Бала тәрбиесіне қатысты кейбір кеңестер

Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың  жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Баладан жақсы қасиеттер, жақсы әрекеттер көрген кезде, оны мақтау керек, марапаттау керек. Кейде адамдардың арасында мақтау керек. «Менің ұлым сөйтті» деген секілді сөздермен жақсылыққа ынталандыру керек. Өрескел іс-әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше рет көрмегендей сыңай таныту керек. «Олай істеме!» демеу керек, жазғырмау керек. Жиі жиі жазғырылатын бала батылданып жасырын істеп жүргендерін де ашықша істей бастайды. Істеген жаман істерінің зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру, ескерту керек.

Тәрбиеде ұруға болмайды

1- Баланы ұру мінез-хұлқының бұзылуына, ашуланшақ болуына себеп болады.

2- Таяқ жеп өскен бала жұмсақ мінезді болмайды.

3- Таяқ жеу балада әке-шешесіне қарсы ашу-ызаға жол ашады. Бала өзінің істегенін жаман нәрсе деп ойламайды, өзін кінәлі деп сезінбейді, керісінше өзін ұрған адамды кінәлі деп көреді.

4- Таяқ жеп өскен бала ашуланған кезінде ол да күш қолдануға кірісетін болады, басқаларды ұрады. Осылайша таяқ жеуі қызбалыққа себеп болады.

Баланы тәрбиелеу үшін ұру дұрыс емес. Тек қателік істейтін болса, жазалануы мүмкін екендігін сезіндіру керек.

Тәрбиеде «былай істе, мұны істеме» деудің орнына жүріс-тұрысымызбен балаға үлгі болуымыз керек. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді.

Әкесі темекі шегетін, құмар ойнайтын болса, баласына «бұларды істеме!» деп айтуы оншалықты әсерлі болмайды. Өйткені бала «бұлар жаман болса, әкем жасамайтын еді» дейді. Жақсы нәрселер жасалынса балаға үлгі болады. Балаға жақсылық жасаудың пайдасын түсіндіру керек. Осылайша бала өзімшіл (эгоист) болудан құтылады. Өзімшіл болып өскен балалар қоғамға үйлесуі қиынға соғады.

Бала тәрбиесіне қатысты кейбір кеңестер

— Балаға дерт, қиындықтарымызды айтпау керек, қуанышымызды айтуға болады.

— Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрысып жатса, басқасы оны жақтамау керек.

— Оның қасында үнемі күлімдеген, жылы жүзді болуға тырысу керек. Көңіліміз жабырқаңқы болуы, балаға тез әсер етеді.

— Оны өзге адамдардың алдында ұрыспау, жазғырмау керек.

— Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп жөндеуге тырысуы — өмірде жетістікке жетуіне себеп болады.

— Баланы өтірікшілікпен кінәламау керек.

— Бауырларының арасында бөлмеу керек.

— Тәкаппарлықтың жаман қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.

— Баланың қателіктері болады. Дереу жазаландырмау керек. Қателігін, зиянын айтып түсіндіру керек.

«Сен адам болмайсың», «Сенен қойшы да шықпас» деген секілді айыптаулардан ұзақ болу керек. Бұлар баланың өзіне деген сенімділігін азайтып, адами қасиетін жоғалтады, ынжық болуына себеп болады.

— Бала үлкендерден көргенін істейді. Сондықтан оларға жақсы үлгі болу керек.

— Бала сүйікті болуға, ойнауға, сөйлесуге мұқтаж болады. Бала өзіне суық, қатал және қатты сөйлеген үлкендерді өзін жақсы көрмейді деп ойлап дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан олармен мейірімді, күлімдеген жүзді, жылы сөзді мәміледе болу керек.

— Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады.

— Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.

— Балаға шамасы келмейтін жұмыс тапсырмау керек. Кері жағдайда қолынан келетін нәрселерді де істемейтін болады.

— Ұлы кісілердің өмірбаянын, ғибратты оқиғаларын айтудың бала санасының жетілуіне және бұдан үлгі, өнеге алуында да маңызы зор. Баланың түсінетіндей және тәрбиелік мәнді болғандарын таңдап айтып беру керек.

— Орындай алмайтын нәрселерді айтып уәде бермеу керек. Бұлар айта береді, бірақ орындамайды дегізбеу керек.

— Сыр, құпияларды балаға естіртпеу керек.

— Балаға неғұрлым сабырлықпен, түсіністікпен қарайтын болсақ, соғұрлым болымды нәтиже аламыз.

— Сөздеріне мән берілмейтін немесе үнемі сынға алынатын бала — тұйық, өзіне сенімсіз және қызба мінезді болады.

— Баланың жанында басқаларды жамандамау керек.

— Баланы күш қолданып, ұрып жөнге салуға тырысқан ата-ана, баланың қызба мінезді, мейірімсіз, жауыз болып өсуіне және өз қиыншылықтарын күштеп шешуге тырысуына себеп болады.

— Балаға айтылатын сөздің өзінен бұрын оның қашан және қалай айтылуы маңызды.

— Жақсы істері мен сөздерін мақтап, марапаттау керек, ал жамандықтарының зиянын жұмсақ тілмен түсіндіру керек.

— Сын айту дұрыс болмағанындай асыра мақтау да дұрыс емес. Тым қатты жақсы көру және мақтау — баланы еркелетіп жібереді.

— Баланы кіналау, лақаб ат қою, мазақ қылу, қорқыту дұрыс емес. Бар! Кел! деген секілді бұйрық сөздердің орнына барасың ба? келесің ба? деген сөздерді қолдану абзал.

— Бала әдепті сөйлеу керек. «Өтініш, рахмет, кешіріңіз» деген секілді сөздер қолдануын үйрету керек.

— Қателескен кезіміз болғанда қатемізді мойындап, кешірім сұраумыз, баланың да қатесі болғанда кешірім сұрауды үйренуіне жол ашады.

Оқуға кеңес береміз (төмендегі сілтемелерді басып оқуыңызға болады):

Жанұядағы тәрбие

Бала тәрбиесіндегі негізгі факторлар

Бала тәрбиесі бесіктен

Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік

Баланы тәрбиелеудің 4 кезеңі

Жанжалсыз жанұя

Патша баласының еркелігі

Отбасылық құндылықтарымыз

Ғибрат – Бала тілімен

Рухани мықты балаларды тәрбиелеуге арналған 8 ойын

Тым балажандық

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Ертегі айту

Баланы кітапқа баулу


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Балкерім

Керекті де пайдалы кеңестер

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)