:
— Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. — Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, — депті.

Ілмектер: ынтымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дау, дау, ел Төле би Әлібекұлы

Тауларды аласартпай - даланы биіктетейік.

Ілмектер: тау, дала, биік, ынтымақ, бірлік Олжас Сүлейменов

Қазір - ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Ілмектер: ынтымақ, іскерлік, өмір, адам Нұрсұлтан Назарбаев

Әскери бөлімнің күші жауынгерлік достық пен жолдастық бірлікте, ынтымақта.

Ілмектер: Әскер, күш, жауынгерлік, достық, жолдастық, бірлік, ынтымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

«Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп отыратын ынтымақ құмарды айт.

Ілмектер: ынтымақ, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Қоғам бар жердің бəрінде ынтымақтасу болатындықтан, қайырымдылық та болады.

Ілмектер: қоғам, ынтымақ, қайырымдылық Эмиль Дюркгейм