Өлең, жыр, ақындар

Ертегі айтудың маңызы

Германиялық профессор Ульрих Дикмайер (Ulrich Diekmeier) былай дейді: «Теледидар алдынан тұрмайтын өте ерке болса да, жасы қаншама кішкентай болса да, балаларға кішкентайынан ертегі айту өте маңызды. Ертегілер қоғамның мәдени бөлшегі. Барлық баланың ертегі тыңдап өсуі қажет. Балалар ертегілерден көп сабақ алады, ой-пікірлеуі, ақылы, сана сезімі қалыптасады. Кейбір ертегілерде қорқынышты, жауыздыққа негізделген сахналар болуы мүмкін. Сондықтан ондай бөлімдерді жұмсартып айтқан жөн. Ертегілер баланың жасына, деңгейіне қарай айтылуы тиіс.»

Алысқа бармай-ақ мұның мысалын еліміздегі ең жас ақын Жамбыл Дүйсенұлынан көруге болады. Жамбыл Дүйсенұлы бесікте жатқан кезінен бастап әжесінің ертегі, әңгімелерін тыңдап өскендігін, анасынан жыр, өлеңдер зерделегенін айтады. 5 жасынан өлең жазып, ақындар жарысынан қаншама бас жүлделерді иеленіп, 8 жасында жеке шығармашылық кешін өткізіп, 9 жасында «періште тілек» атты кітабын жарыққа шығарып үлгерген кемеңгер ақын. Ертегі, аңыз-әңгімелер, жыр-өлеңдер тыңдап өскен баланың ой-өрісі, зеректігі, тіл байлығы дамып, зейіні шыңдалып өсері сөзсіз. Сондықтан ата-аналар, бүгініміздің ертеңі болған жас-өспірімдерімізге ғибратты әңгімелер, аңыз-ертегілер айтып, жақсы тәлім-тәрбие беріп, балаға көңіл бөлу керектігін ұмытпағайсыздар.

 

Сілтемені басып оқуыңызға болады: Сайтымыздағы ертегілер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Сәуле

Бір кісі Энштейннен: - Баламды жасынан қалай ақылды ете алам? - деп сұрапты дейді. Оған берген жауабы да қарапайым болып шығыпты; - Балаңды жастайынан ақылды еткің келсе, оған үнемі ертегі оқы, ертегі айт. Ал, одан да қатты ақылды еткің келсе, онда одан да көп ертегі оқы, ертегі айт! Балаң сөзсіз кемеңгер болады - депті

Мура

Дұрыс айтылған!

Жанар Кусаинова

Тамаша, келісемін, құрметті әріптестерім, өйткені расында ертегі қазақ халқы үшін ежелден келе жатқан тәлім-тәрбие беретін бірден-бір үлкен мұра. Мен өзім, құдайға шүкір немерелі болып отырмын, ертегілерді өзім де білмеймін, сондықтан бұл сайттардың бетінен ертегілерді тауып, жүктеп алсам, алғысым шексіз болар еді. Немерелеріме ертегілерді көп айтқым келеді, олар каникулда, мен жазғы демалыста болғанда олар ға көп ертегілерді айту-менің қазіргі арманым!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер