Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (12)

Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Ілмектер: ұрлық, опасыздық, дәстүр Бауыржан Момышұлы

Мен жеңістерді ұрламаймын!
(Түнде астыртын шабуыл жасайық дегенде жауабы)

Ілмектер: жеңіс, ұрлық Ескендір Зұлқарнайын

Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен...

Ілмектер: мінез, ақыл, қайрат, тәрбие, нақыл, ұрлық, өтірік, афоризм Жүсіпбек Аймауытов

Бәсекелестерім менің жоспарымды ұрлауы мүмкін. Бірақ олар менің басымда жатқан ойымды ұрлай алмайды. Демек, мен әрдайым олардан оқ бойы озық боламын.

Ілмектер: бәсекелес, бәсекелестік, жоспар, ұрлау, ұрлық, ой, озық Рэй Крок

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Ілмектер: ар, мал, дүние, нәпсі, Қулық, сұмдық, ұрлық, маза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы, Абай, ұлы абай Абай Құнанбайұлы

Еңбек етпесең, не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың.

Ілмектер: еңбек, ұрлық Лев Толстой

Ұрлаған ұры емес, ұсталған ұры.

Ілмектер: ұры, ұрлық, өмір Бернард Шоу

Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат сияқты қылмыстар өше берудің орнына өсе берсе, сол қылмыстардың бәрі де басқарушылардың өз бастарында болғаны!

Ілмектер: Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат, қылмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, басқарушы Ғабит Мүсірепов

Хан-сұлтандар уәде береді, алдайды, ұрлық қылады, зорлық қылады, оны қара қазаққа жабады...

Ілмектер: уәде, ұрлық, зорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Біреулер ой ойлап бақытты;
Біреулер іс тындырып бақытты;
Енді біреулер солардан ұрлап бақытты.

Ілмектер: ұрлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, бақыт Сайын Назарбекұлы

Халық көзі қырағы: ұрлық жасырын — сонда да оны көреді; жердің тыққан асылын, тауып қолға береді; арам кеуде ішінде аузын буған сан қалта, оны да тауып төгеді. Елді алдаймын дейтіндер, түбінде өзі алданады.

Ілмектер: ел, алдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұрлық Ғабиден Мұстафин

Балалар өздерін өмірлік мəні аса зор бірдеңелерден қағылғандай сезінген кезде ғана ұрлық жасай бастайды.

Ілмектер: бала, сезім, ұрлық Альфред Адлер