Шахмат неге спорт түріне жатады?

Спорттың бірінші кезектегі мақсаты өзіндік «Меніңді» көрсету, үздік нәтиже мен белестерді бағындыру. Мұнда физикалық, интеллектуалдық деңгейі, жаттығулар, өз-өзіңді басқару мен, әрине, эмоционалдық тұрақтылық сынға түседі.

Мұндай мінездемелер шахматқа да сай. Алайда көптеген адамның пікірінше, шахмат спортқа жатпайды.

Шахмат 100-ден аса мемлекетте спорт түрі болып қабылданған, ал халықаралық олимпиада комитеті шахматты спорт түрі ретінде ресми түрде 1999 жылы мойындады. Алайда ол кезде де шахмат олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмеген болатын. Олимпиадаға кірмеген бұл жалғыз спорт түрі емес. Мұндай шараларға интеллектуалдық ойындар өтеді.

Көптеген адам спорт міндетті түрде физикалық белсенділік пен өз-өзіңді жетілдіруден тұру керек деп есептейді. Кәсіби спортшылар ой өрісі тар, ақылсыз адамдар деген пікірлер де бар. Тәжірибеге сүйенсек бәрі керісінше екенін айту керек – интеллектуалды дамыған адамдар ғана үздік нәтиже көрсете алады. Спорттың барлық түрі физикалық күш пен ептілікті қажет етпейді.

Шахмат шығармашылық ой-өрісті, интеллектті дамытып, есте сақтауды жақсартады. Мұнда дұрыс шешім мен оған жауапты дұрыс қабылдау маңызды болып саналады. Бұл спорт түрінде айқасқа тікелей әсер ететін тактикалық ойлау басты фактор болып саналады.

Бұдан өзге шахматшының физикалық дайындығы да мықты болуы тиіс. Физикалық әлсіз адам көп уақыт бойы отырып жаттығу жасай алмайды. Және ең соңғысы – бұл еңбекқорлық, жинақылық пен табандылық.

Себебі жарыстарға дербес жаттығу қажет болады. Демек, кезекті жеңісте психологиялық икемделу маңызды роль атқарады, әсіресе, егер қарсыластардың шеберлігі тең дәрежеде болса.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (2)

Санат

Кәсіби емес, жалпы спортшылардың көбісінің интеллект жағынан төмендеу деп санаймын. Барлығы емес әрине. Өйткені, спортшылар көп оқымайды, көп уақыттары спортпен айналысуға жұмсайды

Алма

Санат, шахматшылар да ма?

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)