«Суыр күні» оның өмірін өзгертті. Ол сіздің де өміріңізді өзгертуі мүмкін.

Бұл әйгілі фильмді көргеніңізге көп болды ма? Көрген болсаңыз, тағы бір қайталап көріңіз дейді кәсіпкер Пол Хэннам. Миллионер қалпынан банкротқа ұшыраған кезде оның аяқтан қайта тұрып, өмір құндылықтарына жаңа көзқараспен қарауына дәл осы «Суыр күні» көмектескен екен.  

Пол Хэннам әйелі Лоррейнмен бірге.

48 жасында Пол Хэннамға жұмыс істеудің керегі де болмады. Британ кәсіпкері уақытының көбін өзінің Санта-Федегі жайлы жеке жайындағы теннис кортында немесе Тынық мұхитының серфинг жағалауындағы Энсинитас қаласында үлкен үйінде өткізетін. Бірақ еңбекқор Хэннам қол қусырып қарап отырғанды ұнатпайтын. Билік пен байлық оның өмірінің мәні болатын.

Оның Ұлыбританиядағы кеңес беру бизнесінің жылдық айналымы 29 миллион фунт болатын. 2006-жылы Хэннам бұдан да үлкен пайдаға кенелмек болып, отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп келді. Осы уақытқа дейін ол экологияға қатысты екі стараптың тізгінін ұстап жүрген еді.

2008-жылғы дағдарыс Хэннамды да айналып өтпеді. Оның активтерінің құны  40%-ға төмендеп кетті. Салымшылар оның жобасына қызығушылық таныта қоймады. Жылдар бойы көңіл аудармаған отбасының да ойраны шықты.

2009-жылы Хэннам банкротқа ұшырап, күйзеліс үстінде жүрді. Ескі жараның орнын емдеу үшін ол Британияға қайта оралды. Бұлай жүре беруге болмайтын еді.

«Мен өмірімнің өз дәрежеме, ықпалыма лайық болғанын қалап едім. Бірақ бұл маған бақыт әкелмеді,  – дейді Хэннам. – Бірнәрсені өзгертуім керек болды.»

Егер өміріңізге өзгеріс келмесе, онда өзіңіз өзгере аласыз. Бұл сізді бақытты өмірге қайтып әкеледі.

Сегіз жыл өткеннен кейін ол бұрынғыдан да бақытты, салауатты өмір салтын ұстанған бақуатты адамға айналды.

Оның қазір жаңа кәсібі бар – «эмоциялық интеллект» тренингі. Батыс Суссексте ескі қоймадан жасалған ұядай жайлы үйінде тұрып жатыр. Екінші әйелі Лоррейнді «жақын туысым» деп атайды.

Осындай өзгерістің себебі не болды екен?

Пол үшін бетбұрыс кезеңі жалғыз қалған сенбінің бір кешінде Американың «Суыр күні» деген классикалық комедиясын көрген кезден басталды. Әрине, ол бұл фильмді бұрын да, 1993-жылы алғаш шыққан кезін-ақ көрген болатын. Тіпті, кинотеатрда қалай күлгені де есінде. Бірақ, өміріне үлкен өзгеріс енген кезде ол бұл фильмнің терең мағынасын түсінді.  «Бұл фильмнің кинематографиядағы ең жарқын рухани тәжірибенің бірі болып есептелуі бекер емес, – деп түсіндіреді Хэннам. – Мен мұны жеке өзгерістің, өмірдің мәні үшін күресу әдісінің және өзіңді алға сүйреудің үлгісі ретінде қабылдадым».

«Суыр күні» бас кейіпкері үшін үнемі бір күн – 2-ақпан - қайта-қайта қайталана береді.

«Суыр күнін» көрмегендер үшін – бұл Фил Коннорс (оны Билл Мюррей ойнайды) есімді мазасыз, арсыз синоптик, шағын арнаның қызметкері туралы оқиға. Ол кішкентай қалашыққа келіп, жыл сайын ауа-райын «болжайтын» суырлар туралы сюжет түсіруі керек болатын. Бірақ, неге екені белгісіз Фил үшін үнемі бір күн – 2-ақпан - қайта-қайта қайталана береді. Ақыры ол жағдай өзгермесе, демек өзі өзгеру керек екенін түсінеді. Ал оның соңы үлкен сәттілікпен аяқталады.

Хэннэм өзін тура Фил Коннорс сияқты мағынасыз өмірдің қақпанында жүргенін сезінгенін мойындайды. Және дәл сол сияқты өмір бойы басшылыққа алып келген, адамды құрдымға кетіретін жаттанды әдеттерден арылады.

Оның « «Суыр күннің» даналығы» кітабында пайдакүнем кәсіпкерден әлеммен және өзімен үйлесім тапқан адамға қалай айналғаны туралы жазылған. Егер біз күн сайын аз-аздап жақсы жаққа өзгеріп отырсақ, онда өз ойымызды, әдеттерімізді және қарым-қатынасымызды жақсарта аламыз. «Маған бұрынғы өмірім керемет көрінетін, – дейді Хэннам. – Бірақ жан дүнием бос болатын, өзімді құмнан жасалғандай сезінетінмін. Мен тек бос қиялмен өмір сүрдім. Кейін ол құмды толқын шайып кетті.»

Бұл әдіс күнделікті өмірден алыстап кетпестен, өзіңді-өзің тануға; айналадағы шындықты белсендірек тануға ұқсас нәрсе. Хэннам үшін медитация жасап, өз ортасындағы оқиғалардан жырақтап қалу қиын болды. Ол айналсында болып жатқан оқиғаларды дұрыс түсініп, жаман әдеттерден арылуға тырысты. 

Мен өзімді қақпанда қалғандай сезіндім. Бұдан шығар жалғыз жол – үйімді ауыстырып, жаңа кәсіп бастау керек деп ойладым. Бірақ мен тек бұрынғы қиындықтарымды жаңа сценрийге ауыстырған екенмін.  

Зерттеулерге сүйенсек, 90% ой мен 40% әрекет күнделікті қайталанып отырады екен. Бұл ойсыз әдеттердің салдары. Біз олардан мүлдем арыла алмаймыз. Бірақ, жаңа, неғұрлым тиімді күнделікті әдеттерді қалыптастыра аламыз.

Өмірге деген наразылығын Хэннам өз балалығынан көреді. Ол Сурреяда өскен. Өктем әке мен мазасыз анасының жалғыз ұлдары болып, олардың көңілдерінен шығуға тырысты. Рединг Университетіндегі тарих және халықаралық саясат бөлімін аяқтаған соң, компьютерлік серпіліспен ақша таппақ болып Оксфордтағы магистратурадан бас тартты. Бірақ, білім жолындағы мансабынан бас тартқанына өкінеді. 2001-жылы табысты кәсіпкер ретінде ол Оксфордта кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша сабақ бере бастады.

Бірақ, оған бәрібір бірнәрсе жетпей тұрғандай болды. Сол үшін ол Калифорнияға көшіп барды. Хэннамның отбасы 11-рет мекен ауыстырған еді. «Мен өзімді қақпанда қалғандай сезіндім. Бұдан шығар жалғыз жол – үйімді ауыстырып, жаңа кәсіп бастау керек деп ойладым. Бірақ мен тек бұрынғы қиындықтарымды жаңа сценрийге ауыстырған екенмін.»  

Хэннам өткен өміріне көз сала бермей, болашағын көбірек ойлай бастаған сәттен бастап өмір қызыққа толы болып көріне бастады. 56 жасында ол күн сайын жақсы әдеттерді қайталап отырды. Мысалы, айналадағы жандарға назар аударуға тырысады, таңғы кофенің дәмін сезіну үшін әдемі әуенге құлақ түреді.

«Калифорнияға көшіп келгенде Англияның қолайсыз ауа-райынан қашқандай болып едім. бірақ қазір жаңбыр астында серуендеудің де өз кереметі бар екенін түсіндім,  – дейді Хэннам.  – Мен тіпті ыдыс жуғыш машинаның қақпағын ашқан кездегі будың бетімді шарпығанына ләззат аламын.»

Ол күніне екі рет үйінің жанындағы ауылға барып, серуендеп келеді. Жүретін жол өзгермейді, бірақ дыбыстар мен сұлу табиғат әркүні әртүрлі. «Бұл менің бірнеше істі бірмезетте істеп тастауға деген құлшынысымды басады, аласапыран ойымды тыныштандырады».

Хэннэм әлі де ынталы, оның кәсіпке деген құштарлығы басылған емес. Қазір ол олимпиада спротшыларымен бірге тұлғалық өсуге арналған смартфонға лайық қосымшылар жасау үстінде. Бірақ оның қағидасы өзгерді: «Мен тек өз басыңның пайдасын ойлау тығырыққа тірейтінін түсіндім.»

Сыртта сүйектен өтетін суық бола ма, мейлі, біз сыртқы жағдайға қарамастан күнімізді өзіміз-ақ керемет ете аламыз.

Ол үшін ең бастысы – отбасы. Ол деменциямен ауыратын 92-жасар қарт анасы мен балаларының бақытын бірінші орынға қояды. Оның бес баласы бар, екеуі туған балалары болса, үшеуін асырап алған. Ең кішісі София 15 жаста. Хэннем оларды барынша еркін ұстауға тырысады. Және мұндай қадамның жақсы жағына көзі жеткізіп те жүр.  

Және жақсы отағасына айналды. Егер бірінші әйелімен қарым-қатынасын түзеу үшін ешнәрсе істемесе, Лоррейнмен ашық, адал қарым-қатынас жасайды. Мұндай неке берік болады. Өйткені араларында махаббат та, өзара қолдау да көп деп есептейді Хэннам. Ал суыр күні Хэннамның туыстары мен достары кешкі асқа жиналып, сүйікті фильмдерін тағы да тамашалайды. «Бұл оқиға бізге өмірден бәрін қалай алу керегін көрсетеді,  – деп жазады ол өз кітабында. – Сыртта сүйектен өтетін суық бола ма, мейлі, біз сыртқы жағдайға қарамастан күнімізді өзіміз-ақ керемет ете аламыз».

Сіз де «Суыр күнінде» бөгеліп қалдыңыз ба? Онда өзгеріс жасайтын уақыттың келгенін білдіретін алты белгі:

1. Сіз өзіңізді қақпанда қалғандай сезінесіз, өйткені өмір тоқтап қалды, алға жылжитын түрі жоқ.

2. Үнемі дежавю жағдайында жүргендейсіз.

3. Өткеніңізді ойласаңыз, тек көңілсіз жағдайлар еске түседі.

4. Автопилотта жүргендей сезінесіз.

5. Өмірдің мәні жоқ сияқты. Бірақ оны өзгертуге дәрменсізсіз.

6. Мазасыз, көңілсіз күйге түстіңіз. Өмір өтіп жатыр, ал сіз бар қызықтан құр қалғандай сезінесіз. Бірақ, қолға алған жаңа бастаманың бәрі көңіл-күйіңізді одан әрі түсіріп жібереді.

Дереккөз: Telegraph.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)