Өлең, жыр, ақындар

Балаларға үй тапсырмасы керек пе?

Үй тапсырмасын беру – көптеген елдерде мектеп өмірінің қалыпты жағдайына айналғанымен, кейбір елдерде оның көп болуы балалардың оқуға деген ынтасын төмендетеді деп есептейді.

«Қазір көбірек күш салсаңдар, болашақта өздеріңе жеңіл болады» - бала кезімізде бәріміз осы сөзді естіп өстік. Ол ешбір ойшылдың қанатты сөзі болмаса да, ақиқаты үлкендер үшін айқын болғанымен, балалар үшін қиынның қиыны. 

Қай бала күні бойы сабақ оқығысы келеді? Мектепке барады, кейбіреулері мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Мектептен келіп тағы да оқулыққа шұқшияды. Осыдан келіп, балаларға үй тапсырмасын беру керек пе деген заңды сұрақ туындайды.  Бүкіл әлемде мектептегі білім баланың қабілетіне қарауға және еркін ойлылыққа көбірек бағыт алып барады. Бірақ жалпы, үй тапсырмасының болмауы тиімді ме?

Былтыр Украина мектептерінде үй тапсырмасын бермей оқыту тәжірибесін қолданып көрді. 2017 жылғы білім беру реформасының аясында 4 мектеп Білім министрлігінің сынамалы жоспарының қатысушылары болды. Бұл мектептердегі бірінші сынып оқушыларының үй тапсырмасынсыз оқып жүргендеріне бір жылдай болады. Екінші сыныптап бастап оларға үй тапсырмалары беріле бастайды. Бірақ оған 45 минуттан көп уақыт бөлінбейді.  Сәйкесінше, үшінші сыныпта – 1 сағат 10 минут, ал төртінші сыныпта- ең әрі кеткенде жарты сағат уақыт бөлінетін болады. Мұның украиндық бірінші сынып оқушыларына қаншалықты пайдалы боларын уақыт көрсетеді. Жалпы, мұндай тәжірибе әлемнің басқа елдерінің мектептерінде де қолданысқа енгенін атап өту керек.

Үй тапсырмасы жаһандық құбылыс болғанымен, көптеген елде мектеп өмірінің қалыпты бөлшегіне айналған. Швецияда үй тапсырмасын көп беру балалардың сабаққа деген ынтасын жоғалтады деп есептейді. Бұл елде үй тапсырмасы берілмейтін 13 мектеп ашылған.  Балалар сабақты өз қызығушылықтары үшін оқиды, ал сынып бөлмелері ойын бөлмелеріне ұқсайды. Мұндай мектептер кең тарағанымен, білім берудің мемлекеттік жүйесі оқу үрдісінің мұндай үлгісін қабылдауғаәлі де шешім қабылдаған жоқ.

Италиялық мектептерде де үй тапсырмасын беру тәжірибесі жоқ. Алайда, көптеген ұстаздар мен ата-аналар үй тапсырмасының керек екеніне сенімді. Олардың ойынша, балалар үй тапсырмасын орындау арқылы жауапкершіліктері артып, материалды жақсы меңгеретін болады.

Сонымен қатар Ата-аналар мен мұғалімдердің Ұлттық Қауымдастығы және Ұлттық білім беру қауымдастығы бірінші сынып оқушыларына үй тапсырмасын беру керек деп есептейді. Бірақ көлемі аз болу керек. Оларды бала 10 минутта орындай алуы керек. Әр оқу жылы сайын бұл норманы 10 минутқа арттырып отыру керек. 

Дюк Гарис Купер Университетінің профессорларының зерттеулері бойынша үй тапсырмасы тек жоғары сынып оқушыларына пайдалы. Орта сыныптарда оқу үлгеріміне оң әсер еткенімен, төменгі сыныптар үшін олай емес.

Міне, мысалдар арқылы бәрі жап-жақсы сияқты: білім алу жеке мотвацияға құрылған, сырттан ешқандай қысым болмайды, балалар жауапкершілікке үйренеді...Алайда тәжірибеде ата-аналар мен ұстаздар мұндай тәжірибелерге үрейлене қарайды. Өйткені олар балаларға жүктемені ертерек жүктемей қателік жіберіп алудан немесе керісінше – олардың білім алуына салғыр қараудан қатты қорқады. Сондықтан, үй тапсырмаларынан мүлдем бас тартудың немесе білім берудің әдеттегі әдістерін ұстанып қалудың орнына үй тапсырмаларын түрлі шығармашылық жобалармен түрлендіруге немесе білім берудің жаңа әдістерін пайдалануға болады.

Мысалы, АҚШ-та қазіргі уақытта «аударылған сынып» деген әдіс кеңінен аралған. Мұғалімдер балаларға үйде теориялық материалдарды өз беттерінше меңгеру үшін жаңа материалдармен бейнедәрістерді көруге тапсырма береді.  Сонымен қатар, олар сыныпқа келіп мұғалімнен сұрау үшін барлық сұрақтарды дәптерге жазып келулері қажет. Сыныптағы уақыт сұрақтарға жауап беріп және материалды тереңірек талқылауға кетеді. Ал мұғалімдер болса, осылайша, шәкірттерінің материалды түсінуде қай жерде қателескенін анықтап алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Бағила

Керек емес, бұрындары СССР - де атақты математик ұстаз болған, аты есімнен шығып тұр. Көптеген мықты математик ғалымдарды тәрбиелеп шыққан, сол мүлдем үйге тапсырма бермейді екен

Бейбіт қыз

Кейде керек кейде керек емес

Mira_Sembay

Өз балаларымнан аңғарғаным, кіші сыныпта (0-1 сынып) оқитындар үй тапсырмасына орындауда аса ыждаһаттылық таныта алмайды, ойларын шоғырландыра алмайды екен. Тез жалығып кетеді. Ал орта сыныпта оқитын балаларда үй тапсырмасы жауапкершілік қасиетін қалыптастыруға көмекеседі. Бірақ, қазіргі күніне 6-7 сабақтан үй тапсырмасын орындау қиын тиеді екен. Балалардың өздерінің жеке істерімен (кітап оқу, қолөнермен айналысу, спортқа бару) айналысуға уақыттары қалмай қалады. Өйткені қазіргі жүйе бойынша мұғалім тек бағыт береді, оқушы өзі іздену керек. Қыздарым үйге келіп интернеттен сабаққа қатысты түрлі мәліметтер іздеумен отырады. Басқа нәрселерге алаңдамаған күннің өзінде сабақтан кейінгі уақыттарының бәрі үй тапсырмасын орындаумен кетеді. 

 

Шынар

Оз басым уй тапсырмасы Берген дурыс кезинде неге бар бала шаршамады балалар емес Ата аналар жалкау оларга интернет ютип вадцап мен осек жаксы коринеды мен уй тапсырмасы берилгегин калайсын.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар