Суда жүзудің сегіз түрлі пайдасы — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.
Материал — жүзу, суда жүзу спорты, жүзудің пайдалары, Жүзудің пайдасы — осы тақырыптарға байланысты.
Шынығудың ең тиімді құралдары – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Соның ішіндегі су – тіршіліктің көзі, өмірдің кепілі. Ал, шомылу немесе жүзу – шынығудың ең тиімді түрі. Жүзуді әдетке айналдырған ағзаның тамыр жүйесі су температурасының алмасуына ыңғайланып, микробтар мен бактерияларға төзімді болады. Бұл өз кезегінде қан айналымының жақсаруына әсер етеді. Әсіресе, адам ағзасының суыққа деген төзімділігі арттырады.

Жүзе білу тек шынығу емес, қандай да бір аурудан сауығу үшін де таптырмас «құрал». Мәселен...
1. Жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық еттеріңіз қимыл-қозғалыста болады. Сондықтан артық дене жаттығуын жасаудың да қажеті болмайды.
2. Дене сұлулығын қалайтындарға жүзу ең керекті спорт түрі. Өйткені, ол омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алады. Жүзу барысында бел омыртқаның қасындағы бұлшық еттер босаңсиды.
3. Сонымен қатар, жүзу жүрек ауруларына да қарсы төтеп береді. Егер күнделікті жүзумен шұғылдансаңыз, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын ұмытуға болады.
4. Жүзу тыныс алу жолдарын жақсартады.
5. Ағзаңызды шынықтырып, иммунитетіңізді көтереді. Cондықтан, сізге тұмаудан қорқудың қажеті жоқ.
6. Фитнеске қарағанда, жүзу арқылы тез арықтайсыз. Себебі жүзу барысында жүгіруден де көп калория жұмсалады.
7. Жүзу стресс кезінде де көмектеседі. Ол сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ағзаңызға тамаша энергия бөледі.
8. Ең бастысы, жүзу - керемет хобби. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз.
Бұл бетте Суда жүзудің сегіз түрлі пайдасы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Суда жүзудің сегіз түрлі пайдасы материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Bain
Жазды пайдаланып жүзіп жүзіп алу керек...Рысбек Гүлназ
Жүзген өте пайдалы екен! Жүзуді үйреніп алу керек! Осындай деректер көбие берсін!
Айдын
Жүзгенді жақсы көремін
Аружан
пайдалы екен
Алаш
Керемет