Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ менің қара шаңырағым!

Мен, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студентімін. Мейлі қиын болсын, мейлі қатал болсын, менің ҚазҰУ-ым — менің мақтанышым! Қаншама заманның дүлдүлдері мен бұлбұлдарының, мықтылары мен таланттарының қанаттарын қатайтқан - қара шаңырағым! Әр заманға жаңа алпауыттар сыйлайтын - ұлы білім ОРДАСЫ! Талай мақталған жерді қалай мақтасам да жарасады ғой, негізі тақырыпқа арқау болсын дедім.

Университет – ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Өзіндік тариxы бар, көпжылдық білім беру саласында және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғарғы оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – жоғары білім берудің көшбасшысы. 86 жылдық тариxы бар қара шаңырақ-еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері.

Сіз, миллиондар жайлаған кең шахардың студенті атандыңыз. Мұндай мүмкіндікке қолы жетпегендер қаншама?  Тарихы терең, Тәңірдің өзі сұлулықты еш аямаған қала - Алматы  тұрғындарының қатарына қосылдыңыз. Бұның өзі бір бақыт емес пе?

Мүмкін, «ақылы бөлімге түстім...»-деп қынжылатын да шығарсыз. Алайда ата-анаңыздың адал еңбекпен, маңдай терімен «балама»  деп тапқан қаржысы ғой. Үлкен өмірге қадам басып, «киіміңіз көк, уайымыңыз жоқ» кезде, отбасы жағдай төмен, ҰБТ-дан құлап, студенттік өмірге аяқ баспаған құрбы-құрдастарыңыды бір сәт ойлаңызшы?  Ал,білім гранттарындағы шәкіртақы алатын студенттері жайлы сөз де қозғамай-ақ қояйын... 
Егер университетіңізде  білім беру жүйесі  аса қиын болып,онымен қоса сіздің бар уақытыңызды алып, күні-түні ұйқысыңызды ұрлап, сабақтар қыдыратын жерлеріңізді шектесе,  - қуаныңыз, шын жүректен қуаныңыз. Себебі, ол жерде расымен де жоғарғы білім бар. Ал, білім бар жерден – білікті маман да, білгір ғалым да, білімпаз дана да шығады. Сіз осылардың ең соңы болсаңыз да, несі жаман?Сондықтан, ұлылар жүріп өткен ұлы жерде жаңа болашақтың іргесін қалар, мықты ұрпақ болыңыздар!

Қалай десек те, ҚазҰУ – болашаққа нық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті. Олай дейтін себебім, еліміздің басты оқу орны менің жаңа қырымнан танылуыма мүмкіндік туғызып қана қоймай, білім алуға деген потенциалымды көтергендей болды. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргенімді өмірімдегі ең үлкен жетістік деп білемін!

Жас түлек! Біздің Университетке түскін келсе, білімді маман атанғың келсе толық ақпаратты біздің www.kaznu.kz сайтынан біле аласыздар. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
"Мәдениеттану" мамандығының 3-курс
студенті: Досжан Алтынай  Қанатжанқызы
Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Есболва Молдир Ауелтаевна


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз