Шымкенттік мұғалім директордың тепкісіне шыдай алмай Назарбаевтан араша сұрады

Сабақ уақытында үй аралауға мәжбүр болып қана қоймай, мектеп басшылығының «тепкісінен» қысым көрген шымкенттік мұғалім елбасыдан араша сұрады деп хабарлайды өңірдегі  NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі Н.Оңдасынов атындағы №38 мектептен шу шықты. Білім ұясының мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева ар-намысым тапталып, денсаулығыма зиян келді деп басшылықты айыптап отыр. Оқиғаға тұрғындардың сотталғаны, сонымен қатар жұмыссыз азаматтар мен қылмыс жасап, іздеуде жүргендер туралы мәлімет жинауы үшін үй аралау жұмыстарына жегілуі себеп болған.

Оқытушының айтуынша, сәуір айында білім ұясының мұғалімдері сол маңдағы тұрғын үйлерді аралап, тізім жасап шығуы қажет болған. Тапсырманы орындаған Гүлжан Сәлімбаева 8 сәуірде (автор: ұстаздың сабағы жоқ сенбі күні) анасы қатты ауырып, ауылына кетуге мәжбүр болыпты. Сол сәтте директордың орынбасары телефон шалып, берілген тапсырмасын сұрап, мектепке тез келуін талап етеді.

Алайда ауылынан келе алмаған оны дүйсенбі күні мектеп директоры кабинетіне шақырып алып, қасындағы орынбасарларымен бірге ұстазды жерден алып, жерге салып, намысына тиетін ауыр сөздер айтқан. Бір қызығы, мұғалімдердің үй аралауы туралы тапсырманы облыс әкімінің өзі тікелей тапсырған екен.

«10 сәуірде мені директордың кабинетіне алып кірді. Менің сөзімді тыңдамастан, әбден сөкті. Директордың орынбасары «Шақырған кезде неге келмейсің сен? Бұл бізге облыс әкімінен келіп түскен тапсырма. Қалалық білім бөлімі тапсырып отыр» деп қатты ұрысты. Сөйтіп тағы бір тапсырма беріп, екі күн қатарынан түнгі сағат он бірге дейін үй аралап, тұрғындар туралы мәлімет жинадым. Тізімді өткізген соң сабағым болмаса да сенбі күні менің жұмысқа келмеуіме байланысты түсініктеме жаздырды», - деді ашынған оқытушы.

Дәл сол күні мұғалімнің денсаулығы күрт нашарлап, қан қысымы көтерілген. Алайда басшылық оның бұл әрекетін өтірікке балап, қысым көрсетуін жалғастыра беріпті.

«Кабинетте ес-түссіз құладым. Сол сәтте директордың екі орынбасары келіп, «Бұл өтірік ауырып жатыр. Тұр орныңнан, өтірік жасама» деп бүйірімнен тепті. Оны әріптестерім де көрді. Ең сорақысы, менің есімнен танып жатқанымды басшылық видеоға түсіріп алыпты. Есімді жинағаныммен сөйлеуге шамам келмеді.

Әріптестерімнің бірі жедел жәрдем шақырды. Қан қысымым 170/120 болып көтеріліпті. Сонда да директордың орынбасары дәрігерлерге "Қалдырып кетіңіздер, өзіміз үйіне апарып саламыз" деді. Бірақ олар менің жағдайымның ауыр халде екенін айтып, ауруханаға алып кетті» деген мұғалім осы жағдайдан кейін ертеңіне жұмысқа шыққанын айтты.

Бұдан кейін тағы да қан қысымы көтеріліп, тура мектеп ғимаратының сыртында есінен танып құлап қалған. Бұл жолы да жедел жәрдем қызметі келген. Осы жағдайдан кейін ұстаз денсаулығына байланысты еңбек демалысына шығып, 17 күн ем қабылдайды.

Осы аралықта еліміздің бас педагогы Ерлан Сағадиевтің атына шағым түсіреді. Тексеру келгенімен, нәтиже болмаған соң мұғалім елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан араша сұраған видеоүндеуін ғаламторға салады.

Бұл жағдайдан соң қалалық білім бөлімінің басшысы оны кабинетіне шақырып, видеоны өшіруін сұрайды. Тіпті директор ол әрекеті үшін кешірім сұрауға да дайын екенін жеткізеді. Алайда намысым тапталып, оқушылар алдында қадірім кетті деген ол өз құқығын заң алдында қорғайтынын, кешірім бермейтінін айтқан.

Директор «Видеоны өшірмесең, ата-аналарға сенің үстіңнен шағым түсіремін» деп қоқан-лоққы көрсетіпті.

«Білім бөлімі басшысының қабылдауынан соң мені ата-аналар жиналысқа салды. Мектеп әкімшілігі болса түсінемін. Бірақ ата-аналар мені не үшін жиналысқа салуы қажет? Басшылық оқушыларды да маған қарсы қойып қойған» деген мұғалім министр атына жолданған шағымынан соң еңбек инспекциясындағылар оның арызын Ішкі істер органдарына жолдағанын айтты. Бірақ шенді қызметкерлерден әлі жауап жоқ.

Сегіз жылдан бері аталған мектепте оқытушы қызметін атқарып келе жатқан шымкенттік тұрғын білім ұясындағы ұстаздардың негізсіз жұмысқа жиі жегіліп, тіпті мерекелік шараларда алаңға шығуға міндетті болып келгенін де жайып салды.

«Түсініктеме жазып берген соң маған тиісулерін тоқтатпады. Сабағыма кірді. Үй аралап жүрген менің дәптерлерім, әрине, тексерусіз қалды. «Сабаққа дайын емессің, сабақ бере алмайсың» деп тағы шықты. Негізі бізде жылдың соңына қарай басшылық тарапы мұғалімдерге тиісуін бастайды. Өз еркіңмен жұмыстан кетпесең, «баппен» жұмыстан шығарамыз деп қорқытады.

Оны ешкім ашып айта алмағанымен, расымен де солай. «Қанша шағым түсірсеңдер де директордың әкесі билікте отыр, күйеуі де қызметте. Қолдарыңнан түк келмейді» деп директор орынбасарлары ұстаздарды әбден басынып алған. Міндетімізге жатпайтын жұмыстарды жасатады. Егер орындасамақ, түсініктеме алдырып, шара көреді», - деді Гүлжан Сәлімбаева.

Қысымнан шаршап, жан-айқайын жеткізген оқытушы кінәлілер тиісті жазаларын алса дейді.

Бұл мәселеге қатысты пікір алу үшін Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваға хабарластық. Қаладағы бас педагог Тәжиева ханым №38 мектептегі жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, бүгінгі таңда зерттеу-зерделеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 

«Комиссия жұмыс жасап жатыр, әлі аяқталған жоқ. Мұғалім Сәлімбаеваны арнайы шақырып, сөйлескенім рас. Себебі екеуі де біздің Қазақстанның азаматы, өз құқықтарын қорғай алады. Меніңше бұл директор мен оқытушы арасындағы дау-дамай сияқты... Енді мен кінәлі мынау деп кесіп айта алмаймын.

Толық зерделеуді қажет етеді. Мектеп басшылығы мұғалімнің айтқан уәждерімен «келіспеймін» деп үстінен сотқа шағым түсірді. Басшылық «ұрған да жоқпын, соққан да жоқпын» деп отыр. Дәлелдері де бар», - деген білім бөлімінің басшысы ұстаздарға үй аралау туралы тапсырманың берілмегенін айтты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (11)

Алма

Адамды танығың келсе қолына билік бер! Кейбір адамдар қарапайым директорлықты да көтере алмайды. Ең бастысы адам болып қалу керек!

Айдана

Кым калай нены буйырсада мейлы, бирак директормен орынбасардын ыс арекеты зансыз. Сауатты былымды адам баудамайсыз ак жай гана акырын акылмен шешер еды. Мунысы уятсыздык. Мен сол мугалимнын орнында болсам сотка беретын едим.

Қайым

Сот ештеңе шешпейді, ОҚО-да жәбірленгендерге қол ұшын беретін өте әділетті жандардан құралған жасырын топ құру керек. Жоғарыда мойны жұандап кеткен директорсымақтарды жазалап, маңдайларына неміс-фашист крестін өшпейтін етіп(татулировка) басып қою керек.

бота

киын болыпты шыныменде аланга шыкпасан демалыс кундери шоп жулдырады

гулмира

Осы жайттин аяксыз калдырмай директор-сымакка шара колдану керек. Кудайдан корыкпай адамнан коркатын заман болды гой бул. Алла берсин директор жазасын. Биз де шаршадык осындай директоршадан.

01

Устаздардын басына билик шыкты. Типти ешкандай натиже жок сиякты, мугалимдерди малга айналдырган

Г.М.

Не деген адепсіздік.Неужели адамдар осыншама мал боп кекен ба сонда.
Айел баласын сонша қорлап.Булініп кеткен ештеңе де жоқ қой тусіністікпен қарауға болмайма .Енді аяма ондай аюанды .Еш кешірім жасама.

Қ. Ш.

Директор және оның орынбасарлары осы жасаған қылықтары үшін міндетті түрде жазаңына алу керек. Мұғалімнің беделі біздің елде өте төмен

А.Г.У

мен директормын,мен завучпын деп көр көкіректеріне нан пісіп тұр ғой!Егер шынайы өмірдің таразысына салсақ, сол директорсымақ,завучсымақтармен салыстырсақ,қарапайым ұстаздың еңбегі ерең,беделі де жоғары!Мен өз басым бастықсымақтардың сауатсыз тапсырмасын мүлдем орындамаймын,бағынбаймын!Өйткені мен өзіме сенемін,менің көзім ашық,сауаттымын,бәрін заңды түрде орындаймын!АЛ мына жәйттардан соң,менің директор мен завучтарға айтарым:абыройларыңыз барда,қызметтен өз еркілеріңізбен кеткені дұрыс!Өйткені сіздер...ұстаз,басшылық қызметке лайықты емессіздер!Қол астындағы мұғалімнің жүрегін жаралап,моралдық тұрғыдан әбден шаршатып,қорлап..яғни қарым-қатынас әдебі,мәдениетін білмейтін тупой басшысымақтар ғой!Қала,облыс білім бөлім басқармалары не күтіп отыр,түсінбедім!

Нурила

Заң бойынша тиісті шаралар қолдану тиіс.Бассыздық уже мұғалімнің қадір қасиеті қалмады ғой

А.Р

алланың қаһарына ұшырасын көкірегі соқыр директор мен жандайшап завучтар

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)