Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: тұрақты даму рейтингі бойынша Орталық Азиядағы жетекші университет

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан­дағы ең ескі университеттердің бірі. ҚазҰУ 1934 жылы 15 қаңтар ашылды. 1991 жылғы 23 қазанда университетке Шығыстың ұлы ғалымы, ойшыл, энциклопедист, «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings 2023: Central Asia рейтингінде Орталық Азиядадағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы және төртінші БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабын басқару тарапынан ҚазҰУ үлкен сенімге ие.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті елеулі ғылыми-білім беру әлеуетіне ие және одан әрі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу мақсатын қояды.

3292 оқытушы-профессор сабақ беріп, 25477 студент жоғарғы сапалы білім алуда. ҚазҰУ Scopus ғылыми ауқымды ғылыми-метриялық мәліметтер журналында 12049 ғылыми жұмыс жариялады.

Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті оқу және тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ шетелдік ғылым және білім мекемелерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріндегі шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарының шақыруы бойынша халықаралық конференцияларға, кездесулерге университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлеріне шетелдік іс-сапарлар ұйымдастырады.

 ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді үлес қосуда. Университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес университеттерде орталықтар мен кафедралар құрылады. Сондай-ақ студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және өмірімен танысатын қазақ тілі курстары ұйымдастырылады, олардың ішінде Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетін (Ресей) және Адам Мицкевич университетін (Польша) атап өту керек.

 Өзіңіздің барлық қабілеттеріңізді ашуға тырыссаңыз, жарқын тұлғаға айналып өмірлік ұстанымыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті сізді күтеді!

Дінтану мамандығының 1курс магистранты Разбекова Маржан

Ғылыми жетекші PhD доктор профессор Қарлығаш Молдағалиқызы

Педагогикалық тәжірибе жетекшісі PhD доктор аға оқытушы Мұқан Нұрзат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар