Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (28)

Адамға ұлы, ерекше нәрсенi телуiң мұң екен — оны ұсқынсыз етесiң, ал өзiңе телiгенiң — өлгенiң.

Ілмектер: ұлы, ерекше, мұң, ұсқынсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы.

Ілмектер: адам, ұлы, биік, ой, қиял, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шыңғыс Айтматов

Ұлы істерді келсін-келмесін долбарлай бермейік.

Ілмектер: ұлы, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Бастау үшін ұлы болудың қажеті жоқ, бірақ ұлы болу үшін бастау қажет.

Ілмектер: ұлы, бастау, Жетістік Зиг Зиглар

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

Ілмектер: дүние, ұлы, ой, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Жақсы суретшілер көшіреді, ал ұлы суретшілер ұрлайды.

Ілмектер: жақсы, ұлы, суретші Пабло Пикассо

Адамның ойы ұшқыр болатындықтан, санаңызды ұлы ойлармен қоректендіріңіз.

Ілмектер: адам, ой, сана, ұлы Бенджамин Дизраэли

Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.

Ілмектер: ұлы, адам, парыз Зиг Циглар

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Ілмектер: ұлы, дана, данышпан Бауыржан Момышұлы

Ұлы адамдар бір-бірін үнсіз-ақ ұғыса біледі.

Ілмектер: ұлы, үнсіздік Фридрих Шиллер

Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі.

Ілмектер: махаббат, ұлы, қуат, сенім Ілияс Есенберлин

Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

Ілмектер: көркем, ой, ұлы, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Ұлы адамның ұлылығы кіші адамға қалай қарайтына байланысты анықталады.

Ілмектер: ұлы, адам, кішілік Томас Карлайл

Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз.

Ілмектер: ұлы, қарапайым, адам Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ұсақ адамдар ұлылардың кемшілігі мен қателігіне қуанады.

Ілмектер: ұлы, адам, кемшілік, қателік, қуану, ұсақ Артур Шопенгауэр

Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бірге жүрүден сақтаныңыз. Өзіне сенген адам ғана ұлы істерге бара алады.

Ілмектер: кері тарту, төмендету, адам, сенім, ұлы, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен

Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.

Ілмектер: ұлы, халық, тарих, іс, сөз, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Шын мәніндегі ұлы адамның бірінші белгісі кішіпейілділік екеніне сенемін. Кішіпейілділік дегенде, адамның өз қабілетіне күмәнмен қарап, өз ойын білдіруге жасқануын емес, қолынан не келетінін, өзінің шама-шарқын білуін айтып отырмын.

Ілмектер: Кішіпейілділік, ұлы, адам, ой, шама, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Қанша ұлы, қанша күшті болса да, әлі күнге дейін ешбір кісі балық секілді еркін болған емес.

Ілмектер: ұлы, күшті, еркін, еркіндік, балық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Сiздi өзiңiзге сену сенiмiнен айыруға тырысатын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұл қасиет ұсақ адамдарға тән. Ұлы адам, керiсiнше, сiздiң де ұлы адам бола алатыныңызға сендiредi.

Ілмектер: қасиет, сенім, ұлы, ұсақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен