Өлең, жыр, ақындар

2017 жылы 21 мың адам ақысыз техникалық және кәсіби оқумен қамтылады

Ақысыз кәсіби-техникалық білім мектептен кейін оқу орындарына түспеген жастарға ұсынылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Нұрымбетов жаңа нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасында сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік қағидаттарына жаппай оқыту мен дағдыларды үйрету, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналасуға әрекеттесу мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту қадамдары қамтылғанын жеткізді.

«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2,5 жылға дейінгі оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім алу ұйымдастырылып, мұнда бәрінен бұрын мектепті аяқтағаннан кейін, оқу орындарына түспеген жастарға назар аударылады. Биыл техникалық және кәсіби оқытуда 21 мыңнан астам жас қазақстандықты қамту жоспарланып отыр. Осымен бірге, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары шеңберінде кәсіби оқытуға арналған қысқамерзімді курстар өткізіледі (1-6 ай аралығы). Бұл оқу түрінде 26 мың адамды қамту көзделуде», - деп мәлімдеді вице-министр.

Бағдарламаның екінші бағытында, ауылмен қатар, қалаларда да жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалады.

«Өтеу мерзімі 7 жыл несиенің жылдық мөлшерлемесі 6% деңгейде сақтала отырып, 18 миллион теңге мөлшерінде ұсынылады. Несиенің қолжетімділігін кеңейтуге арналған келесі бір тың шара- несиені кепілдендіру тетігі енгізіледі: бизнесін енді бастағандарға 85%-ға дейін және жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлерге 50%-ға дейін. Ауыл мен шағын қалалалардағы несиелеу, шағын қаржы ұйымдарын қосқанда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүргізіледі. Қалаларда шағын несиелеу, ауылдық жерлерге арналған шарттардағыдай, екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асатын болады. Үстіміздегі жылы 10 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда», - деп байыптады Біржан Нұрымбетов.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, арнайы тренерлер мен табысты да тәжірибелі кәсіпкерлерді тартқан райда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы «Бастау-бизнес» жобасы арқылы қолға алынады. Ағымдағы жылы оқумен 15 мың адам қамтылмақ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (11)

Абылай

Биыл 11-сынып оқып жатқандар қабылданама

Айгул

Мен бизнес бастагым келеди бирак каражат болмай жумыссызбын.оган кандай комек усыныс ои пикирлер бар.

Айгул

Мен жеке касип бастагым келеди.оган мемлекеттен кандай комек алсам болмаса ои пикир айтсаныздар.оку канша жастан бастап окуга болады

Саламатсыздарма менде жумыстан шыгып оз касибимди

Есімім Бақытбек касип бастагым келеди қаражат жеткіліксиз қайдан алсам болады ой пикир айтыныздаршы

Бақытбек

Жана бизнес бастагым келеди каражат жагы жеткиликсиз кайдан алуга болады комекти оны алып кететиниме козлим анык жетеди

Ерлан

Өз қалаңыздағы кәсіпкерді қолдау бөлімдеріне барып ақпарат алуға болады. Сол жерде барлық сұрақтар қойып, жауап ала аласыздар. Ең бастысы қарапайым нәрседен бастаған дұрыс шығар

Толганай

Мен 10 сыныпта окимын. 9 СЫНЫПТАН ШЫГАЙЫН ДЕСЕМ ОКУГА ТУСНТИН АКША ЖОК БОЛЫП КАЛДЫ. МЕН КОЛЕЖГЕ ТУСУКТИН АКША ЖОК УЙДИН ЖАГДАЙЫ ЖОК. СИЗДЕРДЕН ОТИНИШ МЕНИН ОКУАГА ТУСУИМЕ КОМЕК ТЕСИНИШИ ОТИНИШ?

женис

Саламатсыздар ма мен касип пен айналыскым келеди бирак та кай тури мен айналыскан дурыс кандай жолдары бар . Сол жайында акпарат алсам деп едим

Мейрамбек

Менін інім 11 сынып бітірген жоғары окуға түсе алмады
Окуға түсуге көмек берсеніздер
87057333133

Магжан

Мен былтыр 76балл алып окуга тусе алмай калдым, толык акпаратты кайдан билуге болады...

Ботакөз

Сәлеметсіздерме сіздерде тегін шаштараз оқуы барма мекен жайын жазыңыз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар