Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (5) Ұлағатты сөздер (10)

Адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ. Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын жақсы көрген ана баласы үшін жан қиюдан тайынбайды. Бұл – табиғат заңы. Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан. Сондықтан да, махаббаттың алдында кім болса да әлсіз, амалсыз.

Ілмектер: махаббат, ана, бала, жігіт, қыз, құдірет, дүние, күш Ілияс Есенберлин

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе.

Ілмектер: білім, құдірет Фрэнсис Бэкон

Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңында, рух қылышты жеңуі тиіс.

Ілмектер: әлем, қылыш, рух, күш, құдірет Наполеон Бонапарт

Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет — табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

Ілмектер: ұмтылыс, табандылық, талант, данышпан, жоғары білім, білім, жалқау, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок

Ақыл кейде ерікті жетелегендей көрінеді, бірақ ол бәрібір қожайынның барғысы келген жеріне жол бастаушы ғана бола алады. Ерік дегеніміз көзі өткір ақсақты арқалап алып жол басатын құдіретті де, қуатты соқырға ұқсайды.

Ілмектер: ақыл, ерік, құдірет, соқыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Сөз құдіретін еркін пайдаланған адам халқына өмірлік рухани азық, өзіне алтыннан ескерткіш қалдырып кетеді.

Ілмектер: сөз, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рухани азық, ескерткіш Ғабиден Мұстафин

Енді ақынға біраз назар салайық,
Өлең сөзді құдірет тұтқан халайқ!

Ілмектер: ақын, өлең, құдірет, назар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Толық жетілген қалып адамға өз құдірет-күшін сырттан бақылаушы рөлін ғана қалдырады.

Ілмектер: құдірет, күш, адам, бақылаушы Жан Бодрийяр

Ешқашан да Жаратқанға лайық боларлықтай дүние де — соншалықты кең, адамзат та — соншалықты құдіретті бола алмайды.

Ілмектер: құдірет, дүние Пьер Тейяр де Шарден

Үлкен бояу! Құдіретті атану! — Кішкене немесе өзін кішкене сезінетін адам біткеннің мəңгілік құштарлығы осы ғана.

Ілмектер: құдірет, сезім, құштарлық, мәңгілік Альфред Адлер

Пікірлер