Өлең, жыр, ақындар

C-Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп

Қазір ХХІ-ғасыр  жаңа технологиялар, компьютер заманы деп аталады. Қарап отырсақ, күнде бір өзгеріс өмірімізге еніп жатыр.

Сондықтан заман ағымына қарай адам да, оның көзқарастары да үнемі даму үстінде. Менің осы  Кембридж бағдарламасы бойынша оқуға келуімнің өзіде өзгеруге бет бұруым деп білемін.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. (Strong Ward & Grand).

Мен өзімнің «1-бетпе бет»  кезеңінде алған  білімімді  мектептегі  іс-тәжірибемде  жалғастыру  үшін өзім қызмет жасайтын  Сайрам ауданындағы  №103  жалпы  орта  мектепте  өткіздім. Сондықтан   алдымен  мектептегі  әріптестеріме  курстан  алған  әсерімді  жеткіздім. Оқу-ісі меңгерушісіне  зерттеу жұмысымды  жүргізу  мақсатында  компьютермен  жабдықталған  яғни интерактивті  тақтасы  бар кабинет  сұрадым.  Іс -тәжірибемді  өзім  сабақ  беретін  4 «А»   сыныбында  өткіздім.    Менің  сыныбымда 22 оқушы  бар.  Оның  12  ұл  бала,  10 қыз  бала.  Бұл  сыныптағы  оқушылардың  мінез-құлқы,  есте  сақтауы    әр  түрлі. Үздіктер-6, екпінділер-9, орталар-7. Мен  өзгерістер енгізу  үшін  алдыма  мынадай мақсат қойдым: Бағдарламадағы 7 модульді тиімді қолдана отырып оқыту; Теорияда алған білімімді іс-тәжірибеде  қолдану; Теория мен практиканы байланыстырып, нәтижелі қорытынды шығару; оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімімді нығайту; Әрбір оқушымен шынайы қарым-қатынас орнату.  Өзім  сабақ  беретін  сыныптағы оқушылар мені  ерекше  сағынышпен, ықыласпен қарсы  алды. Оқушыларыма енді  бірлесіп  жұмыс  жасайтынымызды,  ынтымақтасып,  топпен  ақылдасып,   жұмыс  жүргізу  керек  екенін айттым. Оларда  менің әкелген  жаңалығыма  қатты қуанып, бәріне дайын  екендігін  айтты. Оқу  үдерісін  зерттеу  жүргізуде  алдымен оқушыларымды  тренинг  арқылы  топтарға  бөліп, бірлесіп  топ  ережесін құруға тапсырма бердім. Әр  топ  өздері  құрған  ережелерін ортаға шығып  қорғады. Содан  кейін  сыныптың  ортақ    ережесін құрды. Сабақта оқушылар енді  бір- бірін  тыңдауға, әркімнің  ойы  құнды  екенін,  үй  тапсырмасын  орындауда  үнемі сыныптастарына көмек беруін   түсінді. Бағдарламаны  оқып – үйрену және өз тәжірибеме  енгізуде  сыни тұрғыдан ойлау, бағалаудың  тәсілдерін жетілдіру, АКТ–ны  қолдану ,жас ерекшеліктеріне  сай білім беру,  диалогтік  тәсілдер бойынша жұмыс істедім.

Біліктілікті   арттыру бағдарламасының  мазмұны жеті модульді қамтиды :1) «Білім беру мен  білім алудағы жаңа тәсілдер»  модулінде  білім беру кеңістігіндегі  тәсілдерді  көптігіне қарамастан «Диалог  арқылы оқыту» және  «Қалай оқу керектігі» ғана қарастырылған. Диалог негізінде оқытудың ерекшелігі оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасынадағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екендігінде. Сыныптағы диалогтік әңгіменің 3 түрі бар: 1. Әңгіме - дебат: 2. Зерттеушілік: 3. Топтық әңгіме.  Ал «Қалай оқу керектігін үйретудің» негізгі қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Оқушылардың оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны қадағалау, бағалау, бақылау қабілетін өзгертуді түсінеміз.

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын, алған білімді есінде жақсы сақтап қалу мақсатында жұмысты барынша күрделі және әр түрлі болуын қадағалайды. Материалды «есте  сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін түсініп, мағынасын ажырата алуға үйренеді.

Мен сабақтарымда көбіне диалог арқылы оқыту модулін пайдаландым. Өтілген модульдердің қай-қайсысын алсақ та диалогпен тығыз байланыста тұрады. Себебі сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында міндетті түрде диалог жүреді. Мысалы: «халық ауыз әдебиеті» тарауынан  («Аққу, шортан һәм шаян», «Ара мен Шыбын», «Арыстан мен тышқан» және «Араша») мысалдары  тақырыбында сабақтар өткіздім. Бастауыш сынып оқушылары  болғандықтан жас ерекшеліктеріне байланысты еркін сөйлеп, еркін жазуға қабілеттері жетпей жатады. Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін осы «диалог арқылы оқыту» модулі арқылы дамытуға болады.  Диалог арқылы білім беру мен білім алу  оқушылардың өзара сұхбаттасуы және оқушы мен  мұғалім арасындағы  диалогтің шәкірттердің  өзіндік ой – пікірін  жүйелеуі  мен дамуына көмектесетін әдіс ретінде ұсынылған.  Сабақта  оқушылардың  өзара диалогқа түсуі  олардың  сөйлеу мәдениетінің жетілуіне, біреудің пікірін  тыңдау,  өзі пікір білдіру, шешім қабылдау, ой түю дағдыларының дамуына оң ықпал ететіні анық. Ал оқушы мен мұғалімнің  арасындағы диалог  сабақты демократияландыруға, түсінбеушіліктің  болмауына   жақсы ықпал етеді. «Қалай оқу  керектігін  үйрету» немесе  оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра   алатын білім жинау  жауапкершілігін түсінуге  және оны өзі мойындауына оң әсерін тигізеді. Қарапайым тілмен айтқанда, білім алушы  өз бетімен іздену (өз бетімен оқу, интернет ресурстарын пайдалану т.б), алған білімін  тәжірибеде қолдану арқылы білімнің пайдасын, нәтижесін көре алуы. Білім тек сөз жүзінде емес, өмірге қажеттілігі түсінікті болған жағдайда ғана  оқушы өзінің оқуына  жауапкершілікті  сезіне алады.

2)«Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту»  бағдарламаның өн бойында екі  мағынада қарастырылады. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және  мұғалімдерді  сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету.  Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау  олардың жобалау, болжау, синтездеу , ақпараттарды салыстыру  қабілетінің артуын  көздесе,  мұғалімдер үшін   сыни тұрғыдан ойлау  өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану  және бағалау әрекеттерін  сыни тұрғыдан  бағалауды қамтиды.

Кембридж бағдарламасының 2-модулі оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау- оқушыларды жоғары ойлау, сынай ойлау деңгейіне жеткізеді.  Бастауыш сынып оқушысы жаңалыққа жаны құмар, білмегенін білгісі келіп тұрады. Осы курс бойында үйренгенімді өз тәжірибемде қолданып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың білімге деген сенімін нығайтып, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастырдым, ынтасын арттырдым.  Сабақтағы басты өзгеріс-  оқушылардың жаппай тілдік әрекетке түсуі. Оқушылардың ойлау деңгейі әлдеқайда жоғарылады. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздерінің ашуы, кейіпкерге айналу, кейіпкермен бірге қуану сабақта жағымды эмоция, әсер қалдыратындай жағдайға жетті.

Әсіресе топтық жұмыстарда балалардың жандары жақындасып, бірге жасаған істерінің нәтижесін көру, оларды жоғары эмоциональдық жағдайға әкелетіндігі байқалды.  Сабақта өздерін еркін ұстап, білім алуға деген құштарлықтары мен қызығушылықтары артты.  Алған білімін кеңейту үшін өздігінен   оқып, топта, жұпта  жұмыс жасауға қалыптаса бастады.

3)« Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау»  оқуды тиімді бағалауды қарастырады. Білім алушылар өздерінің оқудың қандай  сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтама элементтерінің  бірі оқушылардың деректерді қолдануына басты  назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға  тартылуы мүмкін   бағалауды белсенді жүргізген кезде  белсенді қатысуы керек. «Білім  алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен  әрекет етуді қажет етеді.»( МАН 57-бет.)   Бірінші бетпе-бет  кезеңінде «бағалау» бойынша алған  теориялық білімім бойынша   өзімнің  тізбектелген  сабақтарымда   өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, топтық бағалау, мадақтама арқылы бағалау,бірін-бірі бағалау, алгоритмді бағалау  т.б түрлерін пайдаландым. Оқыту үшін бағалаудың модулін сабақтар топтамасына кіріктірудің мақсаттары мен әдістерін нұсқаулық бойынша  жүйелі түрде қолдана білдім. 

 Мен сабақтарымда жиынтық бағалау әдісінен қарағанда формативті бағалау әдісін пайдаландым. Жиынтық баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін, ал формативті бағалау оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында қойылады. Мұғалімдер мен  оқушылар үшін  өздерінің  қандай мақсатқа  жетуді көздейтінін,  мақсатқа жету өлшемдерін   түсіну не үшін  керек екенін  түсіну маңызды. Бағдарламаның  өн бойында бағалау критерийлері де қарастырылады. 

4)« Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану»  АКТ-ның мақсаты туралы нұсқаулықта былай делінген: -ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу үдерісіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасау және оны жүйелеу;  - білім  беруді ақпараттандыру кезеңіне педагог мамандардың біліктілігін арттыру. АКТ- педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, дегенмен ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек екендігін ескеретін болсақ, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың   дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін  реттеуге көп көмегін тигізе алады.

мұғалімдердің  курстың  соңында  сандық  технологияларды сыни тұрғыдан  сенімді пайдаланушыларға  айналатынын көздейді.

5)« Талантты  және дарынды балаларды оқыту»  модулінің көздейтіні  дарынды оқушыларды тануда, олардың қажеттіліктеріне көңіл бөлуде  мұғалімдерге  көмек беру.  Мен өзім сабақ беретін сынып оқушылар арасындағы өзіндік дарыны бар оқушыларға сене отырып, нәтижеге бағытталған жаңа сабақ үлгілерінде Кембридж бағдарламасы ұсынған талантты және дарынды оқушыларды оқыту модуліндегі Фриман ұсынған критерийлер арқылы жүзеге асыруға тырысып көрдім.

Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың ерекшеліктері қандай? –деген анықтамаларды нұсқаулық арқылы үйрендім.

Жалпы кез келген адам үш параметр: мүмкіндік, қажеттілік және мүдделілік  арқылы сипатталынады. Мүмкіндік-адамның нәтижесі тек өзі үшін ғана қажетті іс- әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетсе, қажеттілік- оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетеді. Ал мүдделілік –  адамның жеке тұлға ретіндегі  сипаттамасы. Нәтижесі орындаушы адам үшін ғана керек болатын іс- әрекеттің оқу іс-әрекеті деп аталатыны сөзсіз. Яғни, мүмкіндік-адамның оқушу ретіндегі сипаттамасы. Ал қажеттілік- адамның белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі ретіндегі сипаттама. Мүдделілік-адамды дүниені танып –білуші, ғалым ретінде сипаттаушы сипатама.( МАН 73-бет)

Дарынды  Ж.  атты оқушым әр топқа бөліну барысында ол өзінің лидерлік қабілетін байқатты. Топтың ережесін құрып, сол ережені үнемі топтағыларға ескертіп отырды. Топ мүшелеріде оны сыйлап, беделді болды. Сабаққа енжар қатысатын  оқушыларды да топқа біріктіріп, өзін-өзі реттеуге көмектесті.

З. атты оқушым сабақтар барысында тұйықтау көрінгенімен, өлең жазуға қабілеті бар екен. Оны мен сабақта З. тақырыпқа сай  өлең жазуынан аңғардым.Оның ойлау қабілеті жоғары екен. Тәрбие сағатында «Ең жақын кім адамға» тақырыбына эссе жазуға тапсырма берген болатынмын. Эссе жазғанда да ол анасы мен әкесіне  арнап 4 қатар өлең жазыпты. Бұдан мен оның жүрегінің нәзіктігін байқадым. Ол осы тәрбие сабағында жазған рефлексиясына былай деп жазыпты: « Маған жаңа әдіс- тәсілмен өтілген сабақ өте ұнады. Осы сабақтарда апайға ішкі жан-дүниемізді жеткізе аламыз.» Осы зерттеу сабақтар барысында З. атты оқушымның  көркем сөзге шебер екендігі байқалды. Тіл байлығы өте тамаша З. үй тапсырмасын орындағанда, жаңа тақырыпты талдағанда, эссе жазу барысында жүйелі ойлау, нақты пікірлер айту жағынан ерекше көзге түсті. Оның бұндай қабілетін бұрын қалай байқамағанмын деп таң қалдым.

Ал А. атты оқушым  сабаққа үлгерімі қанағаттанарлық, сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы. Алғашқы сабақтарда топқа бөліну барысында онымен ешкім отырғысы келмеді. Балалар «Ол біздің топты артқа тартады» деп наразылықтарын жасырмады. Ынтымақтастық атмосферасын құрып, түрлі ойындар арқылы топқа бөліну, сергіту сәттері арқылы балалар бір үйдің баласындай болып, татуласып кетті. А. оқушымның сурет салуға деген қабілетін байқадым. Ол сурет салуда белсенділік танытты. Өзінің де топқа үлесі тиіп жатқанын байқаған соң, ол өзін-өзі реттеді. Топ алдына шығып сөйлейтін болды.  Бұрынғы сабақтарда неге бұл бала сабаққа құлықсыз болды?- деп ойландым. Үйге барып түсірілген видеоны қарап отырып, дәстүрлі сабақтарда оған аз көңіл бөлінгенін байқадым. Бұл жерде топпен жұмыс жасау барысында, диалогта, жұппен жұмыс жүргізгенде бала еркін қарым-қатынас орнатады екен деген ой келді.

6) «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сай білім беру және оқу» модулі  басқа модульдермен тығыз байланысты. Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты себебі бұл екі модуль де оқушылардың қажетіліктерін қанағаттандыруға бғытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда, бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты  және де «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты .

7) «Білім беруді басқару және көшбасшылық» модулінде білім беруді басқару және мұғалімнің көшбасшылығы жәйлі айтылады. Менің пікірімше тек мұғалімнің көшбасшылығын емес оқушының да көшбасшылық қасиетін дамытатын модуль болып табылады. Мысалы: Топтық жұмыстарда топтың жұмысын қорғайтын , өз идеяларын дәлелдеп шығатын сол топтың көшбасшылары. Бұл модульді пайдалану арқылы оқушы мен мұғалім арасында тығыз  қарым-қатынас орнайды. .Бұл модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек дегенді тұжырымдайды. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгеру және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның барлық жерінде мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығы әр деңгей қырынан қарастырылу мақсатында Бағдарламада жеке модуль белгіленген .

Осы модульде айтылған көшбасшылық тәсіл «Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуды» негіздейді. Яғни осы бағдарламадағы модуль бойынша іс тәжірбиесін толықтырып ой–тұжырымдарын саралап, кейбір өткізген тәжірбиелері туралы анықтама жасап, зерттеп, бағалайды, дамыту шараларын ұйымдастырады.

Дәстүрлі оқытуда оқушылар жаттанды материалды белгілі бір уақытқа дейін ғана есте сақтап,кез-келген жағдайда оны өмірде пайдалана алмайтынын түсіндім. Ал, сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.  Практика  барысында қиындықтар кездесті. Топқа бөлу кезінде сыныптағы жақсы оқитын оқушылар өздері бөлек отырғысы келді.  Мен оларды қабілеті төмен оқушылар алға қарай ұмтылсын деп тренинг ойнату арқылы араластырып отырғыздым. Өз ойларын жеткізе алмайтын өз бойларында өздеріне деген сенімсіздік қасиеті бар оқушыларды байқадым. Мысалы  Ж., Н. деген оқушылар үнемі сабақта үнсіз отыратын. Ал келесі сабақтарымда пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі сәл болса да алға жылжу байқалды. Әр сабақ сайын оқушыларды өтетін сабағымның тақырыбына сай топтарға бөліп отырдым. Зерттеу кезінде осы оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріп орындатуға тырыстым. Бұл зерттеу кезінде менің байқағаным сөйлемей отыратын оқушыларым да кейінгі сабақтарда тапсырмаларға жеңіл  қарамай орындауға тырысты. Сабаққа көп араласа бермейтін оқушыларым Сабақта үнсіз отыратын Ж пен Н  мені де, оқушыларды да таң қалдырды. Зерттеу кезінде бірін бірі оқытуға және көмек беруге үйренді. Қорыта  айтқанда уақыт  тығыздығына  байланысты  уақытша  кедергілер  кездесті.  Іс  тәжірибемнің  нәтижесі  болу  үшін  төрт апта  уақыт  өте  аздық  етеді.  Сондықтан келесі   ІІ   жарты жылдықтан  бастап сабақты  жоспарлауды  қазірден  ойлап  жүрмін.  Практика  кезінде  өткен сабақтар оқушыларға  ұнады. Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізген соң  оларға  еркіндікте сабақ  өту  барысы  көбірек  ұнайтынын байқадым.  

Өткізген  сабақтарымның  барлығында  модульдердің идеялары аралас, өзара бірлікте қолданылды.  Өзімнің  бойымдағы өзгерісім ретінде оқушыларды ынтамен тыңдау, олардың жауаптарынан  басқаша көзқараспен қарау сияқты қасиеттерді байқадым. «Ұстаздық  - ұлы жол»  болса, курсты оқу арқылы  өзімді- өзім бағалауым жақсарды, өзгелердің пікіріне  сын көзбен қарауға үйрендім. Осы жолда алған білімімді ары қарай  дамыту мен жетілдіруді жалғастырамын .

Осы жеті модуль негізінде өтілген сабақтардан мен төмендегідей ой түйіндедім. Біз мұғалімдер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде  еркін сөйлей алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын, ойлау деңгейі дамыған, механикалық есте сақтаумен шектеліп қалмаған, алған білімдерін өмірде кез келген жағдайда пайдалана алатын оқушы ретінде қалыптасуына жол көрсетуіміз қажет. Бұл аз ғана уақытты қамтитын практикада үлкен өзгерістерге жету мүмкін емес. Дегенмен оқушыларда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Мектепке барғанда жасайтын іс-әрекетім осы модулдерді өз практикамда ары қарай дамытып, оқушылармен және де әріптестеріммен бірге тығыз жұмыс жасау. Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері бойынша қашықтықтан оқыту кезеңінде өз іс-тәжірибемде жеті модульді  сабаққа ықпалдастыра  отырып, мен өз сабағыма өзгерістер енгіздім.  Іс-тәжірибемнің алғашқы сабағында оқушылардың білім беру ортасын құру, оқу ептілігін дамытуға назар аудару, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрдым. Сабақтың мақсатында сыныпта топтық ережені құруды, өзін-өзі реттеуді, ынтымақтастыққа үйрету қарастырылды. Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі реттеуге байланысты белсенділік деңгейін анықтау, топтық ережені құру ұсынылды. Ең алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құрдым. Сабақтың мақсатында сыныпта топтық ережені құруды, өзін-өзі реттеу, ынтымақтастыққа үйрету қарастырылады. Оқушылардың белсенділік деңгейін топтық ережені құруынан,өз ойларын еркін айтуынан, қызығушылық танытқанын байқадым. 

Келешекте  сындарлы оқытуды өз сабақтарыма қолдана отырып, тиянақты жұмыс жүргізгім келеді. Жеті модуль арқылы  барлық оқушыны сабаққа ынталандыруда, өз ойларын   ашық айта отырып белсенділіктерін арттыруда пайдасы  көп екендігіне   көз жеткіздім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық . (2012 )

2.1-бетпе-бет кезеңіндегі ресурстар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз