Атопиялық дерматит — диатез, балалар есекжемі, созылмалы аллергиялық, яғни ауық-ауық қайталанып тұратын ауру. Асқынған кезінде жазылмай, тұрақтап қалуы да мүмкін. Тұқым қуалайды. Әке-шешесінде осы кесел болса, балаларының бұл ауруға шалдығу қаупі 80 пайыз шамасында.
Тері құрғап қабынуға ұшырайды, қышиды. Қол мен аяқтың буын тұстарының, беттің, бастың, мойынның терісі кеуіп, дуылдап қышиды. Сәбилерде атопиялық дерматит әдетте беттен, шынтақтан, әйтпесе тізеден байқалады. Дененің басқа тұстарынан да сезілуі мүмкін. Жасөспірімдер мен ересектерде бөрткен көбіне тізе мен шынтаққа, мойынның екі қапталына, мойынға, қолтыққа, алақанға, бетке шығады.
Атопиялық дерматит сәби шақтан басталып, есейген кезде де жалғаса береді. Кейін өрши келе аллергиялық ринитке, кейде қолқа демікпесіне де ұласуы мүмкін.
Бөбектер бұл ауруға әртүрлі аллергендердің, немесе аллергендер туғызатын заттардың салдарынан шалдығады. Үш жасқа дейінгі сәбилерде азық-түлік аллергендері негізгі рөлді атқарады. Жалпы атопиялық дерматиттің туындауына кез келген тағам себепші болуы мүмкін. Аурудың жиілігі ас-судың сипатына, баланың денсаулық ерекшелігіне байланысты. Бір жасқа дейінгі нәресте үшін атопиялық дерматиттің бастапқы аллергені сиыр сүті болып табылады. Баланы біресе емшек сүтімен, біресе қолдан аралас қоректендіру де себепші болады.
Аллергия негізінен жұмыртқа, балық, теңіз, цитрус өнімдері, жүзім, қызанақ шырындары, сәбіз, қызылша, саңырауқұлақ сияқты азық-түліктерден туындайды. Соңғы кездері балалардың банан, киви, авокадо, құрма, анар сияқты жемістерден де аллергияға ұшырауы жиілеп барады. Атопиялық дерматит шикілей пайдаланған балдыркөк, желкөк, пияз, ашыған қырыққабат, мал және тауық етінің сорпасынан да еселене түсуде.
Ересектер азық-түлік аллергиясына сирек шалдығады.
Бала өскен сайын оған тағамдағы аллергендердің әсері азайып, ауадағы аллергендердің ықпалы күшейе түседі. Мұндай аллергендерге үй ішіндегі шаң-тозаңда, үй жануарларында кездесетін микроскопиялық кенелер жатады.
— ауа райына және тегіне қатысты факторлар;
— отбасының тамақтану дәстүрі;
— тері күтімі тәртібін сақтамау;
— тұрмыстық қауіптер (бөлме жылуының 23 градустан асып кетуі, ауа ылғалдыгының 60 пайыздан төмендігі, үйде хайуанаттар ұстау,
— балалар отырған жерде темекі тарту;
— торығу;
— вирусты жіті жұқпалар.
Ерте анықтап, емдеу, аурудың ауыр түрге ауысуының, асқынуының алдын алады. Ауруды қоздыратын компьютер, кілем, теледидар сияқты шаң жиналатын заттарды, бөлменің еденін, жасау-жабдықтарын ылғал шүберекпен жүйелі түрде сүртіп тұру, мал не құс жүнінен жасалған төсек орын пайдаланбау керек. Сондай-ақ күш-қуатты сарқитын ауыр жұмысқа жегілмеген жөн.
Әрине осы күні дәрі-дәрмектің атопиялық дерматитті тез арада жоятынын не бақылауда ұстауға мүмкіндік беретінін ұмытпау керек. Бірақ ол үшін тек дерматолог-дәрігердің ақыл-кеңесіне жүгінген абзал.
А.Е.Ярулин жоғары санатты дерматолог-дәрігер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі