сайыс
ozgetil.kz

Тегін білім алуға мүмкіндік беретін шалғайдағы 6 мемлекет

Кейбір шет елдерге ұзақ уақытқа кетуге қашықтығы, ұшу ақысының бағасы, ол жақта тұрғын үй жалдау мен оқу ақысының қалта көтермейтіндігі кедергі болып жатады. Алайда кей мемлекеттердің үкіметі және жоғарғы оқу орындары сапалы білім алуға септігін тигізетін шәкіртақылар ұсына алады. Осы мақалаға сондай мүмкіндіктердің ең тиімділерін топтастырдық.

Аталмыш шәкіртақылар жыл сайын тағайындалады. Олардың кейбіріне 2018-2019 оқу жылдарына өтінім тастауға әлі де мүмкіндік бар. Өзгелерінде мұндай мүмкіндіктер болмайды. Келесі оқу жылының мерзімін дұрыс саралауыңыз үшін, біз өткен дедлайндарды көрсетуді жөн санадық.

Жапония

Токио университетінің шәкіртақысы

Токио университеті жыл сайын университет жанындағы «Graduate School of Science» («Ғылымның жоғары мектебі»)  магистрлік бағдарламаларының біріне оқуға тапсыратын студенттер үшін шәкіртақылар тағайындайды. Оған Жапонияда тұрмайтын шет ел азаматтары үміткер бола алады. Шәкіртақы толық оқу мерзіміне есептеліп тағайындалған, әрі ай сайын студентке 150000 иен (1300 АҚШ долларына жуық) төлем қарастырылған. Оқыту мерзімі кем дегенде бес жылға созылуы мүмкін. Яғни екі жылы магистратураны және үш жылы аспирантураны қамтиды.

Оқуға және шәкіртақы алуға өтінім бірге қабылданады. Қаржыланыруға жазған өтінімге Сіз тәмамдап жатқан университеттен жолдаған ұсынысхат, сонымен қатар магистрлік бағдарлама бойынша оқуға жазған өтініміңіздің көшірмесі тіркеледі. 2018 жылы қыркүйектен бастап оқитындар үшін құжаттарды қабылдау 1-ші мамырда аяқталып, оқу жылы сәуірде басталатындар үшін 31-ші қазанда тоқтатылады.

Қосымша мәлімет →

Әйелдер Университетінің Жапон ассоциясы бөлген гранттармен шәкіртақылар

Japanese Association of University Women (JAUW) (Әйелдер Университетінің Жапон ассоциясы) ұйымы PhD дәрежесін алғысы немесе постдокторлық зерттеулермен айналысқысы келетін студент әйелдерге шәкіртақы ұсынады. JAUW 1946 жылан бастап  әйелдердің білім алуына қолдау білдіріп келеді. Қазіргі таңда бұл ұйым оқу мерзімінің ұзақтығына байланысты 700 000-нан 1 000 000 иенге дейінгі көлемде  (~6 300 дан ~9 000 АҚШ долларына дейін)  грант бөледі.

Шәкіртақы алуға  өтінім университеке қабылданғаннан кейін беріледі. Студенттер оқу орнын өз бетінше іздеп, оқу бағдарламасын өзі таңдайды. 2019-2020 жылдары бөлінген шәкіртақы жайлы ақпарат 2018 жылдың қазан айында жарияланады.

Қосымша мәлімет →

Жапония үкіметінің бағарламалары

Жапония үкіметі жаратылыстану, гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласында білім алуды жоспарлаған болашақ бакалавр студенттеріне шәкіртақы тағайындайды. Бағдарлама аясында тіл үйрену дайындық курстарынан өтуге де мүмкіндік бар.

Қаржыландыруға Жапониямен дипломатиялық қатынас орнатқан кез-келген мемлекеттің азаматы үміткер бола алады.
Оқу бас-аяғы бес жылға (бір жыл дайындық және төрт жылдық бакалавриат) созылады.  Студенттің жеткен жетістіктеріне байланысты кей жағдайда шәкіртақының мерзімін магистратураға дейін ұзартылады. Үкімет жол мен оқу ақысын, сонымен қатар студенттің басқа да қажеттіліктері үшін айына 11700 иен (~1 000 АҚШ доллары) бөледі. Өтінім қабылдау мерзімі 25-ші мамырда өтті.

Осыған ұқсас шәкіртақы магистратура мен докторантура студенттері үшін де қарастырылған. Оқу бағдарламасына байланысты ай сайынғы төлем 143000 иенді (~1 300 АҚШ доллары) құрайды.  Екі бағдарлама үшін де жыл сайын өзгеріп отыратын жас бойынша шектеулердің барын ескере кету қажет.

Австралия

Монаш университетінің шәкіртақысы

Мельбрундағы бұл университет шет елдік бакалавр студенттерге тегін білім алуына зор мүмкіндіктер береді. Monash International Leadership Scholarship  (Халықаралық Монаш көшбасшылығы шәкіртақысы) шәкіртақысына үміткер болу үшін бағдарламаға шақырту алу керек, әрі басқа шәкіртақыларға үміткер болмауы ескеріледі. Нәтиже студенттің академиялық жетістіктеріне және әзірлеген мотивациялық хатына тікелей байланысты болады.

Оқу мерзімінің соңына дейін шәкіртақы алу үшін білім деңгейінің орташа көрсеткіші 70%- дан төмен болмауы тиіс, әрі студент университеттің маркетингтік іс-шараларына белсене қатысуы керек.

Қосымша мәлімет →

Мельбрун университетінің бағдарламалары

Бұл шәкіртақы PhD дәрежесін иемденгісі келетін студенттердің және магистрлердің оқу ақысын толығымен жабады. Сонымен қатар студентке 110 000 австралиялық доллар (~81 700  АҚШ доллары) төлем қарастырылған. Қаржыландыру конкурстық негізде тағайындалады. Университет студенттің өткен оқу кезеңдеріндегі оқу үлгерімін, біліктілігін, жариялаған ғылыми жұмыстарын толық ескереді.

Зерттеу салаларына шектеу қойылмайды. Өйткені шәкіртақығы жеке өтінім болмайды, барлық талапкерлерді үміткер ретінде қарастырады. Дедлайн сіз құжат тапсырған нақты бағдарламаға байланысты.

Қосымша мәлімет →

Сонымен қатар, шет елдің бакалавриаттар үшін Melbourne International Undergraduate Scholarship (Мельбурн халықаралық шәкірақысы) бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама студенттің оқу ақысы толық төлейді немесе 10 000 доллар (~7 400 АҚШ доллары) көлемінде жеңілдік алуға мүмкіндіктер береді. Мұнда да дедлайн бағдарламаға байланысты өтеді, және барлық түлектер автоматты түрде шәкіртақыға үміткер ретінде қарастырылады.

Қосымша мәлімет →

Австралия ұлттық университетінің шәкіртақысы

Халықаралық қатынастар Университеті магистрлік бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге Хедли Булла атындағы степения төлейді. Оқу ақысын толығымен жабатын бас-аяғы төрт шәкіртақы бөлінеді. Өтінімге мотивациялық хат пен бағдарлама бойынша оқуға қажетті құжаттар тіркеледі.

Қосымша мәлімет →

Канада

Негізінен Канадада шәкіртақы PhD  және бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерге тағайындалады. Сонымен қатар постдокторлық зерттеулерге бөлінетін шәкіртақылар кең таралған.

Banting Postdoctoral Fellowships бағдарламасы

Бұл бағдарлама жұмыстары мемлекет өміріне оң ықпалын тигізеді деп танылған зерттеушілер үшін тағайындалады. Өтінім беру үшін үміткер Canadian Institutes of Health Research, Natural Sciences and Engineering Research Council (Денсаулық сақтау, жаратылыстану ғылымдары және инженерлік зерттеу бойынша Канада институты) немесе Social Sciences and Humanities Research Council (Әлеуметтік ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар бойынша кеңес) зерттеу кеңестеріне кіретін бір институтпен келісу керек.

Екі жылбойы студент жыл сайын 70 000 канадалық доллардан (~53 500 АҚШ доллары) алып отырады. Өтінім қабылдау 19-шы қыркүйекте  аяқталады.

Қосымша мәлімет →

Vanier Canada Graduate Scholarships шәкіртақысы

Бұл шәкіртақы зерттеу кеңестері жанында жұмыс атқаратын зерттеушілер үшін қарастырылған. Қаржыландыру үш жыл бойы төленеді де, 50 000 канадалық долларды (~38 200 АҚШ доллары) құрайды. Үміткерлер 31–ші қазанға дейін таңдалады.

Қосымша мәлімет →

Онтарио үкіметінің бағдарламалары

Докторлық дәреже алуды көздеген студенттерге Онтарио үкіметі Ontario Trillium Scholarship (Онтарио Триллиум шәкіртақысы) бағдарламасын ұсынады. Қаржыландыруға кез-келген зерттеу саласы бойынша провинциядағы университеттердің біріне оқуға түскен студенттер үміткер бола алады. Үкімет төрт жыл бойы, жыл сайын 40 000 канадалық доллардан (~30 500 АҚШ доллары) төлеп отырады. Сіз шәкіртақыға өтінім бермейсіз, себебі үміткерлерді университтетің өзі таңдайды.

Қосымша мәлімет →

Фэрли Дикинсон университетінің шәкіртақысы

Университетегі Президенттік шәкіртақы студенттің оқу жарнасын толық төлейді. Бұл үшін үміткер жақсы академиялық үлгерімін көрсетуі, сонымен қатар 500-ге жуық сөзді қамтитын эссе жазуы тиіс. Өтінім қабылдау 15-ші қаңтарда аяқталады.

Қосымша мәлімет →

Торонто университетінің шәкіртақысы

Lester B. Pearson International Scholarship Program (Лестер Б.Пирсон Халықаралық шәкіртақысы бағдарламасы) студенттің тек оқу ақысын төлеп қана қоймай, оның басқа да шығындарына қаржы бөледі. Қыркүйек айының 20-сына дейін үміткер тәмәмдаған мектеп өтінім беруі керек. Шәкіртақыға ие болатын студентті жеткен жетістіктері мен мектеп өміріне қосқан үлесін негізге ала отырып таңдайды.

Қосымша мәлімет →

Жаңа Зеландия

Окленд университетінің бизнес-мектеп шәкіртақысы

2013-жылдан бастап бизнес-мектеп Management, International Business, Marketing and Professional Accounting  Degree (Менеджмент, Халықаралық бизнес және бухгалтерлік есеп) магистрлік бағдарламаларына шәкіртақы тағайындайды. Қаржыландыру мөлшері 30 000 жаңазеландиялық долларды (~20 500 АҚШ долларын) құрайды. Оқу жылы сәуір айында басталатындарға өтінім қабылдау 15-ші қаңтарда, ал  қыркүйек айында бастайтындарға өтінім қабылдау шілденің 1-інде аяқталды.

Қосымша мәлімет →

Жаңа Зеландия үкіметінің шәкіртақысы

PhD дәрежесі үшін New Zealand International Doctoral Research Scholarship (NZIDRS) (Жаңа Зеландияның жаңа ғылыми шәкіртақысы) шәкіртақысы бар. Қаржыландыру үш жылға созылады. Оқу ақысы мен студенттің тұрғын үй ақысын да қамтиды. Шәкіртақыға ие болу үшін үміткердің орташа бағасы 3,6 GPA немесе одан жоғары болуы тиіс, ал жоспарлы зерттеу жұмыстары Жаңа Зеландияның әлеуметті-экономикалық саласына оң ықпалын тигізуі керек. Өтінім берудің соңғы күні - 15 шілде. Шәкіртақы жыл сайын беріледі, алайда 2018 жылға өтінім қабылданбайды.

Қосымша мәлімет →

Окленд университетінің жазғы бағдарламалары

Окленд университеті қысқа мерзімді жазғы зерттеу жобаларына шәкіртақы тағайындайды. Бұндай тәжірибе студентке алдағы оқуына байланысты өз жоспарын анықтауына септігін тигізеді. Сіз өзіңіз қалаған сала бойынша қажетті жобаны таңдауға, университет ұстаздарымен бірлесе жұмыс жасауға, сонымен қатар 6000 жаңазеландиялық доллар  (~4 100 АҚШ доллары) шәкіртақы алуға мүмкіндігіңіз бар.

Қосымша мәлімет →

Окленд технологиялық университетінің шәкіртақысы

Университет PhD дәрежесіне үміткер студенттерді қаржыландырады. Оқу ақысын төлейді, әрі жыл сайын 25000 жаңазеландиялық доллар  (~17 100 АҚШ доллары) көлемінде шәкіртақысымен қамтамасыз етеді. Өтінімге түйіндеме, зерттеу ұсынысы және алдыңғы оқу орнынан берілген баға транскрипті тіркеледі. Өтінім қабылдауың соңғы күні — 15 қазан.

Қосымша мәлімет →

Ирландия

Ирландия көптеген шәкіртақы ұсынғанымен көбі оқу ақысын толық жаба алмайды. Шығындардың едәуір бөлігін төлей алатын тек екі нұсқаны атап өтсек болады.

Ирландия үкіметінің бағдарламасы

International Education Scholarship (Халықаралық білім шәкіртақысы) бағдарламасы барлық мамандықтарға және оқыту деңгейлеріне шәкіртақы тағайындайды. Оқу жарнасы мен бір жылдық тұрғын үй ақысына 10 000 евро бөледі. Келесі оқу жылына 60 шәкіртақы бөлінген.

Қосымша мәлімет →

Ирландия ұлттық университетінің бағдарламасы

PhD дәрежесіне үміткерлерге университетте Hardiman PhD Scholarships (Харидман PhD шәкіртақысы) бағдарламасы бар. Шәкіртақы оқу жарнасын толық төлейді, сонымен қатар жыл сайын 16 000 евро көлемінде төлем қарастырылған. Үміткерлерді академиялық және қоғамық жетістіктері негізінде қабылдайды.

Қосымша мәлімет→

Исландия

Исландияның оқу орындары шәкіртақыны аз бөледі, ал кейде тіпті мүлде тағайындамайды. Алайда кейбір елдердің азаматтары үшін мемлекеттің тілі мен мәдениетіне байланысты білім алуға мүмкіндіктер беріледі.

Исландия университетінің шәкіртақысы

Исландия үкіметі исланд тілін үйрету бағдарламалары үшін қаржы бөледі. Студенттер тіл білімінің бастапқы деңгейін білулері керек. Бағдарлама бойынша білім алудың бір жылын университет төлейді. Ай сайын студенттің қажеттілігіне қаржы бөліп отырады. Үміткерлер құжат тапсырарда түйіндемесін, екі дана ұсыныс хатты, транскрипттер мен тіл меңгеру сертификаттарын ұсынулары қажет. Құжат қабылдау желтоқсан айының біріне дейін жалғасады.

Қосымша мәлімет →


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)