Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (116) Ұлағатты сөздер (6)

Ақырзаман болғанда
Қатын би болар
Сиыр пұл болар
Туған балаң қу болар
Үй ішінде неше жан болса,
Бас-басына би болар.

Ілмектер: ақырзаман, қатын, бала, қу, би Мөңке би

Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан.

Ілмектер: отын, жантақ, қатын, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жал-құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз,
Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз - топқа кірер ұл тумас.

Ілмектер: жаман, қатын, ұл, айғыр, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

Ілмектер: жаман, қатын, кедей, кедейлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:

— Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? — деп сұрайды: Сонда Жиренше:

— Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, — депті.

Ілмектер: қатын, әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бейбақ, жаман, үй Жиренше шешен

Жаман қатын бұл қабыну, жақсы қатын бұл айығу

Ілмектер: Жақсы, жаман, қатын Нарша Булгакбаев