Өлеңдер бөлімі

Жайлы аймақтан шығу үшін 3 себеп

Әр адам өмірін жайлы әрі ыңғайлы еткісі келеді. Кең үй, жаңа автокөлік, жұмсақ төсек, жылдам істейтін компьютер. Өркениеттің бұл игілігінен бас тарту ақымақтық болар еді.

Алайда бәріне қол жеткіздім, өмірім – жұмақ дейтіндер уақыт өте келе мұндай жайлы өмірдің өзіндік қауіптілігі бар екенін түсіне бастайды. Қай жағынан қауіпті және одан неге алшақ болуымыз керек?

Ыңғайлы, жайлы өмірдің еш жамандығы жоқтай көрінеді. Сіз өзіңізді жайлы сезінесіз, тәуекелге барудың еш қажеті жоқ, жұмысыңыз жүріп жатыр, ештеңені өзгертудің қажеті жоқтай көрінеді. Дегенмен сіз өзіңізді толыққанды бақытты сезінбейтін шығарсыз, немесе 100% қанағаттанбайтын шығарсыз, солай емес пе? Солай.

Көбіне жайлы аймақ адамның өз-өзін алдауынан, иллюзиясынан туындайды. Бүгінгі жағдайыңызға үздік балама жоқ деп ойлайсыз, осы жағдайды жасау үшін тым көп еңбек еттіңіз, бірдеңе өзгертуге тым кеш дейсіз. Сіз ыңғайлы болса да, бір жерге тоқтайсыз да, өміріңіздегі тамаша мүмкіндіктерге жоқ дейсіз. Жайлы аймақ жолыңыздың соңғы аялдамасына айналады. Неге олай болады?

Сіз жұмсақ бола бастайсыз

Жылы ваннаға кірген адаммен бірнеше минуттың ішінде не болады? Оның бойын жылулық билеп, өзін жайлы сезіне бастайды. Ал мұндай күйді ұзаққа созатын болса ше? Дұрыс, ол деградацияға ұшырайды. Бұлшық еттері пішінін жоғалтып, біраз  уақыттан кейін ол жүгіру тұрмақ, бір орында тұра алмайтын болады.

Бірақ бұл денеге ғана қатысты емес. Миымызбен де дәл осы процесс қайталанады. Қиын тапсырмаларды орындауға қажетсіздік ойлау қабілетін, білім алу қабілетін төмендетіп, шешім қабылдай алмауға әкеледі. Сіз күнделікті бір аймақта жүріп-тұратын және бір ғана тапсырмаларды орындап жүретін қуыршаққа айналасыз. Соның арасында, өміріңіздің қай кезеңі сіз үшін өнімдірек және шығармашылыққа толы болды? Ол уақытты жайлы шақ деп айта алмайтыныңызға сенімдіміз. Біреулер ұйқысыз өткен студенттік шақтарын есіне алады, басқалар шытырманға толы оқиғалар мен саяхаттарын, ал үшіншілері – бәрін басынан бастау керек болған қилы кезеңді.

Сіз өмірлік мақсаттарыңыздан бас тартасыз

Әр адамның, жарайды, адамдардың көбінің жүрек түбінде өмірде қол жеткізгісі келетін мақсаты болады. Бір қызығы, әдетте ол мақсаттар қол жетімсіз және қияли болмайды. Бірақ бәрібір бізге бірдеңе кедергі болады. Біз мақсатымызды кейінге шегере береміз, ал айналаңызда жайлы аймақтың өркендей беруінен ол тіпті қол жетімсіз болып қалады. Себебі бір уақытқа жылы ваннадан шығып, далаға шығу қиын ғой.

Сіз өзіңізді тани алмай кетуіңіз мүмкін

Адамның беті қиындыққа ұрынғанында ашылады деген пікір бар. Сіз өмір бойы жайлы ортада өмір сүріп, қолыңыздан шын мәнінде не келетінін білмей өтуіңіз де мүмкін. Сіз шынымен батыл әрі өнертапқыш бола аласыз ба? Сіз шынымен қайсарлық танытып, шыдамды бола аласыз ба, әлде сондаймын деп ойлайсыз ба? Жайлы аймақтан шығып, тым құрығанда өзіңіз үшін, шын мәнінде қандай адам екеніңізді және мүмкіндіктеріңіздің шегі қай жерде екенін түсінетін уақыт келді. Нәтижесі сізді таңғалдырмай қоймайды.

Ерте ме, кеш пе жайлы аймақ кез келген адам үшін оның дамуын тежейтін және өмірді сезімнің өткірлігінен айыратын факторға айналады. Өміріңіздің ең қызықты сәттерін есіңізге алыңызшы. Олардың көбі әдеттегі өмірден тыс әрекеттерді жасау кезінде болған шығар? Жайлы аймақтан шыққан кезіңізде болды. Енді осыны неге қайталап көрмеске?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Марат

Студенттік күндер деп сағынып жатамыз ғой... Енді түсінікті болды )

Есімхан

Пост ұнады! Дұрыс айтылған!!

Ғалым

Дұрыс! Алға қарай ұмтылу керек! Тоқтамау керек!

Арлан

Орынды! Жеттім, жетілдім деуден сақ болу керек!

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...