Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (17)

Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.

Ілмектер: өсиет, өсек, сөз Есей би Алдамұратұлы

Әзілде кек, өсекте шек жоқ.

Ілмектер: әзіл, кек, өсек Мұхтар Әуезов

Журналистика – бұл ұйымдасқан өсек.

Ілмектер: журналистика, өсек Оскар Уайльд

Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.

Ілмектер: жақсы, өсек Жүсіп Баласағұни

Ұрғашының жақсысының боз жорғадай бұлғаңы
Ұрғашының жаманының өсек болар құрғаны.

Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Тас жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,
Екінің бірі мырза тасқан жерде.
Жамандар көре алмаған қылады өсек,
Лайық заманында асқан ерді.

Ілмектер: заман, ер, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Мына заман қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке,
Өлшеуі жоқ бай заман.

Ілмектер: заман, қоғам, өсек, араздық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Біздің заманымызда сөз қылар ештеңесі жоқ адам ғана өсекке ілінбейді.

Ілмектер: заман, өсек, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

Ілмектер: Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, ой, ғылым, өтірік, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,
Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,
Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,
Итке тастау дегенiң осы емес пе?

Ілмектер: арыз, жала, өсек, шеше, ана, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сүйінбай Аронұлы

Мықты ұлт болғысы келетін елдің өсегі аз, ісі көп болса керек.

Ілмектер: ұлт, өсек, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақберен Елгезек

Өсекші — ел тыныш болса азады.

Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, өсекші Абай Құнанбайұлы

Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Ілмектер: Достық, Өсек Махамбет Өтемісұлы

Сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды.

Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өсек тасып құмардан шығатындар болады.

Ілмектер: өсек, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Ілмектер: Қанағат, рақым, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Талап, еңбек, терең ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бес дұшпан Абай Құнанбайұлы