Эссе және өлең-жыр байқауы

Тон

Тон – қойдың терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Ол үшін теріні шелінен арылтып, әбден илеп, оны қынамен, талдың қабығымен, томар бояумен бояйды. Бояудан кейін тері қоңыр, сұр немесе сарғыш, күлгін түсті болады. Осы теріден жүні ішіне қаратылып тон тігіледі. Жағасына, кейде жең аузына сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады.

Әйелдер тонының иығына, жең ұшына, өңірі мен етегіне кесте жіппен ою-өрнектер салады. Тон тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады.

Тонның ең әдемі, жылы, қымбат бағалы түрі – қамқа тон. Оны бұрын хан, би, бай, мырза, ханша сияқты ауқатты, белгілі адамдар ғана киген. Киімнің бұл түрі ондатр, құндыз, бұлғын, жанат сияқты бағалы аң терілерінен түгі сыртына қаратылып, астарланып тігіледі. Иін әбден қандырып, қынаға бояп, аң (қой) терілерімен жиектеп тігеді. Абылай ханның (1711-1781) ұрпақтары ХІХ ғасыр басында аққу терісінен қамқа тон тіккізген. Уәли хан (1741-1821) өлгенде оның қамқа тонын Айғаным ханша (1783-1853) ханның сыйлас замандасы Байдалы биге (1727-1822) кигізген.

Жоғарыда аталған тон түрлері күні бүгінге дейін сәнді киімдер қатарында зор бағаланып жүр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...