Өлең, жыр, ақындар

Мақта қыз бен мысық

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:

— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

— Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз:

— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.

Мақта қыз:

— Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.

— Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр:

— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш:

— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған:

— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.

— Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші:

— Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.

— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауықтар:

— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан:

— Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.

Мысық:

— Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.


Пікірлер (18)

Самрат

РаХмет сызге

Жадыра

Өте жақсы ертегі мағыналы

кудайберген назым 2008

мақта қыз ертегісі маған қатты ұнады

Окушы

Жеты лак ертегысынын аягы жамангой. Жестоко, как такое можно ребенку рассказывать ? Озгертуге боладыгой

Аружан

Жасына сай келмесе айтпа… қолыңда тұрған нәрсе емес па?

жанель

маған ұнады

Жанболат

Маған мақта қыз ертегісі ұнаған жоқ. Дұрыс ертегі емес. Əлсізден күштен дəн тартып алды. Балаларға соны үйрете ме?

Бекзат

өте жақсы

Теміржан

Проблеманы қалай шешу туралы ертегі). Үлкендерге де тыңдайтын ертегі

Бағдат

баланың танымдық қасиетін арттыруға көмектеседі. Күнделікті өмірде кімге не керек екенін білуге жақсы ертегі

Жансая

Өте жақсы ертегі адалдықты үйретеді

Жасұлан

Өте қатыгез ертегі тартып алу біреудің еңбегін.

Балтабай Кәусар Жасұланқызы

Бұл ертегі қазіргі балаларға үлгі ертегі.
Біреудің еңбегін қорламауды,айтқан тілін алуды,біреуге ашуланбауды үйрететін ертегі.Маған бұл ертегі өте қатты ұнайды.

Кәусар

шыны менде балаларға әлсізден дәнді тартып алуды үйретеді ме не?

Али

Мақта қыз бен мысық кішкентай кезімде көп еститін ертегім

Нұлан

Ең қызық ертегі

Айша

Қызық, ертегі суреттерімен!

Асель

Балама окып бердим.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз