Бүгін жауапкершілік туралы сөйлесейік. Жауапкершілік жетістікке жету жолындағы ең қажетті элементтердің бірі. Ол кез-келген өмірлік салада, кез-келген алға қойылған мақсатқа қол жеткізерде ауадай қажет.
«Егер нәтиже қажет болса — оған өзіңіз талпынып, қол жеткізіңіз. Өз өміріңізге жауапкершілікті алу — діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді»
Ал шын мәнінде көпшілік қауым қалай әрекет етеді? Жер бетіндегі адамдардың басым бөлігі белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайды? Мысал ретінде кеңінен таралған жағдайды қарастырып көрейік: Өндіріс. Басшы қоластындағыларға қандай да бір жұмысты тапсырды делік. Оны орандау кезінде бір келеңсіз жағдай орын алды. Мысалы, электриктер тоқ сымдарын ауыстыру үшін жұмыс объектісіне шықты. Жұмыс кезінде ескі сызбалар бойынша сымдарды тартуға болмайтыны анықталды. Егер ескі сызбамен жұмыс істесе, тоқ сымы екі метрдей жетпейді. Осы орайда екі нұсқаны қарастырамыз: біріншісі, жұмысшылар басшылыққа хабарласып, ары қарай не істейтінін сұрайды. Екінші нұсқада да хабарласады, бірақ, жетпей қалған екі метрдің ақшасын қайтаруды немесе мәселені шешудің басқа жолдарын қарастыруды ұсынады. Екі нұсқаның айырмашылығын байқаған шығарсыз? Бірінші нұсқада жұмысшылардың әркеті өздерінен жауапкершілікті бірден алып тастауға бағытталған. Ал екіншісінде, толық болмаса да, мәселені шешу үшін жұмысшылар өздеріне жауапершіліктің бір бөлігін алып тұр. Иә, бірінші нұсқадағы адамдардың көңілі жәй, себебі жауапкершілік оларда емес. Бірақ, ештеңе ұтпайды да. Бұдан олар қандай өмірлік тәжірибе ала алады? Жауабы анық — ЕШҚАНДАЙ. Ал өмір даму барысында бір орында тұрмайтынын ескерсек, бұндай адамдар өзінің даму жолында кері бағытта қозғалады, яғни деградацияға ұшырайды. Міне, «біз неге жаман өмір сүреміз?» деген сұрақтың жауады осы жерде.
Тағы бір маңызды қыры: жауапкершіліктен қашатын адамдар, осы қылығымен басқаларға жеке басының дамуында жоғары сатыларға көтерілуіне мүмкіндік береді. Яғни олардан кері қалады.
Жоғарыда көрсетілген мысал жауапкершілігі бар адамдар мен жауапкершіліктен бұлтаратындардың арасындағы айқын айырмашылықты аңғартады. Шын мәнісінде жауапкершілік түсінігінің тамыры тым тереңде жатыр. Мәселен, келісім-шартқа қол қою үшін сату бөлімінің менеджері кездесуге бара жатыр дерлік. Жолда кептеліске тап болып, кездесу кейінге шегерілді. Әрине, бұл жағдайда кездесу өтпегені үшін кептелісті кінәлайды. Сараптап көрейікші: адамдар өзіне тәуелді болмайтын жағдайларға кінә артады. Яғни кейінге қалдырылған кездесу үшін жауапкершілікті өзінен алып тастап, жағдайларға сілтейді. Ал егер ол кептелістін болуы мүмкін екенін ойласа, ертерек жолға шығар еді. Міне осындай қызметкерлер «жауапкершілігі жоқ» деген сипатқа ие болады.
Орыстың атақты инженер-конструкторы, практикалық космонавтиканың негізін қалаушы С.П. Королёв былай деген екен:
«Істегісі келетін адам — мүмкіндік, ал істегісі келмейтін — сылтау іздейді».
Жағымсыз жағдайларды сылтау етіп арызданатын адамдар жиі кездеседі, сол мәселелерді шешетін шынайы нұсқаларды ұсынғанда, нұсқаларды жарамсыз ететін сылтау ойлап табады. Қысқаша айтқанда ештеңесін құрбан етпей мақсаттарына қол жеткізгісі келеді. Ал ол мүмкін емес. Кез-келген мақсатқа қол жеткізу үшін, белгілі бір көлемде құрбандыққа баруың керек (мәселе тек ақшада емес). Ал егер сылтау табылып жатса, демек жауапкершілік өзгеге жүктелді: жағдай немесе айналасындағыларға, бірақ өзіне емес. Ондай адамдар кеңес алу үшін келгендей болады, бірақ негізінде олар аяныш күтеді, жауапкершілігін сылтауға артқысы келеді. Мынадай жағдайлар да кезесіп жатады: кей адамдар мәселені шешу барысында о бастан-ақ өзінен емес, өзгелерге байланысты шешілетін жолдарын қарастыру күйіне түсіп алады.
Мәселе шынында өзгеден болса «Мен жауапкершілікті өз мойныма қалай аламын? Басқалардың қателігі үшін жауап беруім керек пе?» — деген сұрақтар туындап жатады. Әрине жоқ, жай ғана өзіңдегі жауапкершілік сезіміңді ояту керек, бар болғаны сол. Жүрегіңдегі жауапкершілікті сезін. Жауапкершілікті тек өзің үшін ғана емес, жақындарың, әріптестерің үшін де алуға болады. Егер жауапкершілік сезімі шынайы болса, ол тіпті жаһандық мәселелер болса да, оны шешуге жол табылатыны анық. Архимед ваннада шомылып жатып не үшін "Эврика" деп айғай салды? Көлемді өлшеуді ойлап табудан бұрын ол талай рет ваннаға түскен жоқ па? Бәрі де оңай. Оған бұл тапсырманы патшаның өзі бергендіктент Архимед бұл тапсырманы орындауға бар жауапкершілікпен кіріскен. Сонымен қатар, оның ғалым ретіндегі беделі сынға алынатынын білді. Міне осы жауапкершілік сезімі оның мәселенің дұрыс шешімін тауып, зейінін дұрыс бағалай алуы үшін түпкі санасын қолданысқа қосты.
1. Жауапкершіліктің болмауы өмірдің барлық салаларында құлдырауға алып келеді:
- Жауапкершілік сезімінің болмауы — адамдардың басым бөлігінің жетістікке жетпеуінің және жете алмайтындығының ең маңызды себептерінің бірі;
2. Жауапкершіліксіздіктің белгілері:
- қиындыққа арыздана беру;
- бейқарекеттің себебін іздеу, ақталу;
- айналасындағыларды немесе жағдайды кінәлау;
- өзгенің аяушылығын күту;
- өзін құрбан етіп көрсету;
- мәселелердің шешімі өзіне байланысты болған жолдардан қашқақтау;
- мақсатына жету жолында қандай да бір құрбандыққа (қадам, іс, әрекет) баруды қаламау;
3. Мәселелердің шешімін табу үшін міндетті түрде өзіңдегі жауапкершілік сезіміңді ояту керек;
4. Жауапкершілік белгілі бір құрбандық (қадам, іс, әрекет) жасауға дайын болуды білдіреді;
5. Жауапкершілік сезімі мәселені шешуге көмектесетін, кез-келген ақпаратқа зейініңді бағыттап, бағдар беретін түпі сананы қолданысқа қосады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі