Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (24)

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ілмектер: азамат, ұлт, сүю, сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет Бауыржан Момышұлы

Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр.

Ілмектер: әдет, құрмет, әдебиет Мұхтар Әуезов

Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз.

Ілмектер: құрмет, шек, махаббат Михаил Лермонтов

Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.

Ілмектер: адам, қасиет, отан, махаббат, құрмет Иоганн Вольфганг фон Гёте

Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.

Ілмектер: достық, адал, құрмет, скиф, абырой Тоқсары

Кім өзін құрметтесе, сол – бақытсыз, бірақ оның есесіне өзіне әбден көңілі тоқ адам – ақылсыз.

Ілмектер: құрмет, бақыт, ақыл Ги де Мопассан

Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: үлкен, құрмет, заман, әділдік туралы нақыл сөздер, әділдік, афоризм, нақыл, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи

Құрмет құрметті адамға ғана жарасады.

Ілмектер: құрмет, адам, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.

Ілмектер: қарттық, сыйлау, құрмет Бұқар жырау

Басқа адамдарды құрметтейтiн кiсi ғана өзiне құрмет көрсеткендi дәмете алады.

Ілмектер: құрмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..

Ілмектер: ана тіл, тіл, ұят, құрмет Қадыр Мырза Әли

Адамдар құрмет тұтатын кiсi өзiне сенiм бiлдiргенде табысқа жетедi. Адамдардан сенiмдiлiк пен бiлiктiлiк күтсеңiз, олар оны көрсетедi.

Ілмектер: құрмет, табыс, сенім, біліктілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд

Адамдар бір-біріне құрметпен және өзара жанашырлықпен қарауды… т.б. пайдалы амалдарды әдетке айналдыру керек, сондықтан мен өз өмірінде зиянды әдеттерді, тәуелділікті және құлдық сананы қабылдамайтын әрбір адамға шынайы қуаныштымын.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, құрмет, Жанашырларым менің, пайда, амал, Әдет, тәуелділік, құлдық сана, адам, қуаныш Нарша Булгакбаев

Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар.

Ілмектер: жетістік, құрмет, бағалау, баға Нельсон Мандела

Ұлы iстерге талаптанып, жолы болмағандардың өзiн құрметтей бiл.

Ілмектер: қанатты сөздер, афоризм, Ұлағатты сөздер, нақыл, Ұлы, іс, құрмет Сенека

Қиялдай алмайтын адам өзгелерге құрмет көрсете де, мейірімді бола да алмайды.

Ілмектер: қиял, адам, құрмет, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі.

Ілмектер: Құрмет, Әскер, Тәртіп, Сәттілік Джордж Вашингтон

Халықтың атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу — жауынгерлік құрмет көрсету.

Ілмектер: жауынгер, құрмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Айбарлы адам тек айбарлы адамды ғана сыйлай алса керек, оның жасық жанды құрметтемесі әбден заңды.

Ілмектер: айбар, сый, құрмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.

Ілмектер: Ұлтшылдық, сүйіспеншілік, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрмет Бауыржан Момышұлы