Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (10)

Мен адамдардығы әзіл-қалжыңды бағалаймын, себебі бұл біздің барлық әділетсіздік пен оңбағандыққа қарсы жалғыз қаруымыз.

Ілмектер: адамдар, әзіл-қалжың, әділетсіздік, қару, жауап Пьер Ришар

Қарулы күштерге кетіп жатқан миллиардтаған қаржының тым құрыса бір бөлігі білімге жұмсалғанда, болашағымыз бұлыңғыр болмас еді.

Ілмектер: қару, білім, қаржы, болашақ Сергей Капица

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Ілмектер: тәртіп, жауынгер, қару Бауыржан Момышұлы

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

Ілмектер: тіл, қару, адам Ахмет Байтұрсынұлы

Қылыш - ел шауып, қазына құрайды.

Ілмектер: қылыш, қару, қару-жарақ Жүсіп Баласағұни

Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі

Ілмектер: күлкі, қару Марк Твен

Пайғамбарымыз Мұхаммедті, исламды жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр — ең күшті қару.

Ілмектер: Шыдам, сабыр, қару, Пайғамбар, Мұхаммед, тіл, ислам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.

Ілмектер: қару, қайрат, өмір, жел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Біз тек қару арқылы ғана бейбітшілікті сақтай аламыз.

Ілмектер: қару, бейбітшілік Адольф Гитлер

Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын білімің ешкім сеннен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды.

Ілмектер: білім, кәсіп, табыс, қару Джек Ма