Өлең, жыр, ақындар

Саусағыңыздағы сурет сіз жайлы не айтып бере алады?

Саусақтағы өрнектерді зерттейтін арнайы ғылым дерматоглифика деп аталады. Ғылым саусағыңыздағы суреттердің мінезіңізбен және әдебіңізбен қандай байланысы бар екенін түсіндіруге көмектеседі. 

Өзіңіз жайлы қызықты мәліметтерді білуіңіз үшін Bilim-all.kz осы ғылым саласындағы кейбір құпияларды ашып беруді жөн көрді.

Ілмек тәрізді сурет – еуропалықтардың басым бөлігінің саусағында бар. Бұл сурет адамның салмақты әрі байыпты мінезі бар екенін көрсетеді. Мұндай адамдар сын сағатта бей-жай қарай алмайтын, достар қатарын тез көбейтетіндердің санатында. Олардың жауапкершілігі бар, барар жерге ешқашан кешікпейді, алайда бастамашыл қасиеті жоқ.

Мұндай адамдар жаңа сезімдер мен мәліметтерді негізінде басқа адамдармен байланысқа түсу арқылы алады. Олардың эмоциясын оқып қою оңай, себебі олар ашық адамдар. Денсаулықтары да жақсы, тіпті жақсы дамыған болады. Алайда олар бала кезде көп ауыратын болған. Ілмек суретті адамдардың мінез-құлқы – сангвиник. Жалықтыратын және жалғыз ілікті жұмыстан безеді. Егер ілмек сурет барлық саусағында болса, бұл оның қиялының аса дамығанын, кейде тіпті өмір шындығына жанаспайтын ойларды көп ойлайтынын көрсетеді. Мұндай адамдар жайлы «Қойдай қоңыр, Қозыдай момын» деген мақал бар.

Саусағында осындай суреті бар адамдардың әрқашан энергиясы тасып тұрады, олар өзіне сенімді. Сенімділік бар қасиетінен көрінеді: еңсесін тік ұстауы, жүрісі, тәртібі, ым-ишарасы. Оларды бір алған бетінен қайтару мүмкін емес, қателескенін де мойындату оңайға соқпайды, олар әр жасаған шешімін соңына дейін дұрыс деп дәлелдеуден шаршамайды. Нақты ойлау жүйесі бар. Қоршаған кеңістіктегі өзгерістерге бейімделу мәселесінде мұндай адамдар тығырыққа көп тіреледі және айналасындағы адамдардың пікіріне мойынсынуды білмейді. Бар ой-өрісі қарапайым әрекеттерден туындап отырады. Алайда алға қойылған тапсырманы орындау үшін өзге адамдардың көмегіне жүгінуді әдетке айналдырған.

Саусақ ізінде иін суреті бар адам – холерик. Шығармашылықты сүйеді. Ым-ишарасы анық, әртістікіндей болады.

Қиын сәттерде ол көрінген іспен айналыса жөнеліп, осылайша өз назарын басқаға аударуға бейім. Қарым-қатынаста ерекше биязылықты суқаны сүймейді, дегенмен өте адал дос әрі ешқашан сатып кетпейді.

Саусағында ирек сызықтары бар адамдар ашушаң келеді, қайтымы тез адам. Шығармашылық дарыны бар, қабылдауы жақсы, тез үйренеді және кез келген оқиғаны сараптап отырады. Бірнеше істі қатар бастап, орта жолда тастап кетеді және қызығушылығы жоғалады. Психикасы тез қозғыш, тұрақсыз. Көңіл-күйін тап басып айту қиын, өз сезімдері мен уайым-қайғысын ішке жасырады. Жалғыз болуға және өз-өзіне есеп беруге құмар. Көп жағдайда өзіне көңілі толмайды, күмәні көп адам. Негізінде сезім ішкі ойдан туады, ал мәліметті жазбаша хаттар деректерінен алады.   

Ирек сызықтары бар адамның темпераменті – флегматик. Сөйлеген сөзі анық емес, жай әрі баяу шығады. Сол немесе оң қолдарындағы сұқ саусақта ирек болса, онда мұндай адам туа бітті ойшыл. Бағдарламалауға, заңгерлік іске және ғылыми жұмыстарға бейімі бар.

Жалпы қорытынды жасайтын болсақ, саусағында ирек суреті бар адамдардың мінезі ауыр, қолынан не келетінін біле бермейтін адам.

Дереккөз: uglion.ru


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Замір

Менің саусағым Ілмек тәрізді екен!)

gulzatprimkulova

менің де саусағым ілмек тәрізді

gulzatprimkulova

менің де саусағым ілмек тәрізді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар