Асты «Бісміллә!» деп бастайтын қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайыратын әдетінен әлі күнге дейін жаңылған жоқ. Мұны ас қайыру деп атаймыз. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлеңмен де, тақпақтап та жеткізуге болады.
* * *
Дастарханың бай болсын. Қазан-ошағың май болсын. Төрт түлігің сай болсын. Көңілің толып жай болсын. Ұлың қонып қияға, Қызың қонып қияға, Келінің бибі атанып, Ұлың болсын би аға. Бергеннен Алла танбасын, Көбейе берсін мал басың, Өсе берсін жан басың, Арманың көкке самғасын. Досыңнан көңілің қалмасын, Жағаңнан дұшпан алмасын, Жолың болып жортқанда, Жолыңды Қызыр жалғасын.
* * *
Берейін бата асыңа, Амандық берсін басыңа. Бөденедей жорғалап, Қыдыр келсін қасыңа, Бар екем деп тасыма, Жоқ екем деп жасыма. Еңбек етсең ерінбей, Дәулет келер қасыңа. Көре алмаған дұшпанның, Жуа бітсін жолына. Бақытың жетсін төтелеп, Дүние малды жетелеп, Аузыма түскен батаның Жатырмын бәрін түгендеп! Көтердік міне білекті, Ақтардым түгел тілекті, Мынау тұрған балаңыз, Батыр болсын жүректі.
* * *
Дастарханың бай болсын.
Қазан-ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.
* * *
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп,
Аузыма түскен батаның
Жатырмын бәрін түгендеп!
Көтердік міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Гулжамила
Аллаға мыңда бір шүкір!Қазақ болып туылғаныма мақтанамын.керемет ғой баталары қариялардың.тыңдай бергің келеді де тұрады.
ГАЛЫМЖАН
Бар екендеп тасыма, жок екен деп жасыма шүкір жаксы болып калдым осы мағыналы сөздерді бар казак баласы жүрегімен окыса екен Аумин
Зейнеп
Аллаға шүкір қазақ деген еліміз ғо бата білмеу ұят шығар. Осындай көнекөз қарияларымыз аман болсын әманда. Керемет бата.
Айша
Өте керемет балалар.ҚАЗАҚ мәңгі жасалсын!
Аина
Аллаға мын да бңр шүкір!!!
Ардақ
Қазағымның бағы таймасын.
Жасулан
биз казак болып туылганымыз ушин Ата бабаларымыздан калган Баталарды Ари караи биз галгастыруымыз керек Алла тагала бизге сабыр берип салт дастуримизди умытпаиык
Амангелді
Ата бабалармыз сөзге бай болған кезінде соны урпаққа жеткізе білу міндетіміз
Ахан Арман
Қазақ болып бата білмеген үят болар