Өлең, жыр, ақындар

Феминизм

Феминизм — әйелдің қадірленбеуі, адам орнына қойылмауы салдарында ХVІІІ ғасырда Еуропада туындаған қозғалыс. Француз төңкерісінің әсерінен феминистік пікірлер Англияға да өтіп, одан кейін АҚШ пен бүкіл Еуропаға тарады. Бастапқыда орынды себептермен құрылғанымен кейіннен асыра сілтеушілік көбейді. Қазіргі таңда бұл ағым шектен шыққандығы соншалық арсыздықты дәріптеу, еркекке дұшпандық, еркекті төмендету, үй ханымы болудан жиіркену, ана болудан безу, некелесуді қаламау секілді қылықтарымен адам табиғатына толықтай қайшы жағдайға келді. Феминизм арқылы әйелдерге шартсыз, немқұрайлы еркіндік түсінігі енгізілді, өміріңді қалағаныңша түрлендір деген ой салынды. Бұл алдамшы пікір қоғамның негізі болып табылатын отбасы құрылымының жойылуына себеп болды. Отбасылық жауапкершілік адам көтере алмайтындай ауыр жүк, ал отбасылық өмірге қадам басу қапасқа кірген тұтқындай көрсетілді. Ал бұның салдары некесіз қарым-қатынастарға алып келді. Осылайша «әйел теңдігі» деген ұранға жасырынған феминизм қозғалысы арқылы «отбасы құрылымы» бұзылды. Батыста қазір отбасы ұғымы мейлінше әлсіреді, бала туылуы азайды. Еркіндік деген ұранмен әртүрлі арсыз қылықтар, азғындықтар қалыптыдай жарнамаланып келеді.

Феминизмнің таралуы капиталистік жүйеге ақша айналымын арттыру үшін таптырмас олжа болды. Өйткені әйелдер жаратуды жақсы көреді. Отбасы жауапкершілігі жоқ, басымен жұмысқа, көшеге батқан әйел адам киіну, сәндену, бояну, пластикалық хирургия секілді қажеттіліктерге асыра қаражат жұмсайтын болады. Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша феминизмді «косметика» салалары және «халықаралық қорлар» қаржыландырады.

Пластикалық хирургияны, сәндену, боянуды ер адамға ұсыну, сату қиын.

Батыстың киноларында да жұмыс істеп, сыртта жүретін әйелдер дәріптеліп, бала қарап үйде отыратын әйелдер төмендетіліп көрсетіледі. Үйленуді масқарадай, қауіпті тірліктей етіп көрсетеді. Әр кинода кем дегенде бір рет бір жыныстылардың жұбы дәріптеледі. Батыста феминизмді қолдау заманауи адамның өлшемі секілді бояу алды. Тіпті мемлекеттік деңгейде заманауи көріну үшін феминизмді қолдау модаға айналуда.

Сауда орталықтарында әйелдерін күткен ер адамдар. Әйел адам саудаға бейім, жарнамаға сенгіш болады.

Феминизмнің бет пердесі

Феминизмдегі әртүрлі ұрандар нәпіске ұнамды келеді. «мен, мен, мен...», «мен әйелмін, маған еркектің қажеті жоқ...», «мен жеке дара тұлғамын, маған ешкім араласпайды». Мұндай ұстанымдар қай адамға ұнамайды?! Ешкім маған араласпайды деп, өздері дінге, әдет-ғұрыпқа да, бәріне араласып, тек жеке өздеріне құрмет күтіп, басқаларға құрмет көрсетуді назардан тыс қалдыруда.       

Феминиздегі «еркіндік» ұраны өзімшілдіктің азығы. Еркіндік, бірақ қандай еркіндік? Үй, отбасы әйелге қапастай көрсетіліп, жұбайы мен бала-шағасына қызмет құлдықтай көрсетілетін еркіндік пе?! Бұл еркіндік емес, ананы баладан, ерді зайыбынан ажырататын арандатушы тұзақ.

Феминизмде әйелдердің құқықтары туралы көп айтылады, бірақ жауапкершілік туралы сөз қозғалмайды. Әйелдің жауапкершілігі туралы айтылуын құп көрмеумен қоса, еркектің жауапкершілігі артығымен баяндалады.

Феминизм — қоғамдағы және отбасындағы бүкіл келеңсіздіктерден еркекті жауапкер тұтады. Әйел дербес құқықты, әйелдікі қашанда дұрыс.

Феминизм — әйел теңдігі деген пікірмен басталды, бірақ келген жері еркекке дұшпандық болды. Еркектерді төмендету арқылы жоғарылау басты мақсатқа айналғандай. Ал еркегі төмен, қауһарсыз қоғамның алысқа бармайтыны айдан анық.

Батыста феминизмнің қарқыны үдеген сайын некелесу азайып, ажырасу көбейді. Бала туылу көрсеткіші едәуір төмендеді.  

Қорыта келгенде феминизмнің әйелге бақыт әкелмейтіндігі батыстың тәжірибесінен мәлім. Тәжірибеден өтіп, сәтсіз шыққан әртүрлі “изм”-дердің соңынан еру ақылды адамның ісі емес. Сондықтан отбасылық өмірдің, қоғамның тыныштығы үшін дәстүрлі отбасылық құндылықтарға бекем болу қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Арман

Пластикалық хирургияны, сәндену, боянуды ер адамға ұсыну, сату үшін оларды модаға айналдыру керек, ер адамдарды қызтеке жасау керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз