Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (146) Өлеңдер (9) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (3)

...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек.

Ілмектер: еңбек, әңгіме, педагогика, дарын Константин Ушинский

Әңгіменің төркіні — әңгіме.

Ілмектер: әңгіме, төркін Қадыр Мырза Әли

Ендігі жастардың барлық уақыты әңгімеге, жұмысқа, елдің тағдырына кетеді. Әрине ол өте дұрыс. Бірақ айтыңыздаршы, сол көңілді ме?

Ілмектер: жастар, әңгіме, жұмыс, тағдыр Агата Кристи

Жазуды жаңадан бастаған жазушы әңгіме рахатын өзі алады, ал оқушылар тарабы еш нәрсе иемденбейді.

Ілмектер: жазушы, әңгіме Эрнест Хемингуэй

Бүкіл кітап атаулының барлығын бір нәрсе біріктіреді – әңгімеленіп жатқан шығармалар шынайлылықтан гөрі шыншыл келеді.

Ілмектер: кітап, әңгіме, шығарма, шыншыл Эрнест Хемингуэй

Егер кеме құрғың келсе жобалап, адам жинап, керек-жарақ, сайман іздеп керек емес. Тек теңіз жайлы адамдарға керемет әңгіме айтып бер. Сонда олар кемені өздері тұрғызып алады.

Ілмектер: әңгіме, кеме, теңіз Антуан де Сент-Экзюпери

Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз.

Ілмектер: әңгіме, бала, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Әңгімелер адамдарға ойлануға кедергі келтіру үшін ойлап табылған.

Ілмектер: әңгіме, ойлану, адам Агата Кристи

Әңгіме қаншалықты жақсы болса, соншалықты қысқа болады.

Ілмектер: әңгіме, қысқа Абдулла Қаһар

Бір патша келе жатса маң-маң басып,
Айбары, салтанаты жаннан асып,
Кездесті жолда жылан иреңдеген,
Кетпек боп көзден таса жанталасып.
— Әй, сен, деп, қайдан келдің? — елең етті.
— Алтынның қорығынан келем, — депті.
— Алтынның жарқылынан әсем не бар?
— Жарықтың нұр сәулесі десем нанар.
— Ал не бар, сәуледен де жарығырақ?
— Адамға алтыннан да керегірек,
Тарайтын жарықтан да тереңірек,
Рухың нұрланады әңгімемен,
Сұхбаттың бәрінен де берері көп.

Ілмектер: рух, әңгіме, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жылан Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ақымақпен адал да шынайы әңгіме жүргізу мүмкін емес.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әңгіме Мишель де Монтень

Жай-жапсарын толық тəптіштеп əңгімелеу деген — маңызды деталь дегеннің бəрін сүзгіден өткізіп, сұрыптауға жатады: яғни цензура жасау деген сөз.

Ілмектер: әңгіме, деталь, цензура Жак Деррида

Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

Ілмектер: кітап, жақсы, адам, ақыл, әңгіме Лев Толстой