Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

Ілмектер: атақ, қызмет, адамшылық Марк Твен

Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. Соның тілін тауып, соған қызмет қыла біл.

Ілмектер: еңбек, қызмет, көпшілік Ыбырай Жақаев

Адам қызметіне кіріспей қазына тумайды

Ілмектер: адам, қызмет, еңбек Әлихан Бөкейханов

Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,
Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?

Ілмектер: өнер, халық, қызмет, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма.

Ілмектер: қызмет, жер, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

Ілмектер: қызмет, ұлт, білім, мінез Әлихан Бөкейханов

Рахметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық

Ілмектер: рахмет, қызмет, бақытсыздық, оңбаған, алғыс, ризашылық Франсуа де Ларошфуко

Қайсыбiрiмiз өзiмiздi егер басқаның орнында немесе қызметiнде отырсақ көп жақсылық iстей алатындай көремiз. Бұл — бар бәленiң бастауы.

Ілмектер: қызмет, бәле, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Николай Гоголь

Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес,
Шашылған ризықты теріп татпай.
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,
Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?!

Ілмектер: ризық, халық, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Алдау-арбау арқылы қызмет бабында өсуге тырыспа.

Ілмектер: алдау, арбау, қызмет, өсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Қызмет, лауазым адамгершiлiктi жиi өзгертедi.

Ілмектер: Қызмет, лауазым, адамгершiлiк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мигель де Сервантес

Бар қайғыдан құтқарар жалғыз дәру — ақыл мен жанның қызметiн арттыру, бұған бiлiм алудың шеңберiн кеңейту арқылы қол жеткiзiледi.

Ілмектер: қайғы, дәрі, ақыл, қызмет, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Сен маған қызмет қылсаң аяғыңмен,
Мен қызмет қылайын төбемменен.

Ілмектер: қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нартай Бегежанов

Біздің бейсананы күнделікті өмірде, біз үшін пайдалы қызметке қоюға болады. Ол сіз үшін жұмыс істеуден, еңбек етуден, шаруа атқарудан, іс тындырудан шаршамайды, егер де сіз оны дұрыс жолға бағыттай алсаңыз. Оны біздің адал пайдамыз үшін өнімді (нәтижелі) әрекетсіз әрекет жасатуға болады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сана, Өмір, пайда, қызмет, жұмыс, еңбек, шаруа, жол, адал, өнімділік, нәтиже, әрекет Нарша Булгакбаев

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

Ілмектер: тер, жер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қызмет, қан Бауыржан Момышұлы

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

Ілмектер: Өмір, халық, қызмет, өлім Әйтеке би

Өзiңнiң шамаң келмейтiн қызметке кездейсоқ жетуден сақтан. Әдетте бұл саған деген сенiмнiң толық жоғалуымен аяқталады.

Ілмектер: шама, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сенім Георг Лихтенберг

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Ілмектер: ел, жұрт, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Ілмектер: Ар, парыз, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ойланбай істеген қызмет өкініш тудырады...

Ілмектер: қызмет, өкініш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Пікірлер