Жарнама

Ұлы ғалым Әбу Райхан әл-Бируни

Тек Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл-Бируни, лақабы Әбу Райхан. Анасы оны қиын шарттарда, отын сатып өсірген. Бала кезінен ғылымға және зерттеуге ынталы болған. Харезмшахтарының қамқорлығына алынып сарай тәрбиесімен өскен. 17 жасынан бастап жетістіктерімен көріне бастады. Атақты ғалым Әбул Уәфаменен астрономиялық бақылаулар жасады. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап алғанында ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа алып барды. Арап, Парсы, Иврит, Рим, Сирий, Грек және Қытай тілдерін жақсы білетін. Математика, астрономия, геометрия, физика, химия, медицина, фармацевтика, тарих, география, этнология, геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты 30-ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап жемісін берді. 


• Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған.

• Сол дәуірде Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан 5 ғасыр бұрын Америка материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан.

• Геометрияны ботаникада қолданды.

• Айдың, күннің және жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелерге қол жеткізген.

• Материктердің солтүстікке қарай жылжуы туралы пікірді алғаш айтқан.

• Аурулар туралы да өте көп білген. Қай шөп қай ауруға дауа болатынын білген.

• Алгебра, геометрия, география салаларында заманының ең білімдісі ол еді.

• Тригонометрияны астрономиядан бөлек бір білім саласы етіп бөлді.  

• Алғаш рет жердің диаметрін өлшеген. Бұл өлшемі қазіргі өлшемге дәлме дәл келуде. Еуропада мұны Бируни жүйесі деп атайды.

• Тығыздық өлшеу құралын (пикнометр) тапты және ыстық сумен суық су арасындағы тығыздық айырмашылығын 0,041677 деп анықтады.

• Ғазналы Махмуд, Сәбуктәкин және Харезмнің тарихтарын жазды.

• Салыстырмалы діндер тарихының құрушысы болып саналды. 

• Ғылымның барлық саласына жарамды 180-ге жуық еңбектер жазды.

• "Айтқандарымның ішінде ақиқаттың сыртына шыққандары болса, Құдайға тәубе етемін. Барлығы Оның құдіретінде" деп айтатын.


Әл - Бируни кітабындағы айдың түрлі фазалары көрсетілген кескін.

 

Эклиптика көлбеуінің түрлі нұсқалары:

Ғалымдар

Жыл

Эклиптика көлбеуі

 Клавдий Птолемей

     -

 23 50º

 Әл-Мәмун астрономдары

 832

 23 33.39º

 Сабит ибн Курра

 875

 23 30.30º

 Әл-Баттани

 880

 23 35º

 Әл-Бируни

 995

 23 27º

 Бредли

 1750

 23 38.3º

 Тихо Браге

 1790

 23 30º

 Қазіргі заман өлшемдері

 1950

 23 26.7

 

PS: Ашқан жаңалықтары әлем ғалымдары тарапынан әлі күнге дейін қолданылып келуде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)