Өлең, жыр, ақындар

Lamborghini 350GT

Lamborgini супер спорткарларының шығу тарихы, фермер Ферруччо Ламборгини негізін салған трактор шығаратын зауыттан басталғанын көбі білмейді.

Бұл зауыт Ферруччоға едәуір табыс әкелетін, осылайша ол көптен бергі арманы – Ferrari автокөлігін сатып алады. Алайда бұл автокөліктен ақау табылады – сатып алынған Ferrari 250 GT үлгісінде ілініспен мәселе туындап, көлікті жиі жөндеуге тура келеді. Қуанышына орай Ламборгинидің тракторларының ілінісі мен Ferrari 250 GT көлігінің ілінісі бір үлгіде болғандықтан автокөлікті зауытта жөндеуге мүмкіндік болады.

Автокөліктің құрылысын толықтай зерттеген Ферруччи Энцо Феррариге барып, агрегатты жетілдіру үшін не істеу керегін айтып, кеңес береді. Алайда Энцо бұл кеңесіне ашуланып: «Сен бар болғаны фермерсің және қымбат автокөліктерден ештеңе ұқпайсың. Егер ұнамаса, бұдан да мықтысын жасап ал!» деп зілді жауап береді.

Механика данышпаны аталған, әрі итальяндық қызықуандылығы бар Ферручи Ламборгини үшін бұл жауап қорлағандық қана емес, қарсы келу сияқты болды.

Іске асқан кәсібінен миллион лир жинаған Ламборгини V12 қозғалтқышты өзінің тұңғыш автокөлігін құрастырады. Кейін ол Sant'Agata қаласында автоматтандырылған зауыт ашып, Ферраридің тәжірибелі инженерлерін өзіне тартып алады. Көп ұзамай, 1963 жылы сағатына 150 миль жылдамдықпен жүретін аңызға айналған Lamborghini 350GT көлігі шығады. Қалғанының бәрі тарих.

Назар аудар:

«Hummer» автомобиль маркасының тарихы

Toyota тарихы: тоқыма станоктың орнын көлікке алмастыру

Пилотсыз авто және жасанды интеллектілі көліктер: келешегіміздің көрінісі қандай?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Адылғазы

Қазақстанда машина шықса ғой

Арайлым

Қазақтанда бір нәрсенің шығуын пазорбай тежеп келді ғой, алып сата беріңдер деп - көп жерде айтты ғой - 30 жылымызды жеп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз