Өлең, жыр, ақындар

Бала неліктен сабақ оқуда жалқаулық танытады

Балалар ата-аналарының және мектепте берілген тапсырмаларды үнемі тиянақты етіп орындай бермейді. Кейде бос отырған балаңызға бір істі бірнеше рет ескерту арқылы әрең істетесіз. Мұндай енжарлыққа түсіністікпен қарау керек.

Жалқаулықтың себептері

Маңызды тапсырманы орындағысы келмеген балаға ұрса жөнелмей, оның не үшін бұлай істеп тұрғанын анықтап алған жөн.

• Жеке басының және мінезінің ерекшелігі. Кейбір балалар осы ерекшеліктеріне байланысты үнемі баяу әрі арманшыл болып келеді. Оларға ойларын тез жинақтап, шұғыл нәрселер істеу қиынға соғады.

• Қызығушылықтың жоғалуы. Мүмкін бала денсаулыңына байланысты бір тақырыпты өткізіп алған болар немесе жыл аяғына таман шаршап, оқуға деген ынтасы жоғалып кеткен шығар.

• Мұғаліміне ренжу. Мұғалімнің бүкіл сыныптың алдында балаға сабағына немесе тәртібіне қатысты ескерту айтуының өзі баланың ешнәрсе істемей қоюына жеткілікті.

Ата-анасы тарапынан қатты қысым көру. Үйдегілер оқушыдан тек үздік бағаларды күтеді. Бірақ ол қатты шаршап, ондай биіктен көріне алмай қалуы мүмкін. Бәлкім сол себепті иммунитеттің әлсіреу белгілері пайда болған шығар.

• Жоспарлай алмау. Бала көңілді нәрселерге (ойындар немесе теледидар) көбірек көңіл бөледі. Ал сабаққа күші де, уақыты да қалмайды.

Жалқаулықтан қалай құтылуға болады?

Тек тәжірибесі бар ата-ана ғана бұл мәселені шеше алады. Өйткені олар да мектепке, тіпті басқа оқу орындарына да барып, білім алған. Олар да талай рет бәріне қол сілтей салғысы келген.

1 - Егер баланың мінезі сондай болса, енжар балаға әсер етудің әдістері туралы психологтан кеңес алған жөн. Зейінді шоғырландыруды және төзімділікті арттыратын әртүрлі әдістемелер болады.

2 - Оқушының пән бойынша қиындықтарына көмектесу. Бағаны түзеу үшін мұғаліммен сөйлесіп, қосымша тапсырмалар алуға тура келуі мүмкін. Басқа балаларды қуып жету үшін бірнеше жеке сабақтар алуға да болады.

3 - Үй жағдайында мұғаліммен жанжалдасуға алып келген жағдайды талқылау керек. Мәселені шешудің амалын тауып, мұғаліммен немесе сынып жетекшісімен сөйлесу қажет. Екі тарапты да ренжітпейтіндей мәмілеге келу керек.

4 - Баланың денсаулығына назар аударған жөн. Қатты шаршау ауыр сырқатқа алып келуі мүмкін. «Төрттік» пен «үштік» үшін баланы ұрсудың қажеті жоқ. Бұл соншалықты нашар бағалар емес. Әйтпесе ата-аналары баланың бойында «үздік оқушы синдромын» қалыптастыруы мүмкін. Онда бала үнемі еңбегінің жоғары бағаланғанын күтіп, егер қалағанына қол жеткізе алмаса күйзеліске түсіп кетеді.

5 - Балаңыздың күнін қалай өткізгені, қандай қызықты нәрсе білгені туралы қызығушылық танытыңыз. Егер балаңыздың күнделігін аптасына бір рет немесе одан да аз тексеретін болсаңыз, балаңыздың жақсы оқуға деген талпынысы да болмайды.

6 - Балаңызға бірінші сыныптан бастап бос уақытын жоспарлауды үйретіңіз. Әуелі кестені бірге жасаңыз. Кейін ол соған дағдыланып, бәрін өзі атқара алатын болады. Есейе келе ешқандай жоспарлаусыз-ақ бос уақытын қалай пайдалануға болатынын көрсететін жауапкершілік сезімі артады.

Балаңыз қиналған сәтте еңсесін түсірмеу үшін оған үнемі қолдау көрсетіңіз. Ол мектептегі білімінің ата-анасы үшін де қызықты екенін білуі керек. Бұл тек бағаға ғана қатысты емес. Әке мен ана барлық қиын мәселені шеше алады, олардан қашан да кеңес сұрауға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Аида

Маған қатты ұнады мен жалқаулықты қандай жолмен жеңуді үйрендім

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар