Сағадиевке ұстаздардан талап хат

Білім және ғылым министрі

Ерлан Сағадиев мырзаға

Хабар арнасында өткен «BILIM» бағдарламасына қатысқан А. Сағидуллаева БжҒМ өкіліне арнайы үндеу хат тапсырған болатын.

Ол жерде бүкіл Қазақстан мұғалімдерінің проблемалары жазылған болатын. Өкінішке орай БжҒМ тапсырған хатқа тек хат тапсырған А. Сағидуллаеваға өзінің ауданының ғана проблемасын сол ауданның методистіне жауап жазғызып сол ауданның көлемінде ғана жауап берген. Жауап хат 2017 жылғы 12 қаңтар, ЖТ-ҰЖ-1604-1/11-5 нөмірімен келген. Төмендегі хат та бір ауданның жағдайы емес, бүкіл Қазақстан Республикасының әр аймағының ұстаздарынан әлеуметтік желі арқылы қол жиналып Республика бойынша орын алып отырған мәселелер жазылып отыр. Қол жинау әлі де жалғасуда.

Үш тілді жаңа реформа кіргелі мектептердегі әбігер көбеймесе азайған жоқ. Жаңартылған бағдарламаның да әңгімесі бір басқа. Бұл жерде шешуін күттірмейтін мәселе өте көп.

Білім және ғылым министрлігінен осы мәселені бірінші кезекте шешуін сұраймыз!

1. Көп мектептердің материалдық базасы жаңартылған мазмұндағы білім беруге сәйкес емес. Компьютерлер ескірген, (көп жағдайда ескі компьютерлерді есептегі компьютерлер саны азайып қалмас үшін облыстық білім басқармалары есептен шығартпай ұстап отыр) интернет желісінің өзі біреу ғана. Жылдамдығы төмен, басқа пән мұғалімдерінің пайдалануына мүмкіндік жоқ. Мектепте істен шыққан компьютер, принтер, проекторларға қосалқы бөлшектер сатып алуға мүмкіндік жоқ (жергілікті бюджеттен қаржыландырады, ақша жетпейді дейді).

2. Жаңартылған бағдарлама мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуды, таратпа материалдарды көптеп шығаруды талап етеді. Кейбір жерлерде кітап жетіспейді. Ол туралы айтылса, «кітап ресурс қана» оқушылар ақпаратты кез – келген жерден, интернеттен алуға да болады дейді. Бірақ интернеттің түрі жоғарыдағыдай болса, басқа қайдан алуға болады? Мектептерге бюджеттен қағаз т.б концеляриялық тауарларға неге ақша бөлінбейді? Орта есеппен 1 мұғалімге 1 жылға 18 қорап қағаз кетеді. Қазір өкінішке орай бұл салмақ мұғалімдердің мойнында.

3. Қазір бізде 5 күндік оқу жүйесі. Мұғалімнің жұмыс сағаты 18 сағат. Бірақ мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысына, жеке сабаққа дайындалуға кететін уақыты бақылауға келмейтіндіктен қалған уақытына ақша төленбейді. Оның ішіне педкеңестер мен оқу-тәрбие жұмысы бойынша жасалатын жұмыстар кіреді. Өкінішке орай көп жерлерде мектеп директорлары сенбі күні түрлі жиналыстар мен іс шараларды қойып отыр. Сенбі күні мұғалімдер сабағын дайындаса, жексенбі күні басқалар сияқты бір күнін отбасына арнайтын еді. Осы мәселенің басы шешіп беріңіз.

4. Мұғалімдерді көше тазалау, газетке жаздыру, үй аралау, мереке күндері кезекшілікке қою, т.б жұмыстар әлі тиылмай келеді. Еріксіз еңбекке соттың шешімі, не болмаса соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Конституция, Білім заңы бойынша ондай іс-әрекеттерге тиым салынған. Мереке күндері кезекшілік Еңбек кодексінің 86-бабы бойынша жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту 1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін; 3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі – делінген. Бірақ көп жағдайда мұғалімдерді мереке күндері кезекшілікке қою жалғасып келеді. Мұғалімнің беделіне, қадір-қасиеті мен мәртебесіне нұқсан келтіретін жұмыс түрлері доғарылсын. Білім басқармалары мен білім бөлімдеріне осы туралы қатаң ескертуді сұраймыз.

5. BILIM-LAND, I-MEKTEP туралы. Бұл жеке серіктестіктің оқыту құралдары офлайн түрінде мектептерге таратылды. Көлемі 500 гб. Ішінара мектептерде желі арқылы таратуға мүмкіндік жоқ. Әр пәнді жеке-жеке шығарса. Онлайн кіретін мектептерге пароль, логин таратылған. Бірақ осы жеке серіктестік облыстық білім басқармаларына кірген-кірмеген мектептер туралы ақпаратты жіберіп рейтинг шығарып отырады. Сол рейтинг арқылы білім басқармалары мектеп мұғалімдеріне кірмегені үшін ескерту жасап кіріп сабаққа пайдалануына бұйрық береді. Бірақ ол мұғалімнің неге оны пайдаланбай жүргенін тексергендер болды ма? Жоқ. Бұл тағы да материалдық база компьютер мен интернетке келіп тіреледі. Мектептің әр кабинетіне интернетке қолжетімділік қашан орнайды? Осы компанияның электронды оқулығы бағдарламамен сәйкес емес.

6. НЗМ бағдарламалары жаппай орта мектептерге де таратылуда. Орта мектептер НЗМ сияқты оқушыларды, мұғалімдерді конкурспен қабылдамайды! Оған ерекше дарынды, тестен нақты нәтиже жинаған оқушылар іріктеледі. Материалдық базаның теңсіздігі және бар. Осы жағдай неге ескерілмейді?!

7. Электронды күнделік туралы. Электронды күнделік те жеке меншіктің дүниесі. Ресейден көшіріліп алынған. Ресейде мұғалімдерге оны толтырғаны үшін арнайы ақша төленеді. Бізде төленбейді. Мұғалімдер бір кабинетке кезекке тұруға мәжбүр. Тағы да іс интернетке келіп тіреледі. Материалдық базасы жетіспейтін мектепке тықпалаудың керегі не? Электронды күнделікке қатысты Қазақстан мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнамаға 70 мұғалім қатысып, нәтижесінде 33 мұғалім «толтырамыз, материалдық база бар» десе 22 мұғалім «мектепте жағдай жоқ» деп, 14 мұғалім басқа жерге барып толтыратынын айтқан. Министрлік электронды күнделік толтыру туралы бұйрық шығарды. Бірақ интернеті жоқ жерлерге, нашар жерлер "толтырмай-ақ" қойсын деп сіз парламентте айттыңыз, бірақ арнайы бұйрық шығарған жоқсыз. Осыған жеке бұйрық шығарылсын, не пилоттық жоба тоқтатылсын, құрғақ сөз еш жерде жүрмейді. Мектеп жағдайы келмеген соң электронды күнделік толтырмаған мұғалімдерге ескерту, сөгіс беру, түсінік жаздыруға тиым салыңыз. Өйткені бұл пилоттық жоба. Электронды күнделік жекенің қолында емес БжҒМ қолында болуы керек! Электронды күнделікті ҰБ(НОБД) кіріктірсін, ол жерде мұғалім, оқушы туралы толық ақпарат бар.

8. Материалдық база бойынша 102 мұғалімнен Қазақстан бойынша сауалнама алынған. Оның ішінде 59 мұғалім ӨЗІНІҢ ЖЕКЕМЕНШІК КОМПЬЮТЕРІ, ПРИНТЕРІмен жұмыс жасаймыз десе, 18 мұғалім «кез келген жерден ақшаға шығарамыз дейді. 12 мұғалімнің жеке кабинетінде компьютер, интерактивті тақта, жеке принтері бар. Кабинетінде ештеңесі жоқ-3, барлық керек жарақты мектеп әпереді деп – 2, ата-аналар қамтамасыз етеді деп 1 мұғалім жауап берген. Осы орайда ең бірінші реформа бағдарлама мен сөзбен емес, алдымен мектептің материалдық базасына реформа керек екенін де көрсетіп отыр. Мектептердің материалдық базасын қашан жетілдіресіздер? Мектептерге сапасыз техникалар әкелу қашан тоқтайды?

9. Қазіргі кезде АКТ деген сылтаумен мектептегі информатика пәні мұғалімдеріне көп жұмыс міндеттеліп отыр. BILIM-LAND компаниясымен жұмыс, электронды күнделікті администрация жасау, жылда толтырылатын ҰБ (НОБД) барлығы көп жерлерде «қоғамдық» жұмыс ретінде мойнына «ілінген». Жеке штаттар неге берілмейді?

10. Мұғалімдердің зейнет жасы қайтадан қаралса, әйелдерге 27, ерлерге 30 жыл жұмыс өтілімен. Қазіргі кезде мұғалімнің жұмысы ауырлады.
Білім саласына келген жастарға жағдай жасалынсын.

11. Үштілділікке байланысты енді қазақ мектептерінде дүниежүзі тарихы келесі оқу жылынан бастап орыс тілінде оқытылады дейді. Ана тілінде оқытылсын. Үш тілділік реформа басталғанда БжҒМ ағылшын тілінде тек 10-11 сыныптар ғана оқытылады деген. Оның өзі оқушылар қаласа ғана деген. Бірақ бұл «өзі қаласа» деген пункт ауызбен ғана айтылғандықтан еш жерге жарамсыз. Нақты бұйрығын шығарсаңыз.

12. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 шыққан. Осы орайда мектеп мұғалімдері өзінің міндетін білмегендіктен басқа да қосымша жұмыстарды атқарып жүр. Осы заңды сіздер тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

13. Бастауыш сынып оқулықтарының көлемі үлкен. Әріптердің үлкен болғаны дұрыс шығар бірақта кітапты үлкейту дұрыс емес. Сөмкені көтерегенде баланың белі қайысып кетеді. Көптеген ата-аналар бастауышта оқитын балаларының сөмкелерін көтеріп жүруге мәжбүр болуда. Кітаптарды қателіксіз шығару керек.

Құрметпен:

Қазақстанның әр

аймағының мұғалімдері

 

Мейіржан Темірбек

Айман Сағидулла

Курмашева Майра 

Досбол Кыстаубаев 

Сауле Сулейменова 

Айгүл Төңкерқызы 

Гульнар Карабалина 

Gulzira Mindetbay 

Тахмина Балтабаева 

Калдыгуль Ералиева 

Marat Nuretdinov 

Жумагуль Бекмуратова 

Хайса Еженхан 

Janar Guzel 

Алмагул Меирбекова 

Майра Жанабаева 

Дарига Ондыбаева 

Сабира Шалкарова 

Bahira Cadas 

Гульжиян Исмагулова 

Наз Гул Толеубек 

Сахаба Баянбек 

Балзира Ибраева 

Бахытгуль Едилхан 

Bagdat Kuanyshuly 

Meruyert Dosbolova 

Сахаба Баянбек 

Назерке Ақжігіт 

Акгул Жухан 

Rayhan Kenzhegalieva 

Сулушаш Бухабаева 

Света Алпамысова 

Гаухария Таңірбергеновна 

Zhanar Zhumataeva 

Дарига Ондыбаева 

Гулсара Торехан 

Saltanat Moldabekova 

Abzal Almukhan 

Ақмарал Шоқпарова 

Zaure Ibragimova 

Гульнур Тюляпова 

Гульсара Сейдалиева 

Бакыт Алмвшова 

Камшат Шаншарова 

Бибигал Жансеитова 

Галима Талканбаева 

Гулжанат Абылаева 

Актолкын Серикбаева 

Айгуль Кадырова 

Жакони Ерико 

Анар Зейнолда 

Айгул Сванкулова 

Saule Izykulova 

Уктам Моминов 

Шынар Султанбекова 

Еділ Пшатаев 

Курбанай Абдикадир 

Гулжамила Азбаева 

Oralhan Abay 

Алтангул Суйениш 

Айгерим Утебаева 

Айна Султанбекова 

Санимгул Балижанова 

Асан Имашев 

Марат Мамитов 

Kuralay Smailova 

Гульмира Тулпаисова 

Kuralay Smailova 

Сандугаш Нурмагамбетова 

Рымгул Шалбаева 

Саламат Кали Жунсов 

Гульзара Серикпаева 

Мареш Сертаева 

Тохтахан Уркинбаева 

Zhakaev Mykametzhan 

 Ерлан Төлеубек 

Abdikhan Kudaybergenov 

Динара Байузакова 

Marat Nuretdinov 

Хиса Хосай 

Перизат Улыкбековна 

Medet Naurzbaev 

Omarbek Beysaly 

Ақшолпан Мүсіркегенова 

Айжамал Сактаганова 

Ляззат Орынбекова 

Салима Муканова 

Bayan Sabden 

Almagul Mustafa 

Жадыра Нурлановна 

 

Дереккөзі: Abai.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (45)

Ата-ана

Электронды күнделік дегендеріне тіркеле де алмадым, біздің мектеп жоқ! Тіркеліңдер дейді, мектепті таңда деген жерде 6-9 мектеп қана бар болды, қысқасы тіркелу мүмкін емес

Арай

Айтылғандардың бəрі дұрыс. Бəр ШЫНДЫҚ, Өте дұрыс жазылған.

Ардақ

Мұғалімдерге айтарым жылай бермей, балаларды оқытыңдар! Балаға дұрыс сабақ бермейсіңдер, сапаларың жоқ, бәрі емес енді, бірақ өте көбі

Аноним

Cағадиев кетпей проблемадан көз ашпаймыз неге кет деп ашық жазбайды мыналар

Пазылхан

Жалақыны көтеру керек!

Лайла

Мынадай проблемамен басы катып,жуйкеси жукарган мугалим балага жонди сабак бере алмайды Деп ойлаймын.

Алимжан

Жалакыны котеру керек. Сонда бари дурысталады

Анастасия Иванова

Орта мектеп пен НЗМ сияқты мектептерінің материалдық жағдайы тең емес Неге базасы төмен мектептерге əрнəрсені бір тықпалай береді министрлік Оқушының миын да ашытып жібердііңдер Қазақша жаза алмай жүргендер ағылшын мен латыныңды қайдан үйренсін Қазақ ұлты емес келешегі мәңгүрт кім екені белгісіз ұлт шықпасына кім кепіл Күнара министр ауысады қазір нешіншісі келді санынан жаңылдық Əрқайсысы өз бетінше жаңалық ашқысы келеді келген Онысы бітпей жарты жолда қалады "Бір дамбал тіктің алты күн əлі ауы менен бауы бар "дегендей Сонда не тігілді ,ешнəрседе.Міне келген министрлерде сол сияқты алты күн жүріп бір дамбалды бітіре алмай кетеді Қысқасы реформатор министрлерден шаршадық Қазақстан күн санап сауатсызданып бара жатырсың Бəрі қағаз жүзіндегі жалған ақпар мен жалған мансап Бұған қашан тоқтау болады Келешек ұрпаққа не қалдырасың?Бəрімізді сауатсыздандырып біттің Қолыңнан іс келмесе миды ашытпай орынды босат Сағадиев мырза!

Аноним

Ардақ, өзіңіз мектепке келіп жұмыс істеп көріңіз. Содан кейін білесіз жылайсыз ба, жыламайсыз ба? Егер солардың жолымен жүріп керсеңіз, бұл сөзді айтпаған болар едіңіз. Ойланып сөйлеңіз. Сізде сол мұғалімнің алдынан білім алдыңыз. Екіншіден, мұғалімнің жалақысын 1 000 000 тг дейін көтеру керек. Қағаз бастылықтан арылту керек. Жүктемені азайту керек. Себебі, бастауышта сағат саны 14, ал ставка 18 сағат. Ставкаға жетпейді, сосын айлығы мардымсыз. Сағадиев мырза, сіз осындай мардымсыз айлыққа мұғалім болып жұмыс істер ме едіңіз?

Маке

Өте орынды талап, оған мұғалімдердің жалакысын котеруді де талап ету керек. Мұғалімнің миын әр нәрсемен миын ашытып жатыр, мұғалімдер балаға сабақ беруді емес талап етіліп отырған сансыз қағазды толтырамын деп миы ашып жур .

Рахима

Өте орынды. Айтылғандардың барлығыда орынды.

Ата ана

Бірінші сыныптың оқулықтарын шынымен көлемін азайтыңыз себебі баланың өзі жылай тын болды сөмкем ауыр деп белдері ауырып болды

Гулмира

Ия жоғарыда айтылған пікрлердің бəрі орынды.Таң азаннан мектепке барып түске дейін сабағымызды берп. Кешке дейін қағаз жазумен жұресің үйіңді бала шағаңды ұмытып.Не деген бітпейтін қағаз біреуін жазып өткізсең ьағв біреуі дайын тұрад
Арзымайтын алатын айлығымыздың жартысынан көбі қағазға маркерге т.б с.с заттарға еетед.қолды бір сілтеп кетейін десең жасыңа қаоап ешкім жұмысқа алммайд бала шағаны асырау керек ампл жоқ жұресің

ана

Бәрі өте дұрыс.бірақ тыңдайтын құлақ болса.әліппені де қайтарсын.0класта болады деп еді әліппені.неге алдайды олай?әліппе жоқ 0класта.

Сауле Сейдуллаева

Зтілділік деген кк емес еді меніңше бастауыш сыныпқа. Əріптің əліппенің не екенін енді көріп жатқан балаға орыс ағылшын тілі деген вообще керек емес... Бұл бір. Ал екінші 0-1сынып даптерлері яғни сауат ашу көркем жазу т.б. тек бизнес үшін оиластырылғандай.

Арман

Екі жақ бір бірін тыңдамаса, естімесе мəселе бір күні бір жерді тесіп шығады

Аноним

Бври шындык. Кагазбастык оте коп, kundelik.kz толтыру ушин кезекке турасын, сенби куни мектепке келмесендер жазгы енбек демвлыс кундеринизден желинесин дейди. Демалыс куни конакка бара калсан кагазым жазылмай калды-ау деп аландап отырасын, былай куни кунде тунги 2-3 дейн кейде 4-5 дейн де отырасын. Сонда ар жагын айтпай-ак кояйык.

Гүлшат

мұғалім ретінде толықтай қосыламын. Кеңес одағы кезінде мұғалімдердің беделі жоғары болғанын білеміз,сол системаға өту керек.Неге мұғалімдердің жанайқайын жоғары жоқ керең болып естімей отыр

Меруерт

осының бəрін сағадиев мырза оқиды деп ойлайсыздар ма. Меніңше пысқырып та қарамайды.Əзірге қалта қамын ғана ойлап жатқан шығар.Өйіткені өзі де біледі көп отырмасын,басын ауыртып қайітсін.

Салтанат

Соңғы шығып жатырған оқулықтардың түк мазмұны жоқ. 5,6,7 сыныптардың. 3-4 бет бір тақырып, ал оқып мазмұынын айтайын десеңдым жоқ, сол айтайын деген бір ауыз сөзің ұзын сонар аңгіме етіп жазылған. Ешқандай мағынасы жоқ. Осы оқулық жазатын авторлар неге сонша с ауатсыз болады. Нақты етіп неге жазылмайды.

Ата ана

Осыны оқыды ма екен??? Президентте көрмейді екен бұл министрдің не былықтырып жатқанын. Оның жасап жатқанының біреуіде ойға кірмейді. Депутаттарымызда оқып оны орнынан алып мұғалім болып көрген адамды қойса. Бірақ қайдам ол жоғарыдағылар қашан халықтың пікірімен келіскен еді.

Ұлжан

Мұғалімдердің Сағадиев мырзаға қойып отырған шешуі жоқ мәселенің барлығына да түгелдей қосыламын. Бұл қазіргі білім саласының миға қонымсыз мәселелерінің оннан бірі ғана!
(Пікір жазушылардың жазған пікірлерін оқып отырып, ойға қаламын. Мұғалімдік қызмет атқарып жүрген азамат, азаматшалардың жазғандағы қателерінің соншалықты көптігіне. Өзіміз сауатты жазуға тырыспай тұрып, қалай бала оқытамыз?...)

Арман Нұрманов

Өзіміздің егеменді елде құлға айналып кеттік

Шырын

Мұғалімдердің жан айқайы өте орынды. Ұстаздардың қоғамдағы беделі түсіп кеткені бәрімізге мәлім. Мұғалімдерді қағаз бастылықтан арылтамыз деп, керісінше, қағаздарын көбейтіп жіберді. Егер ұстаздар күні-түні керексіз құжаттарды толтыру мен болса, балаға қандай сапалы білім береді? Мынау айлықтан келесі айлыққа дейін əрең жетіп жатқан мардымсыз жалақыға жұмыс жасауға мәжбүр. Қағаз бастылықтан шаршап жүрген мұғалімнен қандай білім сапа талап етуге болады? Одан қала берсе, бітпейтін тексерулер... Мұғалім жан-жақты болу керек деп (мөлтек аралау, көше сыпыру, бітпейтін жиналыстарға қатысу). Сонда мұғалім өз отбасына қашан көңіл бөле алады?

сократ

Ұстаздардың айлығын көтеру керек мектептін материалдық базасын дамыту керек

Арман

Мұғалім өзін жетілдіру жəне бала оқытумен, яғни тек білім-ғылыммен айналысу керек! Болды. Көше сыпыру, газетке жаздыру, концеркте бару дегендерің МАСҚАРА ғой!

Назар Д

Байқағаным мұғалімдердің көбі сауатсыз, ал сауатсыз адамдар бұғып жүребереді, мұғалімдердің жазбаларына қарап-ақ деңгейін білуге болады. Қысқасы сауатсыз мұғалімдердің саны азайып, өзінің құнын білетін сапалы мұғалімдер артса сонда ұстаздардың жағдайы жақсарады, болмаса жоқ! Бұрынғы мұғалімдерде білім болғандықтан жұрт оларды құрметтейтін! Ал кәзіргі мұғалімдер өкінішке орай заман талабына сай емес, тіпті оқушылардың деңгейі олардан асып жатады. Ондай мұғалімді кім құрметтесін? Сондықтан ойнап күліп, бүгінгі күнге мәз болып жүре бермей, жаппай сапаларыңды, білімдеріңді, ой-өрістеріңді арттырыңдар, көп ұзамай міндетті түрде құрметтің өзі-ақ қуып жеткенін байқайсыздар.

Философ

Бір сауатсыз ойын жазған мұғалімімге қарап түгел аудиторияға сіздер осындай сауатсыз болғандықтан көріп отырған тіршіліктерін деп айтқан сөз сол адамның өзінің ақылының шолақ екенін көрсетпей ме?

Аманғали

Хаттағы пікірмен келісемін.

Жанар

Айтылған пікірлер орынды жəне мұғалім мəртебесін көтеру мен зейнет жасына шығуына байланысты айтылған ойлар орынды. Себебі мынандай қағазбастылықтан кейін мұғалім шаршайды. Отбасына да көңіл бөле алмайды жəне өзіне де. Бұрындары оқушы мұғалімді сыйлаушы еді , ал қазір мұғалім оқушыны сыйлайтын боп кетті. Тағы бір мəселе латын тіліне ауысамыз деп жатыр сонда мемлекеттік тіл қайда қалады . Ұлтымыз қазақ болғансоң қазақ тілінде жазу керек деп ойлаймын.

Айсулу

Мұғалімдерге әлі де мектептен жағдай жасалу керек. Бәрі шындық. Әр кабинетті толық жабдықтау қажет. Мұғалімдерден қосымша жұмысты алып тастау керек. Балаларға көп уақытын жұмсау мақсатында. ӘБЖ -не ақы төленбейді. Оның жазатын қағазы өте көп. Мұндай жұмыстың барлығын толық әкімшілік жасау керек.

Айсулу

Өте орынды.

Гулшат

Бірлестік жетекшісі жұмыстарын мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жүргізу қажет. Зейнеткерлік жасын белгілеуді де қарастыру қажет.

Нагима

Бұл жазған мақаламен толық келісемін. Үш тілді оқыту тұрмақ, өз пәніңді дұрыстап өту үшін мектепте жағдай жоқ. Күнделік.кз, bilimlend, utest дегендер шаршатты.

Назерке

Жогарыда айтылган 12пунктпен келисемин. Казыргы жанартылган багдарламага сайкес окулыктагы тусиниксиз матиндер оте коп. Кунделик.кз пен Билимленд жумыстары да каншама уакытты алады. Интернет лезде косылмайды сондай-ак мектепте 8ак компьютер истейди. Мугалимдер кезекке отырады.

TK

1. Жоғарыда көрсетілген мəселелер ащы да болса шындық.Қазіргі таңда тағы бір мəселе сынып жетекшісінің міндеті. Ақшасы аз, жұмысы көп осы міндетті сынып жетекшілікті екі мұғалімге беруге болмас па еді. Сыныптағы 25-30 балаға бір мұғалім емес екі мұғалім жетекшілік ету керек. Ата-анамен күнделікті байланыс, сабақта жоқ баланың себебін анықтау, ауырған баланы дəрігерге көрсету, тəртібін қарау, сынып сағаты, ата-аналар жиналысын өткізу т.б міндеттер бір мұғалімге қиын. Ассистент (көмекші сынып жетекші) қажет.

2. Тағы мəселе постер, кластер т.б жұмыстар үшін маркерлер, желімдер, қағаздар, стикерлер сатып алу алған айлықтың үлесінен екенін де растаңыздар.

3.  Оқулық авторлары жазған оқулықтарын шығармас бұрын ол кісілерді сол оқулықпен бір сыныпқа сабақ беріп, өздері сараптамадан өткізіп, рефлексия жасауларына міндеттеу қажет .Өзгенің жазғанын бала тіліне ,жасына қарай сұрыптап отыру ұстаздарға қосымша жұмыс əрі ауыр салмақ десек те болады.

  4. Елдің баласын оқытып отырған ұстаздың өз отбасы мен баласы барын , оларға да көңіл бөлуге уақыт керектігін түсінсеңіздер жақсы болар еді.

Қ

Тоқ бала, аш баламен ойнамайдының кері болып тұр. Болмаса қолында қармағы жоқ адам, балықты қалай ұстайды деп ойлануға болады ғой. Ауылдық жерлердегі мектептердің материалдық техникалық базасы сын көтермейді.

Майра

Ия оте дурыс.бир мезгил аттан тусип карапайым халыктын жагдайын кору керек Курметти Сагадиев мырза.сиз тек кокте журсиз сол жактагы адамдарды гана коресиз.бир мезгил томен карап коринизши барин коресищющ

Жазира

Сагадиев мырза кетсе барлық нәрсе өз орнына түседі деп ойлайтындар қаншама, қараңғы қазақ қараңғыдан шықпай отыра берсек дейді. .......

Аноним

Неге НЗМ сияқты, жалпы мектептерде де сынып жетекші бөлек мұғалім болмайды, жәй мектепте қиын оқушы көп,олармен жеке жумыс жүргізу қажет, мұғалім сабақ өтеме жоқ әлде солардың үйін аралап жағдайын білеме, соны түсінбеймін. Көп мұғалімдер ажырасып кеткенін білеме, өйткені үйіне уақыттары жоқ және өзіне караугада

ҰСТАЗ

Жалпы соңғы жылдары ƏРТҮРЛІ ЗАҢДАР ШЫҒАРЫП, мұғалім абыройын, беделін ата-ана алдында да, бала алдында да төмен түсіріп тастаған. Онымен күресе алғандар тұмсығын көтеріп жүреді, күресуге "күші жетпегендер" басы төмен салбырап жүреді... жоғарыда хатта жазылған пункттермен келісемін... Əсіресе, "күші жоқ" мұғалімді тентіретіп, дуанаға айналдырып жіберуін доғарса...
Заңды сенбі, жексенбі күндері демалса....
Егер, əркім өзіне тиісті ғана жұмысын жасаса, бəрі де жоспардағыдай, нəтижелі, жемісті болар еді...

Лаззат

Жанар, сіз мұғалімсіз бе? Латын тілі мен латын қарпін ажырата білу керек.Қазір латын тілі қолданыста жоқ, ол - өлі тіл. Ол тек ғылымда, медицинада қолданылады.Біз латын тіліне көшпейміз, латын қарпіне көшеміз.Біз тілімізді ауыстырмаймыз.Мұғалім осылай ойласа, басқаларды қайдам?
Сосын, мұғалімдер, сауатты жазу керек.Біз өзіміз сауатсыз жазсақ, басқалардан не талап етеміз? Әрине, бұл барлық мұғалімге айтқаным емес, небір керемет, өте сауатты, білімді, мәдениетті мұғалімдер де жетерлік ...

Талша

Хатта жазылған ұсыныс өте орынды, өзі мектепте жұмыс жасамайтын азаматтар мұны қайдан түсінсін? Мұғалімге сауатсыз деп кінә таққандарға ренжімеңіздер әріптестер, олардың мұрнына мектептің атқарып жатқан жұмысының исі де бармайды, өйткені өзінің сауатсыз болғанына ұстаздарды кіналайтын, мезгілінен қолын кеш сермегендер ғой олар. Депутат та, ақын да, ғалым да, тіпті сол министрдің өзі де ұстаздан шықты емес пе? Көпке топырақ шашуға болмайды, егер мұғалімнің жалақысын көтерсе жақсы оқыған, білімді оқушылар педагог болуды таңдар еді, ал шекті деңгейден өтпей қалған, аз балл жинағандар емес. Мәселені сол жоғары жақта отырғандардың жекеменшік университтеттерінен бастау керек қой, жоғары оқу орындарындағы студенттердің жекеменшікте көпшілігі шекті деңгейден өтпеген оқушыларды қаюылдайды ол жасырын емес, одан қандай ұстаз шығады, қазірше бұрынғы ұстаздар бар білімді, тағы 10-15 жылдан кейін көресіздер сауатсыздықты, егер дәл осылай жалғаса берсе.

Баян

Ия ,Лаззат дурыс айтасыз мен де соны айткалы отыр едим биз латын алипбиине кошпеймиз ораламыз Жанар апайымыз мугалим болмаса да кози ашык саналы азамат шыгар ал сайттагы кателиктерге карап букил мугалим сауатсыз жеу де шоркактык авт турде кате кетам мумкин тырнак астынан кир издемейсиндер жапондарша премьер миннинг айлыгы мен президентке тан курмет устазга арналатын кун тусын Деп тилейик жаратканнан

динара

когамдык жумыстарга болек премия ретинде акша толенсе

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)