Биткойндар мен криптовалюта табысы жөніндегі ең кең таралған 10 сұраққа жауап

Сандық валюта деген не, әрі оның не үшін қажет екендігін қарапайым сөзбен түсіндіріп беруге тырысып көрейік.

Сонымен, биткойн дегеніміз не?

Биткойн (ВТС, БТК) дегеніміз ол – криптовалюта (сандық валюта). Ол жеке тұлға иелеріне, іс‑қағаздарға немесе монеталарға тән емес. Ол виртуалды. Тіпті биткойндарда ақша белгілері айналымын жүргізетін орталық банктері де болмайды. Сондай‑ақ олардың ресми валюта ретінде алтын қоры да жоқ.

Әлем бойынша ашық бастапқы кодты базалық бағдарлама‑клиентіне ие миллиондаған компьютерлер эмиссиямен, яғни жаңа ақша шығарылымымен айналысады.

Аталмыш орталықтандырылмаған (оның күнделікті валютадан айырмашылығы) төлем жүйесі ондағы барлық қатысушылардың бірдей құқылы болуымен ерекшеленеді.

Тек мұндай бағдарламасы бар адамдар ғана биткойнға ие бола алады ма?

Иә. Сіз бағдарлама‑клиенті нұсқауларының бірін орнатасыз да, өзіңіздің жеке әмияныңызды іске қосасыз және осылайша, сіз өз компьютеріңізге жаңа блоктар транзакциясын енгізесіз.

Биткойндарға қол жеткізу оңай ма?

Биткойндарға қол жеткізудің түрлі тәсілдері бар. Егер бір орында тоқтап қалғыңыз келмесе, оларды криптовалюта (сандық валюта) биржасынан сатып алуыңызға болады. Сондай‑ақ автоматты биткойн‑алмасымдары бар.

Өз компьютеріңізбен биткойн жинау арқылы табысқа қол жеткізуге де болады. Бұл үдеріс майнинг деп аталады (mining – олжа, табыс сөздерінен шыққан).

Биткойн жинау арқылы қалағаныңызша табысқа қол жеткізуге болады ма? Тіпті миллиардқа дейін?

Жоқ. Биткойндар саны шектеулі. Жүйе аталмыш сандық валютаның тек 21 миллион бірлігін ғана беру мүмкіндігіне ие. Ал қазіргі таңда оның 16 миллионнан сәл ғана астамы өндірілген. Болжам бойынша биткойндар эмиссиясы 2140 жылға қарай тоқтауы мүмкін.

Бір биткойнның 1 тәулікке шаққандағы құны 3000 $‑дан асып түсті де, кейін бұл көрсеткіш 25%-ға төмендеді.

Осылайша, бағдарламаңызға жаңадан қосылушылардың саны артып, биткойн жинау арқылы табысқа кенелу одан сайын күрделене түседі, ал бұл көбірек есептеу қуатын талап етеді. Бұдан басқа, биткойн табысын өндіруде берілетін сыйақы мөлшері едәуір кемуде.

Аталмыш ұғымның авторы Сатоши Накамото (бұл әзірге белгілі бір адамның аты ма, әлде бағдарлама құрушы топтың атауы ма, белгісіз) өзінің ережесін орнатты. Майнинг сыйақысы әрбір төрт жылда 2 рет кеміп отырады. 2016 жылы 12,5 BTC мөлшерін құраса, ал 2020 жылға қарай кезекті кему маусымына қарай жылжи береді.

Сонда, бүгінгі таңда биткойндармен табысқа кенелудің пайдасы жоқ па?

Жоқ, әсіресе, биткойн табысын өндіру үшін жасалған ASIC (Application-specific Integrated Circuit) деген атпен белгілі арнайы қондырғының пайда болуынан кейін тым күрделене түсті. Ал, бұл айтарлықтай қымбат қондырғы.

Дегенмен де мұның жақсы да жаңалықтары бар: биткойн – жалғыз ғана криптовалюта емес. Қазіргі таңда оның жүздеген түрлері бар. Олар әрине, биткойн құнын төмендеткенімен, олардың өз бағасы болады, ал мұнымен табыс табу оңайырақ. Нақты қай криптовалютамен неғұрлым тиімді табысқа кенелуді арнаулы ресурстардан біле аласыз.

Криптовалютаның қазіргі таңдағы ең қымбат әрі ең танымал түрі ‑ эфириум (Ethereum): оның құны бірлігіне шамамен 300 $‑ға тең.

Осы жолмен табысқа кенелу жолы қалай жүзеге асады?

Оның мәні – блоктар генерациясында (файлдар желісінде мерзімді жазылып отыратын, яғни транзакцияда орын алатын ақпараттарды қамтиды). Блок алдыңғы блоктың хеш атауынан, хеш транзакциясынан және кездейсоқ саннан тұрады.

Барлық транзакцияларды қамтитын тізбек – блокчейн деп аталады.

Блок жасау үшін, майнер белгілі бір тапсырманы орындауы тиіс (әрбір блокқа арналған, оның ішінен тек біреуін табуы жеткілікті болатын бірнеше шешімдері бар). Қолданушылар бұрын үй компьютерінің көмегімен оның процессор қуатын пайдалана отырып, криптовалюта өндіруді іске асырған. Кейініректе осылайша табысқа жетуді видеокарта көмегімен жүзеге асырған. Ал қазіргі уақытта үдеріс азырақ энергия шығынды әрі неғұрлым тиімдірек болуы үшін, қолданушылар пулдарға біріктіріледі (онда жүздеген майнер кіре алады). Бұл жағдайда, сыйақы барлығына бөлініп үлестіріледі.

Сонымен қатар, қуаты күшті процессормен, видеокартамен және салқындатқыш жүйесімен жабдықталған, қымбат компьютерлерден тұратын кешенді майнинг фермалары болады.

Биткойндармен табысқа жетудің ең қарапайым тәсілі қандай?

Биткойн‑крандар. Бұл белгілі бір мерзімді тіркелген қолданушыларға криптовалюталарды беретін сайт. Яғни «кранды» дәлме‑дәл ашып, жауып отырады.

Мұндай ресурстардың көбі қарапайым сызбанұсқа бойынша жұмыс жасайды: онда тіркеліп, қандай да бір қарапайым әрекеттерді орындауыңыз керек (қажетті парақшаға өтіп, капчаны (жүйе қолданушысының компьютер ме, әлде адам ба, кім екенін анықтайтын компьютерлік тест) шешеді және т.с.с.). Әлбетте, мұнда қомақты соманы олжалау оңай емес: әдетте «крандарды» сатоши (бұл жоба авторының құрметіне аталған, бөлінбейтін виртуалды монета) жібереді. Бір биткойн – 100 000 000 сатоши.

Сонда криптовалюта жұмсалған күш шығындарын ақтай алмайды ма?

Сандық валютаны қолдайтындар мұның төмендегідей бірқатар артықшылықтарын атап өтеді:

● Қолданудың оңайлылығы. Криптовалютаға арналған әмиян жасату үшін небәрі бірнеше минут қажет.

● Салықтың болмауы, шотыңызға және басқа да төлемдерге көрсетілген қызметке комиссия ұстамауы.

● Жылдамдық. Биткойндар адресатқа санаулы минуттарда жеткізіледі.

● Жасырын және ашықтық. Сіз өз биткойндарыңызды қандай да бір жеке ақпараттың байлануынсыз және және барлық мәмілелерден хабардар бола отырып, құра аласыз.

● Оның әдеттегі валютадан айырмасы ‑ мұнай құнына, саяси және өзге де жағдайларға тәуелді болмауы.

● Қорғау. Сіздің шотыңызды ешкім жауып немесе жоя алмайды әрі ешкім сізге өз ережесін орната алмайды.

Криптовалютаны қалай және не нәрсеге жұмсаған жөн?

Әрине, теңге, рубль, доллар, евро және басқа да ақша бірліктері сияқты қалаған нәрсеңізге жарата аласыз.

Қаражатыңызды биткойндарға немесе өзге де криптовалюта салымына аудару қауіпті емес пе?

Қауіп кез келген жерде бар. Әйтсе де, криптовалюта бүгінгі таңда трендке айналған. Жапон үкіметі биткойнды ресми төлем құралы ретінде мойындаған. Ресей Федерациясының орталық банк басшылығы ұлттық криптовалюта айналымы жөнінде арыз білдірген. Осыған ұқсас ұсыныстар легі Қытай, Германия, Канада, Сингапур секілді бірқатар алпауыт мемлекеттерде байқалған.

Кейбір стартаптар өздерінің меншікті криптовалюталарын айналымға шығарады және блокчейнде краудфандингті қолданады (ICO – Initial Coin Offering, бастапқы криптовалюталық салым).

Мысалға, олардың  ішінде табысқа жеткені – Brave стартапы, Mozilla-ны құрушылардың бірі, американдық бағдарлама жасаушы Брендан Эйхтің интернет‑браузері. Жоба авторлары өздерінің BAT (Basic Attention Token) криптовалюталарын жүргізіп, оның эфириумдағы құнын бағалады. Бір эфириум 6400 BAT-қа тең. Кейін оны ВАТ‑тың (1,5 миллиард бірлік) максималды мөлшерімен сатылымға қойды. Стартап 30 секундта 35 миллион доллар жинады.

Қорыта келгенде, криптовалюта танымалдылығының одан әрі арта түсетіндігін үлкен сеніммен айтуға болады, ал блокчейн‑технологиялар бұрынғыдан да белсенді дами түседі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Аманжол

Біздің Қазақстанда жақын арада қолданылмайтын шығар, Европа мен АҚШ-та Amazon, Ebay, Microsoft т,б - лар қолдануда
Қазағым ылғи едің соңында жүреді

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)