Өлең, жыр, ақындар

admin

  • Ұпайы: 2938
  • Тіркелген уақыты: 17.05.2023 22:04
  • Соңғы кірген уақыты: 26.03.2024 00:12
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер

Күшпен таңылған уағда қашан да ұзаққа бармайды жəне ешқашан ешкімнің көңілінен шыққан емес.

Ілмектер: күш, көңіл Эмиль Дюркгейм

Біз өзімізге ұқсас адамдарды — өзіміз сияқты ойлап, сезіне алатын адамдарды ұнатамыз. Бірақ бұған қарама-қарсы құбылыстар да аз кездеспейді.

Ілмектер: адам, ұқсастық, сезім, ұнату, қарама-қайшылық, құбылыс Эмиль Дюркгейм

Моральдік фактілер де — басқа құбылыстар тəрізді құбылыстар ғана.

Ілмектер: мораль, факт, құбылыс Эмиль Дюркгейм

Ерлік жауынгерге қандай қажет болса, кен қазушыға да, аэронавқа да, инженерге де сондай керек.

Ілмектер: ерлік, жауынгер, кен қазушы, аэронав, инженер Эмиль Дюркгейм

Есеңгіреп қалған құбылыстың көбі сахналық көріністердің объектісіне айналады.

Ілмектер: құбылыс, сахна, көрініс Эмиль Дюркгейм

Кез-келген жеке тұлға, қандай күшті болса да, жалғыз өзі бүкіл қоғамға қарсы ештеңе істей алмайды.

Ілмектер: қоғам, тұлға Эмиль Дюркгейм

Əр халықтың да өзі өмір сүріп жатқан жағдайларға сəйкес айқындалатын өз адамгершілігі бар.

Ілмектер: халық, адамгершілік, жағдай Эмиль Дюркгейм

Өнер — табиғатынан туабітті беймораль.

Ілмектер: өнер, мораль, табиғат Эмиль Дюркгейм

Мүдде деген — іс жүзінде ең бір тұрақсыз нəрсе.

Ілмектер: мүдде, тұрақсыздық Эмиль Дюркгейм

Өш алу инстинкті — сайып келгенде, өзін-өзі сақтау инстинктінен басқа түк те емес.

Ілмектер: өш алу, инстинкт, сақтау Эмиль Дюркгейм

Асып-төгілген идеализм мен моральдік аста-төктік адамды өзінің күнбе-күнгі міндеттерін орындағысы келмейтін дəрежеге дейін құлдыратып жібереді.

Ілмектер: идеализм, мораль, құлдырау Эмиль Дюркгейм

Балалардың сөйлеуі ғылыми құндылыққа ие болуы мен қатар өзінің әдеміліктерімен ерекшеленеді, өйткені оны зерттей отырып, біз балалар ойлауының таңғажайып заңдылықтарын ашамыз.

Ілмектер: бала, тіл, ғылым, құндылық, бала тілі, ойлау, заңдылық, зерттеу Корней Чуковский

Өмірді ол жерден де, бұл жерден де іздеп əуре болудың қажеті шамалы: ол барлық жерде де бар.

Ілмектер: өмір, жер, іздеу Эмиль Дюркгейм

Біз өз күшімізді əлдебір артық нəрселерге асыра жұмсай берсек, қажет нəрселелерге жетпей қалуы мүмкін.

Ілмектер: күш Эмиль Дюркгейм

Өмір жақсы нəрсе екендігін дəлелдейтін бірден-бір тəжірибелік дерек — көбіміздің оның адам айтқысыз азабын ажал тозағынын артық санайтындығымыз.

Ілмектер: өмір, дерек, тәжірибе, ажал, азап, тозақ Эмиль Дюркгейм

Жекешіл идеализмге тоқтау сала алатын жалғыз күш — топтың тегеуіріні.

Ілмектер: топ, күш, иделизм Эмиль Дюркгейм

Бірнеше ұрпақ жасаған істі бір ұрпақ күл-талқан етуі мүмкін емес.

Ілмектер: ұрпақ Эмиль Дюркгейм

Жаза, бері салғанда жартылай, кек алу фактісі күйінде қалып отыр.

Ілмектер: жаза, кек, факт Эмиль Дюркгейм

Еркектер мен əйелдер бір-біріне ұқсамайтындықтан да бір-бірін ерекше құштарлықпен аңсап іздейді.

Ілмектер: ерке, әйел, құштарлық Эмиль Дюркгейм

Қоғамдық пікір айыптауынан да қатал айыпталатын əрекеттер бар.

Ілмектер: қоғам, пікір Эмиль Дюркгейм