Өлең, жыр, ақындар

Осылайша мұғалім оқушылардың сабаққа келу көрсеткішін 40%-дан 93%-ға көтерді

Бронкстық мұғалім Стивен Ритц (StephenRitz) қатардағы қарапайым мұғалім ретінде қызмет істеп жүрген. Алайда оның өмірінде үлкен трагедия орын алады, баласының ғұмыры қыршыннан қиылады.

Бұл ауыр қаза оны қатты өзгертті, бірақ Стивен еңсесін түсірмеді. Көп ұзамай Стивен өз ауданындағы жағдайы нашар балаларға көмектесуге бел буады. Осы оймен ол оқушылардың 17%-ы ғана орта білім туралы куәлік алатын, ал қалғаны сабаққа бармай, бітіру емтиханынан өте алмайтын балалар оқитын мектепке мұғалім болып орналасады.

Мектепте зорлық-зомбылық, кейдейлік жайлаған, балалардың көбі аш болатын. Стивеннің шәкірттерінің 99%-ы тегін тамаққа зәру болған еді.

Бронкс ауданында тұратын адамдардың денсаулыққа пайдалы тағам алуға жағдайы жоқ. Тұрғындардың көбі кішкентай дүңгіршектерден арзан тамақ алып үйренген, ал көбі тіпті фастфудты жөн көреді.

Тағам жетіспеушілік физикалық аурумен қатар, психологиялық проблемалар тудырады, себебі бала бүгін нәр тататынына сенімді болмайды.

Бірде Стивеннің басына тамаша ой келеді. Біреу оған нәркес жуашықтары салынған қорапты сыйға тартады. Ол оны балалар бір-бірін атып ойнамасын деп сыныптағы жылу құбырының артына тығып қояды. Уақыт өте келе жуашықтар өсіп, гүлге айналады, ал олардың өсу процесі оқушыларға жақсы әсер етеді.

Осы процесс Стивке ой салады: егер балаларға нәркестің гүлдеуі ұнаса, демек басқа өсімдіктердің де өсуі ұнау керек – мысалы жеуге болатын көкөністер мен шөптер. Басқаша айтқанда, балалар өз тағамдарын мектепте өсіре алатын еді.

Осылайша балалар мен жасөспірімдерге дұрыс тамақтануды үйрететін, көкөністер мен шөптерді өз бетіңше өсіруге мүмкіндік беретін Green Bronx Machine қайырымдылық ұйымының негізі қаланады. Балалар өнімді өздері ғана жемей, отбасымен бөлісу үшін үйіне алып кете алатындай да болды.

Бүгінде осы ұйымның арқасында Бронкста ғана емес, Нью-Йорк бойынша да, АҚШ-тың басқа қалаларында да мектеп ішіндегі бақтар мен жылыжайлар құрылған. Бұл балаларға дұрыс тамақтануға мүмкіндік беріп, жасөспірімдерді еңбектенуге баулиды. Бұдан өзге, жас бағбандардың үлгерімі мен сабаққа қатысу көрсеткіші біршама артқан. Стивтің сыныбында бұл көрсеткіш 40 %-дан 93%-ға артқан, ал кейін оның барлық оқушысы бітіру емтиханынан өткен.

Стивен Ритц өзінің өнертабысы — «жасыл қабырғаның» аясында. Бұл жерде салат пен басқа да көк шөпті сыныпта өсіруге мүмкіндік бар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Бекнұр

Керемет əдіс

Назгул

Өте керемет тәсіл екен.

Куат

Оте тамаша адис екен бирак токшылыкта омир сурип жаткан балаларга асер етпеси анык.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар