Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (4) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (15)

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді.

Ілмектер: Абай, қымбат, арзан, шындық, кәрілік Абай Құнанбайұлы

Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.

Ілмектер: ұлт, тіл, қымбат Мағжан Жұмабаев

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.

Ілмектер: отан, ұят, ар, қымбат, ата, ана Қазыбек Келдібекұлы

Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Бірі қымбат зат болса, екіншісі баға жетпес қазына.

Ілмектер: сұлу, қыз, қазына, қымбат Наполеон Бонапарт

Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат.

Ілмектер: есек, жүк, құн, қымбат Саиф Сараи

Зымыраннан қымбат ештеңе жоқ. Негізі адамдар оны бұрын өте әлсіз, арзан дүниелерден жасаған еді. Бірақ тиімсіз жолмен жасаған соң өте күрделі, қымбат болып көрінді және солай бағаланды.

Ілмектер: зымыран, қымбат, адам, әлсіз, арзан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Қажет емес нәрсенi арзан болғаны үшiн сатып алмаңыз; бұл сiзге одан да қымбатқа түседi.

Ілмектер: қажет, арзан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Джефферсон

Əйел заты – залым. Ол ыстық жар құшағы мен суық ажал құшағында ғана қымбат.

Ілмектер: Əйел, залым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құшақ, ажал, қымбат Проспер Мериме

Ешкiмнен және ештеңеден қорықпа. Өзiңдегi ең қымбатты нәрсе ешкiмнен де, ештеңеден де зардап шекпейдi.

Ілмектер: қорқу, зардап, нақыл, қымбат Лев Толстой

Кейде өмір екі адамды бір-біріне қаншалықты қымбат екенін ұғындыру үшін ажыратады.

Ілмектер: өмір, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо

Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Ілмектер: өмір, ар, қымбат, өлім, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Байдың малы қымбат, кедейдің жаны қымбат...

Ілмектер: бай, мал, кедей, жан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Патшаның ең қымбаттысы — патшалығы,
Патшалығында — астанасы,
Астанада — сарайы,
Сарайында — төсегі,
Төсегінде — сұлуының махаббаты.

Ілмектер: сарай, махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, патша, қымбат Үнді даналығы

Тəрбиешілер үшін қаншалықты қымбат екенін балалардың өздері білмеуге тиіс.

Ілмектер: Тəрбиеші, қымбат, бала Роберт Вальзер