Кейбір адамдармен ақылға қонымды диалог құру мүмкін емес. Соларлың деңгейге түсіп, айтысқа кірісіп кетпес үшін, мына кеңестерді пайдаланып көріңіз.
Егер сіз презентация көрсетіп немесе сөз сөйлейтін болсаңыз, онда қай тармақтар тыңдаушылардың сынына ұшырауы мүмкін екендігін ойлап көріңіз. Сізге бұрын да ұқсас ескертпелер жасалған болуы мүмкін. Не айтатыныңызды алдын ала жоспарлаңыз. Жауабын дайындап алған соң, сізге жағымсыз сөздерге жауап беру оңайрақ болады.
Ашуланбаңыз және асығыс жауап бермеңіз. Стаканға су құйып, ойыңызды жинақтап, айту керек сөздерді іріктеп алыңыз.
Джобс сынға жауап беру үшін, көпшіліктің алдына шыққан бір көрсетілімінде, мынандай сөздермен бастады: «Бірдеңені өзгертуге тырысқан кезде, ең қиын кедергілердің бірі — осындай сұрақттарды қоятын адамдардың айтқаны бір жағынан дұрыс болуында». Ол өзінің жауабын жұмсартып, бір қарағанда оппонентпен келісіп тұрғандай көрінеді, алайда келесі сөздерінен олай емес екендігін түсінесің.
Сіз қарсыласыңыздың ойымен мүлдем келіспей тұрсаңыз да, әрқашан жауабыңызды болымды түрде бастаңыз.
Джобсқа бағдарламалау тілдерінен және жеке өміріне қатысты нақты сұрақтар қойылғанымен, ол оған пікір білдермей, жалпыға ортақ сұрақтарға жауап берді.
Бұл саясаткерлердің әрдайым жасап жүрген классикалық тәсілі.
Сіз өзіңіздің ең басты жанкүйері болуыңыз керек. Әсіресе бастапқы, тек өзіңіз бен командаңызға ғана арқа сүйей алар кезде. Жіберілген қателіктеріңізді мойындаңыз, қандай сабақ алғаныңызды айтыңыз, одан кейін міндетті түрде сіз және командаңыздың көп жұмыс істейтінін айтып кетіңіз, және не үшін қолдауға лайық екендігін атап өтіңіз.
Адамдар қажырлы еңбекті бағалауға үйреніп қалған, сондықтан сіз соны атап өтіп, өзіңізге аудиторияның көңілін аударып ала аласыз.
Мысалы, (көрсетілімінде) Джобс былай аяқтады: Біз қателіктерді тауып, оны түзетеміз. Бірақ қазір, маңызды кезеңді өткеріп және тынбай еңбек етіп жатқан команданы қолдау керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Еркебұлан
Cілтемедегі видеоны көріп 2007 жылды еске алдым, бүгінгі күнде қарапайым болған нәрсе сол кезде үлкен таңданыс тудырған сәттері қызық екен, тарихи сәт