Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (62) Ұлағатты сөздер (4)

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.

Ілмектер: ат, жақсы, бала, әйел, қыз, иман, ырыс Төле би Әлібекұлы

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Ілмектер: ырыс, әйел, ұл, қыз, келін, қызғаныш, сын Ескелді би Жылгелдіұлы

Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: еңбек, ырыс Ыбырай Жақаев

Жігіттің көз тоқтаттық қандайына:
Шешеннің тәңір берген таңдайына.
Батырдың қайрат берген жүрегіне,
Малдының ырыс берген маңдайына

Ілмектер: ырыс, жігіт, батыр, қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎