Өлең, жыр, ақындар

Криптовалютамен қалай табысқа кенелуге болады және бұл үшін не қажет?

Вilim-all.kz криптовалютамен қалай табысқа жетуді әрі осы жолмен ақша табуға расымен де болатынын баяндап береді.

Криптовалюта майнингі дегеніміз не?

Майнинг (mining – олжа, табыс сөздерінен шыққан) сөзінің мәні – арнайы алгоритм бойынша криптотиындарды жасау. Компьютеріңізде төлемдер транзакциясының нақтылығын растайтын деректердің (немесе блоктардың) бірегей жиынтығы түрлендіріледі. Блок алдыңғы блоктың хеш атауынан, хеш транзакциясынан және кездейсоқ саннан тұрады. Барлық транзакцияларды қамтитын тізбек – блокчейн деп аталады.

Әрбір табылған блокқа сыйақы тағайындалады. Ол түрлі валюталарда әрқалай болып келеді. Мәселен, ең ескі әрі қымбат криптовалюта – биткойнда (Bitcoin, ВТС) әрбір төрт жылда 2 рет кеміп отырады. 2016 жылдан бастап сыйақы мөлшері 12,5 BTC ді (шамамен 32 мың доллар)  құраса, ал 2020 жылға қарай кезекті кему маусымына қарай жылжи береді.

Блок эфириум сыйақысы (Ethereum, ETH) — 5 ETH (шамамен 1 540 доллар).

Осылайша сандық валюта өндіру табыстылығы майнер компьютерінің есептеу қуатына тәуелді. Неғұрлым көбірек болса, сыйақыны алу мүмкіндігі де жоғары болады.

Осы жолмен табысқа қол жеткізу үшін не қажет?

1. Жабдықтарды жинау

● Видеокарта (GPU) – қазіргі заманға сай әрі қымбат болғаны абзал. Бір ғана емес, бірнешесі болғаны жақсырақ.

● Тиімді салқындатқыш жүйесімен, мүмкіндігінше көбірек видеокарта орнатуға арналған ұяшығы бар жүйелік тақташамен жабдықталған компьютер (ферма). Бұл үшін тұрақты жұмыс істеп тұрған кез келген процессор жарамды. Оперативті жады – 4 гб-тан көп болу керек.

● Операциялық жүйе ретінде ең жиі қолданыстағы Microsoft Windows 10 Pro 64-bit қолданылады. Сонымен қатар белгілі бір валюта түрлерін өндіруге арналған арнайы құрастырылған операциялық жүйе де бар. Мысалы, эфириумға арналған ethOS атты түрі бар.

● Жақсы пингті интернет.

2. Нақты криптовалютаны таңдау

Таңдау сіздің видеокартаңызға тікелей байланысты. Майнерлерде кеңінен таралған белгілі криптовалюта түрлері Ethereum, Zcash, Monero. Қазіргі кезде видеокарта көмегімен Bitcoin мен Litecoin секілді сандық валюталарды өндірмейді: ол үшін ASIC (Application-specific Integrated Circuit) атты арнайы қондырғы пайдаланылады.

Майнинг үшін қолданылатын видеокарта түрлері:

•    Nvidia GeForce GTX 1050 Ti/1050, сонымен қатар 1060, 1070, 1080 Ti/1080;

•    AMD Radeon RX 470/480 және 570/580.

Қазіргі таңдағы майнингке арналған 5-6 видеокарталы (сұраныстың жоғарылауына байланысты күрт қымбаттауымен қосып есептегенде) жиынтықтың орташа құны шамамен 1 000 000 теңгені құрайды. Аталмыш сомаға салқындатқышты, интернетті және электроэнергия шығынын қосуыңыз қажет (ол үздіксіз қолданылатын болады).

3. Майнингке арналған пул (сервер)-ді таңдау

Пул (сервердің) көптеген түрі бар. Сіздің таңдауыңызға әсер ететін негізгі сипаттары: пинг, қуат, қорғаныс, майнер бағдарламаларын орнатудың қарапайымдылығы, сервердің өз еліңізде қолданыста болуы, мониторинг мүмкіндігі, пул комиссиясының мөлшері (әдетте 1%-ды құрайды) және криптомонетаны сіздің әмияныңызға аударғандағы комиссиия.

Майнерлер форумында ұсынылған пулдар: dwarfpool.com, www2.coinmine.pl, nanopool.org.

4. Өндірген криптовалютаны қайда жинақтаған дұрыс

Мұндағы ескере отыратын кеңестердің бірі: алдымен пікірлерді біліп алып, содан кейін ғана тек тексерілген сервистерді қолданғаныңыз жөн.

Клауд майнинг дегеніміз не?

Криптовалютаны өндіретін құрылғыны жалға алуға немесе сатып алуға қаражат құю. Физикалық тұрғыда ол сіздің үйіңізде орналаспайды. Оның орнатылуы, қосылуы және қызмет көрсетуі арнайы жасалған сервистің көмегімен іске асады.  

Клауд майнингтен түскен табыс сатып алынған немесе жалға алынған жабдықтарыңызға пропорционалды.

Артықшылықтары:

1.    Үйде бірнеше ферма орнату мүмкін емес, себебі майнингке арналған құрылғы қатты қызып кетеді. Қажетті ферманы қашықтықтан қолдануға болады. Не болмаса шағын салымдар жасауға болады (кейбір сервистерге арналған ең төменгі келісімшарт 1 доллардан  сәл көп).

2.    Бұл әдісті техникалық түсінбестік танытатындарға ұсынады: оларға жабдықтарды өз бетінше жинау мен құрастыру қиынға соғады.

3.    Қуаты үй қондырғысымен салыстырғанда өте жоғары.

4.    Биткойндарды, сондай ақ бірден бірнеше криптовалюталарды бірден қарқынды өндіру мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

1.    Алаяқтарға ұрыну қаупі.

2.    Өндірген табысы үшін берілген сыйақы есебінен алынатын комиссия (онда әдетте бұзылуы мүмкін болған жабдықтар және басқа да барлық шығындар есепке алынған).

3.    Нәтижесінде құр алақан қалдыратын, серверге хакерлік шабуыл қаупі.

4.    Қаржы пирамидасына ұқсастық. Логикалық тұрғыдан, сервистерге криптовалютаны комиссиямен сыртқа таратқанша өздерінің өндіруі тиімдірек. Клауд майнингтің көптеген сервистері жаңа клиенттерді тарту үшін сыйақы беруге уәде береді.

Сандық валюта арқылы табысқа жетуге бола ма?

Криптовалютаға қатысты көзқарастар әзірге біркелкі емес, дегенмен оның өтімділігі (рубль, доллар, және т.б. қолданыстағы ақшаға айналдыру) қазіргі таңда өте жоғары.

Өз фермаңызды жасауда шығындарыңыздың орны қаншалықты толатындығын білу өте қиын.

Бұл криптовалюта курсына, үнемі өзгеріп отыратын табысының күрделілігіне және майнерлер санына тәуелді.

Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта жасалған есептер көрсеткіші бойынша, құны шамамен 3000 доллар көлеміндегі жабдықтар жарты немесе бір жылда өзін ақтай алуы мүмкін. Егер фермаңызды құруға 3000-5000 доллар салатын болсаңыз, онда табыс күніне 50 немесе одан жоғары долларды құрауы мүмкін. Алайда аталмыш деректер түбегейлі өзгеріске ұшырауы да мүмкін (әсіресе, алаяқтар санының өсуін ескере отырғанда).

Майнинг табысын есептеу үшін онлайн калькулятор қолдануыңызға болады.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, майнингті тез әрі дұрыс жолмен баюдың бір түрі емес, қосымша шағын табыс көзі ретінде қарастырады.

Мұны саф алтын емес, алтынның тозаңын жинау деп қабылдаңыз.

Осылайша, тәуекел етуге бола ма, жоқ па, оны әркім өзі шешеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Саттар

Bitcoin деген пәле Қазақстанда мода болайын деп жатыр ма? Назарбаевта Астанада экономика форумында блокчейндер туралы бірдемелер айтып еді ғой

Ерлан С

Жұрттың бəрі осыны айтып жатыр, шынымен, пайда көруге болады мекен? Алғаш биткоин жайында естігенімде арзан тұратын, қойшы "сетевой маркетинг" деп едім, жақында 1 биткойнның бағасын естіп неге сол кезде алып алмадым деп өкіндім. Ол кезде күлкілі 200 - 300 тг еді. Қазіргі бағасы шамамен 1 500 000 тг тұрады екен.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз