Өлең, жыр, ақындар

baglanergali

  • Ұпайы: 45
  • Тіркелген уақыты: 05.10.2018 15:10
  • Соңғы кірген уақыты: 05.10.2018 15:23
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер Ұлағатты сөздер

Әрбір шешен-дана емес,
Әрбір шеше-ана емес.

Ілмектер: нақыл Бағлан Ерғали

Қазақсың ба? Қазақ болшы тіліңмен, кеудеңдегі жұдырықтай діліңмен. Қазақ болшы бауырым, ана тілді, естісін қазақ, тіліңнен.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Пайда берер - білім,
Кірлетпесе - ділін.
Бөтен сөзбен былғамай,
Қадірлесе тілін.

Ілмектер: Нақыл

Батырсымақ, арыстан,
Ақырған өңшең, алыстан.
Батырмын деп, бақырып,
Кеудесін қағып, жарысқан,
Батырлар бүгін көбейді.
Шынайы, жаумен қағысқан,
Шайқасып жаумен, алысқан.
Батырларым, бар еді,
Бастарын тігіп, өлімге.
Қара жермен табысқан,

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Тұлпардай жүйрік жақсылар,
Есектей ерге, тең болмас.
Жүз айтқанмен наданға,
Айтқаның дәрі, ем болмас.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Арынан жаны қымбат,
Арды ұмытты барлығы.
Ұят деген, мүлдем жоқ,
Заманның мынау тарлығы.
Қайда кетті жақсылар?
Ұяты күшті өлімнен,
Арсыз қазақ көбейді.
Алланың ба, бұл жарлығы?
Ар-ұятты ұмытпа,
Ту, қыл да, ұста қолыңа.
Жаныңды бер, аяма,
Ар ұжданның жолына.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Ұлыңнан ерлік кетпесін,
Қызыңнан қылық кетпесін.
Қайрылмай артпен жауына,
Ұрандап ерің беттесін.
Қылығымен қыз тәтті,
Қылықты болсын қыздарым.
Күзетіп арын күні - түн,
Бойын түзеп реттесін.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

ТУЫҢДЫ ҚАЗАҚ - ҚҰЛАТПА,
ЖЕТІМДІ ЖЕБЕП - ЖЫЛАТПА.
ЖЕРІҢДІ БЕРМЕЙ БӨТЕНГЕ,
МЕКЕНДЕ ӨЗІҢ, ТҰРАҚТА.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Қазақпын деп не керек?
Тілі қазақ болмаса.
Жанымен сүймей, өз ұлтын,
Өз тілін, өзі қорласа

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Нағыз ер, еркіндікті сүйеді. Бостандық жолда күресіп, елі үшін жан беріп, өлімге басын тігеді.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Жақсы жігіт, халқына пана болар,
Ардың жолын қуалап, дана болар.
Қыздың арын таптатпай, қорғау жолда,
Жанын беріп аянбай, қорған болар.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Қапаланба досым - ай,
Сынайды тағдыр осылай.
Саған бейнет береді,
Біреуге зейнет,
Өмір - өзен, ағады екен осылай.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Қазақсың ба? Қазақ болшы тіліңмен, кеудеңдегі жұдырықтай діліңмен. Қазақ болшы бауырым, ана тілді, естісін қазақ, тіліңнен.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Ақсақалдар ақыл атпай, арақ ішкен заман - ай,
Жігіттерің жібек киіп, қасын жұлған заман - ай.
Сегіз қырды бойға жимай, сырға таққан заман -ай,
Қыздарың қырға шығып, бала тапқан заман - ай.
Ар ұяттан жұрдай болып, арды ұмытқан заман - ай,
Ынтымағын қазақтың, ыдыратқан заман - ай,
Бүлік салып араға, елді құртқан заман - ай.

Ілмектер: Заман ай Бағлан Ерғали

Мен қазақпын, қазақ деген атым бар. Мен қазақпын, болуға қазақ хақым бар. Мен қазақпын, ұланымын ұлтымның. Мен қазақпын,ойлаған қамын жұртымның. Ойлаймын елді күні түн. Басады мені, түнек мұң. Соғады жүрек қазақ деп, соғады сүйіп, жүрек шын.

Ілмектер: Нақыл сөз Бағлан Ерғали

Әрбір қазақ баласының мінезі, бөрідей бой бермейтін, қасқыр тектес болатын болса, мен деген мықты жаулардың өзі қазақ халқына беттеп келе алмас еді.

Ілмектер: Бағлан Ерғали Бағлан Ерғали